643
туралы хабардар болуының
және олардың денсаулығын
өздері бағалау деңгейінің арасында айқын көрінетін
заңдылық бар екенін көрсетті. Көру қабілетін тексеру
және тіс дәрігеріне қаралу бойынша нәтижелердегідей
өз денсаулығын жақсырақ бағалаған респонденттердің
арасында аталған бағдарламалар туралы хабардар
болғандар мен оларға қатысқандардың үлесі жоғары
болды.
Респонденттердің қан айналу жүйесі ауруларының
скринингтік бағдарламасы туралы хабардар болуын
талдау сүт безі обырының және жатыр мойыны
обырының скринингтік бағдарламасы туралы хабардар
болуды талдаудың нәтижелеріндей нәтиже көрсетті.
Осы бағдарлама тек әрбір оныншы респондент қатысқан,
ал респонденттердің жартысы бағдарлама туралы
хабардар болмаған. Мұнда да өз денсаулығын төмен
бағалаған тұлғалармен салыстырғанда жақсырақ
бағалаған тұлғалар бағдарлама туралы көбірек хабардар
екендігін көрсеті.
Біз зерттеу барсында Сауалнамаға қатысқан
тұлғалардың тек үштен екі бөлігі өздерінің қан
қысымын білетін қала тұрғындарының үлесі
едәуір
жоғары.
Денсаулыққа зиянды әдеттерді талдау әрбір он
еркектің алтауы, әрбір он әйелдің бесеуі темекі
шегетінін көрсетті. Жас ұлғайған сайын темекі шегетін
еркектердің саны кеми береді. 18-25 жастағы
еркектердің 4/5 бөлігі темекі шегетін болса, осы
көрсеткіш барлық жас топтарында төмендей береді. 65
және одан үлкен жастағылардың жартысы ғана темекі
шегеді. Темекі шегетін әйелдердің ең көп үлесі 18-25
жас аралығында және 65 және одан үлкен жастарда, ал
ең аз үлесі 35-44 жас аралығында , олардың төртеуі
темекі шегеді.
Денсаулыққа зиянды әдеттердің тағы бір түрі сыраны
қоса, алкогольді ішімдіктер ішу талданды.
Респонденттердің жартысынан көбі сыраны қоса,
алкогольді ішімдіктерді айына 2-3 рет, әрбір бесінші:
әрбір төртінші еркек және әрбір сегізінші әйел аптасына
1 рет ішеді. Қалада тұратын еркектердің төрттен бірінен
көбі, әйелдердің жартысынан көбі, ауылда тұратын тек
әрбір оныншы еркек, әйелдердің төрттен бірі алкогольді
ішімдіктерді мүлдем ішпейді.
Ауылда тұратын
еркектердің үштен бірінен көбі, әрбір бесінші әйел
алкогольді ішімдіктерді кемінде апатсына 1 рет ішеді.
Қалада түратын әрбір бесінші-алтыншы еркек және
шамамен әрбір он төртінші әйел алкогольді ішімдіктерді
кемінде аптасына 1 рет ішеді.
Біз тамақтанудың рационына және тәртіптемесіне
байланысты кейбір көрсеткіштерді талдадық.
Жемістерді тұтыну жиілігі мен денсаулығына өзі
бағалаудың арасында байланыс бар екені анықталды.
Жемістерді жыл бойы аптасына 2-3 рет тұтынатындар
денсаулығын «өте жақсы » деп бағалаған тұлғалардың
арасында денсаулығын «нашар» және «өте нашар»
бағалаған тұлғалармен салыстырғанда 4 есе дерлік көп
болды. Жемістерді сирек тұтынатын тұлғалар
денсаулығын «өте жақсы» деп бағалаған тұлғалардың
арасында болған жоқ. Денсаулығын «нашар» және «өте
нашар» деп бағалаған тұлғалардың үштен бірі
жемістерді сирек тұтынатындар болды.
Респонденттердің Кетле көрсеткіштерін талдау осы
көрсеткіш нормаға сәйкес тұлғалар олардың
жартысынан аз екенін көрсетті. Респонденттердің
жартысынан көбінің салмағы артық болды. Әрбір он
екінші респондент семіздікке ұшыраған. Салмағы
жеткіліксіз респонденттердің саны көп болған жоқ
(әрбір отыз үшінші респондент),
олардың барлығы
дерлік қалада тұрады. Ауыл тұрғындарының
жартысынан көбінің салмағы артық, ал қалада салмағы
артық тұлғалардың үлесі үштен бірден шамалы көп.
Қаланың әрбір оныншы тұрғыны, ауылдың әрбір он
төртінші тұрғыны семіздікке ұшыраған.
Еркектердің үштен бірінен шамалы көбінің , әйелдердің
жартысына жуығының салмағы нормаға сәйкес болды.
Еркектердің жартысынан көбінің, әрбір он әйелдің
төртеуінің саламғы артық болды. Әйелдердің арасында
салмағы жеткіліксіз тұлғалар осындай еркектермен
салыстырғанда үш есеге дерлік артық болды.
18- 25 жастағы әрбір оныншы респонденттің жетеуінің
салмағы нормаға сәйкес, төртеуінің салмағы артық
болды. Жас ұлғайған сайын салмағы нормаға сәйкес
тұлағалардың үлесі азайып, салмағы артық және
семіздікке ұшыраған тұлғалардың үлесі көбейе береді.
Мысалы, 55-64 жастағылардың арасында салмағы
нормаға сәйкес тұлғалардың үлесі үштен бірден аз,
жартысынан көбінің салмағы артық, әрбір жетінші
семіздікке ұшыраған.
Респонденттердің Кетле көрсеткіштерінің тамақтану
рационы ме н тәртіптемесінің кейбір ерекшеліктерімен
байланысы анықталды. Жемістерді және көкөністерді
жиі тұтынатын респонденттердің арасында салмағы
нормаға сәйкес тұлғалардың үлесі боғары болды.
Керісінше, жемістерді және көкөністерді сирек
тұтынатын респонденттердің арасында салмағы артық
және семіздікке ұшыраған тұлғалардың үлесі көп
болды.
Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты халықтың өз
денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікке
дайындығы бойынша қалыптасқан жағдайды
суреттеумен байланысты болды. Сондықтан, біз
респонденттердің өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігі
және адамдардың денсаулығы үшін кім жауапкершілікті
болуы тиіс екендігі туралы пікірлеріне талдау жүргіздік.
Талдау респонденттердің төрттен біріне жуығы
(еркектердің үлесі әйедердің осындай үлесінен 1,5есеге
жуық артық) пессимисттік көңіл-күйде және өз
денсаулығына ықпал ету мүмкін деп санамайтынын,
тағы 13,69% (12,69% - еркектер , 14,67% - әйелдер) осы
сұраққа жауап
беруге қиналғанын көрсетті, бұл оларды
да пессимисттер тобына жатқызуға мүмкіндік береді.
Респонденттердің жастары ұлғайған сайын олардың
арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне
сенімді емес тұлғалардың үлесі көбірек.
Оптимисттердердің арасында қала тұрғындары басым.
Олардың төрттен үш бөлігінен артығы (76,92% -
еркектер 77,34% - әйелде)
өз денсаулығына ықпал ету
мүмкіндігіне сенімді. Ауыл тұрғындарның арасында
осындай үлес респонденттердің жартысына да жетпеді
(40,39% - еркектер, 52,67% - әйелдер) . Керісінше, ауыл
тұрғындарының арасында пессимисттер үш есеге жуық
артық болды. Қала еркектері мен әйелдерінің арасында
өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді
тұлғалардың да, сенімді емес тұлғалардың үлесі
бойынша айтарлықтай айырмашылықтар жоқтығын атап
өтеміз. Ауыл еркектерінің арасында пессимисттердің
үлесі ауыл әйелдерінің осындай 1,5 есеге жуық артық
болды.
Зерттеу нәтижелері респонденттердің өз денсаулығын
бағалау дәрежесі жоғары болған сайын олардың
арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне
сенімді тұлғалардың үлесі жоғары болатынын көрсетті.
Шамасы, өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне
сенімділік ондай сенімділігі жоқ және өз денсаулығына
қамқорлық жасамайтын,
керісінше зиянды әдеттермен
өз денсаулығына теріс ықпал ететін тұлғалармен
салыстырғанда өз денсаулығын жоғарырақ бағалауға
мүмкіндік беретін нәтижелерге алып келетін іс-
әрекеттердің негізі болып табылады деп айтқан дәлірек
болатын сияқты.
Деректерді өндеудің және талдаудың нәтижесінде қан
қысымы жоғары респонденттермен салыстырғанда
қан қысымы төмен және қалыпты респонденттердің
арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне
сенімді тұлғалардың үлесі жоғары. Қан қысымы
қалыпты тұлғалардың төрттен үш бөлігі өз
денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді. Қан
қысымы жоғары тұлғалардың арасында оптимисттер
жартысынан аз.
Темекі шегетін он респонденттің төртеуі өз
денсаулығына ықпал ете алмаймыз деп санайды.
Темекі шекпейтіндердің арасында тек әрбір бесінші
644
респондент осындай пікірде. Мұндай айырмашылықты
темекі шегетіндердің бір бөлігі өз денсаулығына ықпал
ету мүмкіндігін мойындамай, жауапкершіліктен қашуға
және өзінің зиянды әдеттерін ақтауға тырысуымен
түсіндіруге болады.
Респонденттердің өз денсаулығына ықпал ету
мүмкіндігі туралы пікірлері олардың алкогольді
ішімдіктерді ішу дәрежелеріне қарай жоғарыда
мазмұндалғандай болып бөлінді. Мысалы, алкогольді
ішімдіктерді ішпейтін тұлғалардың онының жетеуі өз
денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне сенімді.
Алкогольді ішімдіктерді күнделікті ішетін тұлғалардың
онының тек екеуі ғана осындай пікірде. Алкогольді
ішімдіктерді жиірек ішетін топтарда өз денсаулығына
ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығаратын тұлғалардың
шамамен бестен бір бөлігі ондай мүмкіндікті жоққа
шығарды. Алкогольді ішімдіктерді аптасына 2-3 рет
ішетін респонденттердің онының төртеуі, күнделікті
ішетін респонденттердің үштен екі бөлігінен артығы
өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігін жоққа
шығарды.
Респонденттердің өз денсаулығына ықпал ету
мүмкіндігі туралы пікірлері де олардың белсенді демалу
жиілігіне қарай шамамен жоғарыда мазмұндалғандай
болып бөлінді. Респонденттер демалыстың белсенді
түрлерімен жиірек шұғылданған сайын олардың
арасында өз денсаулығына ықпал ету мүмкіндігіне
сенімді тұлғалардың үлесі соғұрлым жоғары.
Өз денсаулығы үшін
жауапкершілікті мемлекетке
жүктейтін тұлғалардың ең көп үлесі (әрбір үшінші)
денсаулығын «нашар» «өте нашар» деп бағалаған
респонденттердің арасында болды. Олардың арасында
адам өз денсаулығына өзі қамқорлық жасауы тиіс деп
санайтын тұлғалар да біршама көп, ал адамдардың
денсаулығы үшін мемлекеттің, (барлық топтардың
арасындағы ең төмен көрсеткіш) жұмыс берушінің және
адамның өзінің ынтымақты жауапкершілігі туралы
қолдайтындар тек жиырма респонденттің бірі.
Жалпы респонденттердің денсаулығын өзі бағалау
дәрежесі неғұрлым жоғары болған сайын олардың
арасында адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті
тараптарға адамның өзін қоспайтын тұлғалар соғұрлым
аз. Мысалы, денсаулығын «өте жақсы» деп бағалаған
респонденттердің арасында ондай пікірді олардың
төрттен бірінен аз бөлігі , ал ынтымақты
жауапкершілікті онының үшеуі қолдайды.
Жүргізілген
талдау қан қысымы қалыпты
респонденттермен салыстырғанда қан қысымы жоғары
респонденттердің арасында адамдардың денсаулығына
тек мемлекет қамқорлық жасауы тиіс деп санайтын
тұлғалар үш есеге жуық көп екенін көрсетті.
Салмағы нормаға сәйкес тұлғалардың төрттен бір
бөлігі, салмағы артық тұлғалардың алтыдан бір бөлігі,
семіздікке ұшыраған тұлғалардың жетіден бір бөлігі
адамдардың
денсаулығы
үшін
ынтымақты
жауапкершілікті қолдайды.
Кетле көрсеткіші жоғарылаған сайын адамдардың
денсаулығы үшін тек адамның өзі жауакершілікті деп
санайтын тұлғалардың үлесі төмендей береді, яғни
ынтымақты жауапкершілік туралы пікірдегідей
заңдылық байқалады.
Сонымен, біз жүргізген зерттеу азаматтардың арасында
өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілікті одан
әрі қалыптастыру бойынша, барлық мүдделі
тараптардың қатты назар аударуын қажет ететін белгілі
бір мәселелер бар екендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: