С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата16.04.2024
өлшемі6.57 Mb.
#498799
1   2   3   4
eresek-t-r-yndardy-densauly-zha-dayy-men-meditsinaly-sauattyly-yn-taldau

Түйінді сөздер: денсаулық, медициналық сауаттылық, ересек тұрғындар 
 
 
Тақырыптың 
өзектілігі
Халық 
денсаулығы 
қоғамымыздың маңызды экономикалық, еңбек, қорғаныс 
және мәдени әлеуеті бола тұрып, мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық 
және 
гигиеналық 
әл-ауқаттылығын 
айшықтайды [1]. 
Салауатты өмір салтын дамыту әр адамға, әр жанұяға
мәдени үйрету және мемлекетте барлық жағынан
қолдау көрсету қажет, сау және сапалы тамақтануы
үшін тұрғындардың өмір деңгейінің жоғарылату,
бұқаралық спортты дамыту қажет [2]. 
Азаматтың өз денсаулығы алдындағы жауапкершілігін 
қамтамасыз ету тұрғындар медициналық сауатты болғанда 
ғана мүмкін болмақ. 
Зерттеу 
материалдары 
мен 
әдістері. 
Ересек 
тұрғындардың денсаулық жағдайы мен медициналық 
сауаттылығын бағалау мақсатында, негізгі зерттеу аясында 
Алматы қаласы және Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының
200 ересек тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді.
Материалдарды 
жинау 
барысында 
және 
топтарды 
құрастыру кезінде таңдаудың кездейсоқтығы мен оның 
сандық және сапалық тұлғалылығының ұстанымдары қатаң 
сақталынды.
Жоғарыда 
айтылғандарды 
ескере 
отырып, 
алынған 
мәліметтерді енгізу үшін МББЖ MS Access базасындағы 
бағдарлама қолданылды. Бағдарлама оператордың қате 
жіберуінен сақтайды және де өте ыңғайлы интерфейс болып 
саналады. 
Базаға енгізілген материалдар мәліметтері вариациялық 
статистиканыңзаманауи 
әдістері 
мен 
бағдарламалық 
қамтуларды (SPSS и MS Excel, 7.0) қолдана отырып 
өңделінді.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу барысында сауалнама
жүргізілген тұлғаларға денсаулығын өздері бағалау
ұсынылды. Респонденттердің 41,88% өз денсаулығын
«орташа», 35,8% «жақсы», 10,64% «өте жақсы» деп
бағалады. Респонденттердің шамамен осындай пайызы
10,26% өз денсаулығын «нашар», ал 0,85% «өте нашар»
деп бағалады. 6 адамның (2 еркек және 4 ауыл әйелі)
немесе 0,57% (0,38% және 0,76%) осы сұраққа жауап
беруге қиналғанын атап өту керек. Әйелдер мен
еркектер өз денсаулығын шамамен бірдей бағалады.
Айырмашылықтар келесі сұрақтарға жауаптарда
байқалды. Еркектер әйелдерге қарағанда өз
денсаулығын «нашар» деп көбірек (12,48% - еркектер,
8,02% - әйелдер), ал әйелдер еркектерге қарағанда өз
денсаулығын «орташа» деп көбірек (43,13% - әйелдер,
40,64% - еркектер ), және «өте нашар» деп көбірек
(1,34% - әйелдер, 0,38% - еркектер) бағалаған. 
Күткеніміздей респонденттердің жасы ұлғайған сайын
өзінің денсаулығын алдыңғы жас аралығына қарағанда
біршама нашарлау деп бағалайтын тұлғалардың үлесі өсе
береді. Ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қала қала
тұрғындарының өз денсаулықтарын пессимисттік
тұрғыдан бағалайтындықтарын көрсететін деректер
алынды. Кейінгі нәтижелер тап осындай сақтық қала
тұрғындарына өз денсаулығын қолдау мәселелерінде
тиянақтылау болуға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Әйелдердің оларға арналған сүт безі обырының және
жатыр мойыны обырының ақысыз скринингтік
бағдарламаларына қатысуын талдау бір жағынан
әйелдердің ол бағдарламалар туралы аз білетіндігін,
екінші жағынан бағдарлама туралы білетін әйелдердің
белсенділігінің төмендігін анықтады. Әйелдердің
жартысынан көбі бағдарлама туралы хабардар емес, ал
хабардар әйлдердің төрттен үш бөлігі ол бағдарламаға
қатыспаған. Қала әйелдерімен салыстырғанда
бағдарламалар туралы хабардар болмаған және оларға
қатыспаған ауыл әйелдерінің үлесі жоғары. Талдау
нәтижелері әйелдердің сүт безі обырының және жатыр
мойыны обырының ақысыз скринингтік бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет