С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет24/109
Дата27.10.2022
өлшемі2.3 Mb.
#463463
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109
aiajanov-kompiuterlik-jeliler

 
 
 
 
 
 


55 
ТӚРТІНШІ ТАҚЫРЫП. 
TCP/IP СТЕГІ. 
Дәрістің мән-мәтіні 
Мақсаты: TCP/IP хаттамаларының стегін оқып-ҥйрену, IP-мекен-жайы 
жҥйесін меңгеру. 
Дәріс жоспары: 
1. TCP/IP хаттамаларының стегі. 
2. IP-мекен-жайы.
3. IP- мекен-жайын тіркеу. 
4. IP- мекен-жайының сыныптары. 
5. Тіркелмейтін IP- мекен-жайлары. 
6. Ерекшеленген IP- мекен-жайлары. 
Негізгі тҥсініктер: TCP/IP хаттамаларының стегі, IP – мекен-жайы, IP – 
мекен-жайларын тіркеу, IP – мекен-жайларының сыныптары, тіркелмейтін IP –
мекен-жайлары, ерекшеленген IP – мекен-жайлар. 
 
Тақырыптың мазмҧны. ТСР/ІР хаттамасы бойынша ӛзара әрекеттесетін 
барлық тҥйіндерге және желілік компонентерге бірегей ІР – мекен-жай керек. 
Әдетте ТСР/ІР желісі алдын ала анықталған кӛлемдегі ҥш негізгі сыныпқа 
бӛлінеді. Жҥйелік администраторлар ҥлкен желіні ІР – мекен-жайлы ішкі желі 
маскасымен екі бӛлікке бӛліп, бірнеше кіші ішкі желілерге бӛле алады. Бӛліктің 
біреуі компьютерді (тҥйінді) сәйкестендіреді (идентификациялайды), басқа 
бӛлігі – оған қатысты желіні сәйкестендіреді. ТСР/ІР әрбір тҥйіні логикалық ІР 
– мекен-жаймен сәйкестендіріледі. 
ІР – мекен-жай – бҧл арналық деңгей мекен-жайына бағынышты емес 
желілік денгейдің мекен-жайы, мысалы, МАС-тан желілік интерфейстің тақша 
мекен-жайлары. ІР – мекен-жай бҧл ТСР/ІР желісінде (компьютер немесе 
басқа қҧрылғы, мысалы принтер немесе маршруттаушы) тҥйінді бірегей 
сәйкестендіретін 32-разрядты сан әдетте ІР – мекен-жайлар ондық форматта 
беріледі – нҥктелермен бӛлінген тӛрт сан, мысалы, 192.168.123.132. 
Ішкі желі жиынынан тҧратын ТСР/ІР негізіндегі ауқымды желінің тиімді 
жҧмысын қамтамасыз ету ҥшін желі арасында деректер пакетін беретін 
маршруттаушыларға ақпарат пакеті арналған тҥйіннің нақты мекен-жайын білу 
міндетті емес. 
Маршруттаушылар тҥйіннің нақты желіге жататыны туралы ғана біледі 
және соңғы тҥйін желісіне пакет жіберу маршрутын қҧру ҥшін ӛзінің 
маршруттау кестесінен ақпаратты қолданады. Соңғы желіге жіберілуден кейін, 
пакет сәйкес тҥйінге жіберіледі. Сондықтан ІР – мекен-жай екі бӛліктен тҧрады: 
желі сәйкестендіргіші мен тҥйін сәйкестендіргіші. 
Желі сәйкестендіргіші бір желіде орналасқан ТСР/ІР тҥйіндерді бірегей 
анықтайды.


56 
- Бір желінің барлық тҥйіндері бір-бірімен ӛзара әрекеттесуі ҥшін желінің 
бірдей сәйкестендіргіші ӛзіңіздің жҧмыс компьютеріңіздің IP – мекен-жайы 
қатарына ие болу керек. Егер маршруттаушылар 17-суретте кӛрсетілгендей етіп 
желіні байланыстырса, желінің бірегей сәйкестендіргіші әрбір АЕЖ-
байланысқа керек: 
- 1 мен 2 желілері – маршрутталатын; 
- 3 желі – маршруттаушылар арасындағы ГВС-байланыстар; 
- 3 желіге желі сәйкестендіргіші керек, ӛйткені екі маршруттаушы 
арасында тҥйіндерге бірегей сәйкестендіргіштерді меншіктеуге болады. 
17-сурет – Желіні байланыстыратын маршруттаушылар 
Түйін сәйкестендіргіші тҥйінді желі ішінде анықтайды. Желі 
сәйкестендіргіштермен 
анықталатын 
желіде 
тҥйіндердің 
барлық 
сәйкестендіргіштері бірегей болу керек. IP – мекен-жай, кӛшелік мекен-жай 
қаладағы ҥйдің орналасуын анықтайтындай, желідегі жҥйенің орналасуын 
кӛрсетеді (18-сурет). 
18-сурет – ТСР/ІР хаттамасы бойынша ӛзара әрекеттесетін тҥйіндер мен желілік 
компоненттер 


57 
Ондық-нүктелік нотация IP мекен-жайға сілтеменің екі тҥрі бар – 
нҥктелермен ажыратылатын екілік және ондық сілтемелер. Әдетте, 19-суретте 
кӛрініп тҧрғандай, әр ІР мекен-жайы 32 битке тең болады; мекен-жайдың ӛзі 
тӛрт 8-разрядты секциялардан тҧрады. Мысалы, IP-мекен-жай 192.168.123.132 
мекен-жай 
екілік 
тҥрде 
мынадай 
тҥрде 
болады: 
11000000.l0101000.01111011.10000100. Нҥктелермен ажыратылған ондық 
жҥйедегі сандық есептеулер-екілік кӛріністен ондық кӛрініске кӛшірілген – 
октеттер. Октеттер 0-ден 255-ке дейінгі ондық сандар болып табылады. ІР 
мекен-жайдың 32 битін желі мен тҥйіннің сәйкестендіргіштеріне бӛлу тәртібі 
19-суретте кӛрсетілген.
19-сурет – IP-мекен-жайды қҧру тәртібі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет