88
Əр табақшаға 5 тұқым салып, қақпақтарын жауып, бір аптаға
температурасы 20-25
о
С, қараңғы термостатқа қояды. Өсіру мер-
зімінен кейін тамырлардың ұзындықтарын өлшеп, мəліметтерді
35-кестеге ендіреді. Тиісті қорытындылар жасалады.
35-кесте
Тамырдың өсуіне гетероауксиннің тигізетін əсері
Вариант
Тамырлардың ұзындығы / өсімдік
су
0,01 % гетероауксин
0,001% гетероауксин
0,0001 % гетероауксин
0,00001 % гетероауксин
Қажетті құралдар мен заттар: гетероауксиннің 0,01% ерітіндісі, Петри
табақшасы, 1 мл тамызғыштар, 10 мл цилиндр немесе пробиркалар, сорғыш қағаз.
36-жұмыс. Үрме бұршақ қалемшелерінің
тамырлануына гетероауксиннің тигізетін əсері
Зерттеу мақсаты:
үрме бұршақ қалемшелерінің тамырлан-
уына гетероауксиннің тигізетін əсерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: