99
белгілі бір өсімдік сортының төзімділік дəрежесін сипаттауға
болады.
Əдістеме. Өсімдік тұқымдарын
алдын ала Петри табақша-
сында температурасы 25
о
С, қараңғы термостатқа 3 тəулікке өн-
діруге қояды.
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау үшін 2-
3 күндік өскіндерді эксикаторда кептіреді. Ол үшін өскіндерді
төменгі бөлігіне глицерин ерітіндісі (100 мл су +37 мл глицерин)
құйылған эксикаторда 24 сағат 16-17
о
С (немесе тұз қышқылының
ерітіндісі (8 г тұз +100 мл су) құйылған эксикаторда 24 сағат 20-
21
о
С) ұстайды. Тəжірибені қараңғыда жүргізеді.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін анықтау үшін өскіндерді
температурасы 37
о
С 1 сағат ұстайды.
Осыдан кейін өскіндердің тамырларының
ұштарынан ұстара-
мен ұзындығы 2-3 мм кесінділер алады, оларды Люголь (калий
йодидіндегі 1% йод ерітіндісі) ерітіндісімен 30 секунд бояйды.
Бақылау варианты ретінде жоғарыда айтылған өңдеулер (қыздыру,
сусыздандыру) жүргізілмеген өскіндер қолданылады.
Бояудан кейін тамыр кесінділерін микроскопта қарайды. Өсім-
дік
неғұлым төзімді болса, клеткаларда крахмалдың гидролизі
соғұрлым төмен болады.
Нəтижелерді бағалау балл жүйесі немесе пайыздық көрсеткіш
арқылы жүргізіледі (бақылау вариантымен салыстырмалы түрде).
Үлгілерді төзімділігіне қарай үш топқа бөледі:
төзімділігі
жоғары – крахмалдың гидролизденуі 35%-ға дейін, төзімділігі
орташа – крахмалдың гидролизденуі 36-50%, төзімсіз түрлер –
крахмалдың гидролизденуі 50%-дан жоғары.
Алынған нəтижелер бойынша тиісті қорытындылар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: