С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет59/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
Зерттеу объектілері:
 үрме бұршақ өскіндері. 
Қысқаша түсініктеме.
Гетероауксин шөптесін (əсіресе үрме 
бұршақтың) жəне ағаш өсімдіктердің қалемшелерінің тамырлан-
уына қолайлы əсер етеді. Осыған байланысты ауыл шаруашылы-
ғында гетероауксинді тамырлануы қиынға соғатын өсімдіктерді 
көбейту мақсатында кеңінен қолданылады. 
Əдістеме. Ұзындығы 12-15 см 10 күндік, дамуы жағынан бір-
дей төрт үрме бұршақ өскінін таңдап алады. Өскіндер сабақтарының 
ұштарын су астында 1 см қысқартады. Бақылау варианты ретінде 
екі өскінді краннан аққан ағынды су құйылған стаканға салып 
бөлме температурасында 20
о
С, жарық түсетін жерге тамырлан-
ғанша қалдырады. Ал екі өскінді (тəжірибе варианты) осындай 
жағдайда 0,01% гетероауксин құйылған стаканға салып 3 сағатқа 
қалдырады.
Өңдеу уақыты өткеннен кейін өскіндерді гетероауксиннен 
шығарып, сабақ ұштарын ағынды су астында шайқайды. Осыдан 


89 
кейін өскіндерді тереңдігі 4-5 см су құйылған стаканға салып
бөлме температурасында, жарық түсетін жерге тамырланғанша 
қалдырады. Тəжірибе соңында бақылау жəне тəжірибе вариант-
тарында қалемшелердің тамырлану дəрежесін анықтайды. Гете-
роауксиннің қалемшелердің тамырлануына тигізетін əсері бойын-
ша қорытынды жасайды. Алынған нəтижелерді 36-кестеге тол-
тырады.
36-кесте
 
Қалемшелердің тамырлануына гетероауксиннің тигізетін əсері 
Вариант 
Пайда болған 
тамыр саны 
Гетероауксиннің қалемшелердің 
тамырлануына тигізетін əсері, % 
Ағынды су 
0,01 % гетероауксин
 
Қажетті құралдар мен заттар: 0,01% гетероауксин ерітіндісі, 200 мл 
стакандар, қайшы.
37-жұмыс. Морфологиялық белгілердің ярустық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет