Ауызша тіл сендіруші, рухтандырушы, көңіл көтеруші, шақырушы жəне ақпараттық бола алады.
Ақпараттық тіл адамдарға жаңа мəліметтер таратады, қызығушылығын оятады, алдын таныс бір н əрсе туралы жаңа көрініс береді. Ол жеке əуестігін, артықшылығын жоққа шығара отырып,
объективтілігімен, алдын ала пішілмегендігімен, саяси бейтараптылығымен ерекшеленеді.
Одан басқа, олардың практикалық сҧраныстарына жауап беретін ақпараттық тіл адамдардың жаңа, қызықты, өзекті мəселелерге қызығушылығын қанағаттандыруға есептелген.
Сендіретін тіл, ақпараттықтан айырмашылығы, біржақты, эмоционалды, мазмҧны бойынша айтушыға тəуелді, бірақ сол уақытта ҧқыпты, қатаң қисынды дəлелді , дəлелдеуге бағытталған немесе, керісінше, қандай да бір жағдайды, көзқарасты əшкерелеуге, позицияны бекітуге немесе қайтаруға бағытталған. Практикада сендіретін тіл əдетте ғылыми насихаттауға немесе саяси ҥгіттеуге қызмет етеді.
Жігерлендіретін тіл – үгіттеу тілі түрлерінің бірі,сендіруден басқа айтушы қандай да бір ӛмірлік маңызы бар мәселеге айқындық енгізуге, оның маңызын тыңдармандарға баса айтуға, және оларды жігерлендіруге талпынады. Ақпараттық тілден айырмашылығы, мақсаты жаңа ақпаратты хабарлау, жаңа деректерді ҧсыну, сонымен бірге адамдарды бір нəрсеге қайта сендіру болып табылмайды. Мысалы, мэр немесе губернатордың орнына, депутаттыққа кандидат ҥшін ҥгіттей отырып, сенімді тҧлға кандидаттың таныс пайдалы істерін көрсететін немесе растайтын фактілер мен сандармен сөйлейді, жəне «дауыс беруге» тікелей əрекет етуге шақырмай, іс жҥзінде адамдарды осы əрекетке жігерлендіру,яғни олардың санасында осындай тілекті тудырады. Жігерлендіретін тілдің тікелей нəтижесі, ол адамдарға ҧнаған жағдайда
Орта мектеп дидактикасы /. М.Н.Скаткина жəне И.Я.Лернердің ред- М., 1982. - С. 103.
барлық майда, кҥнделікті, маңызды емес істерді шетке қалдырып, міндетті тҥрде шешен айтқан игі істерге еру.
Кӛңіл кӛтеретін тіл. Оның мақсаты атынан да белгілі болып тҧр, себебі тыңдармандарының көңіл-кҥйін көтеруде басқа мақсаты жоқ. Адамдардың көңіл-кҥйін көтеру – ауызшасөйлеудің осы тҥрінің мақсаты болып табылады. Ол өзінің мақсаттарына белгілі жағдайдарда жауап береді. Біріншіден, тыңдармандардың назарын жəне қызығушылығын қолдау ҥшін онды қалжың да, салмақты ой да, ақиқат пен қиял да, зілсіз əзіл жəне өткір сатира да болуы тиіс.
Екіншіден, сөйлеушінің өзінің əзіл сезімі болуы жəне тыңдармандарды кҥлдіре білуі де тиіс, ол барлығына берілмеген.
Жазушы-сатириктер, əзіл жанрының əртістері, цирк клоундары, комедиялық спектакльдердің жəне фильмдердің авторлары мен орындаушыларының осы дарыны бар.
Ҥшіншіден, көңіл-кҥйін көтеретін тілдің тақырыбы нақты болуы мҥмкін жəне белгілі логикалық дамуы, бірегей сюжет желісі, салыстырмалы тҥрде осы жанрға мазмҧны кең, бірақ сөз сөйлеудің бірнеше минутына арналуы тиіс. Эстрададан айтылатын əзіл əңгімелер, тыңдармандармен кездесудегі жазушы-сатириктердің сөздері жəне т.б. осындай. Бірақ жиі қатаң сызылған тақырыптың орнына басқа ортақ ой бар: сөзді қызықты, кҥлдіргі ету. Шағын достар арасында жəне мҥдделес адамдардың кештері осылай өтеді: анекдоттары мен өлеңдері, қызықты естеліктер, сонымен бірге тҥрлі теледидар бағдарламалары, мысалы «Белый попугай», «Смехопанорама», «Аншлаг» немесе «КВН», онда қатысушылардың шығуы қандай да бір тақырыпқа арналмаған, тек көңіл-кҥйді көтеруге қызмет етеді.
Көңіл көтеретін тілдің ҥлкен қҧндылығы жоқ, бірақ достардың кештерінің атрибуты жəне басқа да ҧжымдық демалыстардың тҥрі ретінде олар таптырмайтын шаралар. Әрбір жақсы компания өз ортасында демалыс ҥшін адамдарды əзілімен, қызықты оқиғаларымен, қалжыңды əңгімелерімен көңіл-кҥйін көтеретін адамның болғанын қалайды. Одан басқа, əзілді сөздер, игілікті əзілді ҥн кез келген байсалды сөз барысында қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |