45-жұмыс. Өсімдіктердің өніп-өсу белсенділігіне ауыр
металдардың тигізетін əсері
Зерттеу мақсаты
: мəденилендірілген жəне жабайы астық
тұқымдас өсімдіктердің өніп-өсу белсенділіктеріне ауыр метал-
дардың тигізетін əсерін зерттеу.
Зерттеу объектілері: мəденилендірілген астық тұқымдастар-
дан: жүгері (Zea mays), сұлы (Avena), асбұршақ (Pisum saticum),
арпа (Hordeum), бидай (Wheat) немесе жабайы астық тұқымдас-
тардан ярутка (Thlaspi arvense), жатаған бидайық (Agropiron Repens),
ақ суоты (Agrostis alba), т.б. өсімдіктерді қолдануға болады.
Əдістеме. Алдын ала залалсыздандырылған дəндерді 6 күн Д
Н
2
О-да өндіріп, 7-күні өнген дəндерді əртүрлі қоректік орталарға
(Кноп,
Хоагланд,
Прянишников)
отырғызады.
Қоректік
орталардың құрамдары 16, 17, 20-кестелерде берілген. Өсірудің 15-
күні тəжірибе варианттарына түрлі ауыр металдардың (мырыш,
қорғасын, мыс, кадмий, т.б.) тиісті концентрациялары қосылды.
Дəндерді 21 тəулік өсіреді. Өсімдіктер күндіз t-22
о
С, түнде 18
о
С
болатын, ауа ылғалдылығы 60-65%, жарық интенсивтілігі 5 мың
люкс, 16 сағаттық фотопериодтық факторостат камерасында
өсіріледі.
Өсімдіктердің өсуі мен биомассасының жинақталу белсенділік-
терін олардың биометриялық өлшем бірліктерімен сипаттап, 42,
43-кестелерді толтырады. Алынған мəліметтер бойынша тиісті
қорытындылар мен тұжырымдар жасайды.
Тəжірибе нəтижесінде алынған мəліметтерді Н.Л. Удольская-
ның (1976 ж.), Г.Ф. Лакиннің (1990 ж.) əдістемелері бойынша ста-
тистикалық өңдеуден өткізеді.
42-кесте
Өсімдіктің өсу белсенділігіне ауыр металдың тигізетін əсері
Варианттар
Ұзындық, см
сабақ / өсімдік
тамыр / өсімдік
Бақылау
Тəжірибе
105
43-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |