С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет2/23
Дата23.02.2016
өлшемі2.37 Mb.
#3710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе


Қазіргі таңда тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысанан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметтері, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалды грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілерлің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.

Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы


2.2 Пәннің мақсаты:

Тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту, болашақ мамандығына сәйкес сөйлеу түрін үйрету.

Күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаятарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау);

Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

Мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; байқампаздық таныту; көңілі толуы-толмауын, қызығушылығын немқұрайдылығын білдіру.
2.3 Оқыту міндеттері:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» және «Білім туралы заңын» білу.

5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
2.4 Оқытудың нәтижесі

Студент берілген деңгей негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат мен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылым зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет.

Мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз қөзқарас тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет.Таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жеткізе білуі, сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білген жөн. Сонымен қатар, мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс. Берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат, диалог құра білуі тиіс.

.

2.5 Реквизитке дейінгі:

Қазақстан тарихы, орыс тілі, шет тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, биология, тәнтану.
2.6 Реквизиттен кейінгі:

Қазақ тілі пәнін оқып-үйренгеннен кейінгі дағдыларды анатомия, қалыпты физиология, жалпы гигиена және экология т.б. пәндерді оқып-үйренуге пайдаланады.


Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақ тілі пәнін оқу барысында студенттер әр түрлі қоғамдық мәселелерге байланысты өз көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттырады. Қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамын, жүйесін т.б. біледі.




2.7 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Сағат саны

1

Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы



3

2

Менеджмент ұғымы.

Көптік категориясы



3

3

Менеджменттің дамуы.

Сөз жүйесі. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.



3

4

Менеджмент туралы түсінік.

Тұрақты сөз тіркестері



3

5

Менеджменттің тарихы.

Омоним. Синоним. Антоним.



3

6

Менеджменттің тарихы

Көмекші есімдер



3

7

Менеджменттің тарихы, мазмұны.

Сөз құрамы. Зат есім.



3

8

Аралық бақылау

3

9

Менеджменттің мақсаты, міндеті, мәні.

Зат есімнің жіктелуі



3

10

Менеджменттің әр түрлілігі,функциясы.

Зат есімнің тәуелденуі



3

11

Менеджерлер туралы түсінік.

Зат есімнің септелуі



3

12

Менеджер – ұйымдастырушы

Етістік, шақтары



3

13

Менеджер және фармацевт

Етістіктің райлары



3

14

Менеджердің базалық сапасы.

Көмекші етістіктер



3

15

Аралық бақылау

3

16

Менеджер – басқарушы.

Етіс категориясы



3

17

Кәсіпорын.

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні



3

18

Басқару.

Сын есім, шырайлары.



3

19

Қызметкерлерді басқару ұғымы.

Сан есім



3

20

Басқару шешімдерінің түрлері

Есімдік


3

21

Басқарудың әдістері, стилі

Үстеу


3

22

Басшының мінез-құлық үлгісі

Сөйлем мүшелері



3

23

Аралық бақылау

3

24

Жұмысты бағалау.

Жай сөйлемдер



3

25

Жұмыс жасау және іске асыру.

Құрмалас сөйлемдер



3

26

Жұмысты басқару.

Салалас құрмалас сөйлем, түрлері



3

27

Қазақстандағы фармацияның дамуы.

Сабақтас құрмалас сөйлем.



3

28

Менеджмент пен фармацияның байланысы

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері



3

29

Ұтымды ұйымдастыру.

Сөздіктану. Терминтану.



3

30

Аралық бақылау

3

Барлығы:

90






Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (ОСӨЖ) тақырыптары

Сағат саны

1.

Менің Отаным – Қазақстан


1,4

2

Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан

1,4

3

ҚР «Тіл туралы заңы»

1,4

4

«Білім туралы заңы».

1,4

5

Қазақстан республикасының рәміздері

1,4

6

Қазақтың ұлттық мейрамдары

1,4

7

Қазақстандағы тарихи ескерткіштер

1,4

8

Тарихи тұлғалар

1,4

9

Қазақ батырлары

1,4

10

Қазақтың батыр қыздары

1,4

11

Халық қаһармандары – ел мақтанышы

1,4

12

Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

1,4

13

Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

1,4

14

Адамзаттың Абайы

1,4

15

М.Әуезов – суреткер

1,4

16

Мәдениет және өнер қайраткерлері

1,4

17

Қазақтың ән мен күйлері.

1,4

18

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.

1,4

19

Алғашқы қазақ дәрігерлер.

1,4

20

Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары

1,4

21

Қазақ халқының ұлт аспаптары

1,4

22

Қазақтың ұлттық ойындары

1,4

23

Қазақстанның мәдени орындары

1,4

24

Қазақстанның қалалары

1,4

25

Шығыс медицинасы

1,4

26

Жастар - біздің болашағымыз.

1,4

27

Мемлекеттік тіл –қазақ тілі

1,4

28

Қоғам және жастар

1,4

29

Қазақстандағы білім беру жүйесі.

1,4

30

Университет – білім ордасы.

1,4

42






Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ)

тақырыптары мен тапсырмалары

Бақылау нысандары

Сағат саны

1

Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиет, зерттеулер, интернет т.б) өздігімен немесе студенттердің шағын тобы құрамында жұмыс жасау.


Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы

33

2


Студенттердің бір-бірімен ұйымдастырған іскерлік ойын (рөлдік ойын) өткізу.

Жазбаша есеп (ақпарат)

Сценарий


30

3


Белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинақтау:

Орта ғасыр ойшылдары.

Ұлылардан қалған сөз.

Медицина жаңалықтары т.б.



Ақпарат көздерінің тізімін дайындау (презентация)

30

4

Қандай да бір пікір алуандығын туғызатын мәселе бойынша мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама құрастыру.

Сауалнама.

Сауалнама нәтижелерін талдау.




45




Сағат саны

138


2.9 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі

Негізгі:

1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.

3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.

5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.

6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

7. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011

8. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

9. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б

10. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.

11. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлесеміз.Алматы, 2010.-220б.

12. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002

13. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.

14. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.

15. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.

16. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.

17. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік

тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б

18. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008


1Қосымша:

1. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. Алматы, 1989 ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж.

3. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.


Сөздіктер:

1. Ақыжанова А.Т. Қазақша –орысша сөздік. Алматы, 2000 ж.

2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Алматы, «Рауан» 2000, 344 б.
2.10 Оқыту әдістері:

Коммуникативтік қарым-қатынас, дискуссия, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, полилог, диалог құрғызып үйрету, тұсаукесер, рольдік ойындар, пікірталас,бақылау т.б.


Тәжірибелік сабақты өткізу түрі: мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер беру, презентациялар жасау, пікірталас, сұхбаттасу, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.
Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.
СӨЖ-ді ұйымдастыру түрі: өздік жұмыстың тақырыбымен таныстыру, онымен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтау. Әдебиеттерді таңдау, конспект, аннотация, эссе жаза білу.
ОСӨЖ-ді өткізу түрі: мәтінмен жұмыс түрлері, терминологиялық, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс, аударма жұмысын жасату, жаттығу жұмыстарын орындау т.б.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

1. Когнитивті - білім компетенциясы (тақырыптық материалды білу) – 100балл

2. Операционалды – дағды компетенциясын білу – 100 балл

3. Коммуникативті компетенцияны қолдану – 100 балл

4. Құқықтық компетенция – 100 балл

5. Өзін – өзі дамыту – 100 балл


Ағымдық бақылау t- құзыреттілік қалыпты деңгейлік бағасы

t=(Z+N+K+P+S)/n

n-барлық құзыртеттілік бойынша саны

Z: z1 + z2+... zn – білімді бағалау

N: n1+ n2+... nn – дағдыны бағалау

K: k1+ k2+... kn – коммуникативті құзыреттілікті бағалау

P: p1+p2+...pnқұқықтық құзыреттілікті бағалау

S: s1+s2+...sn – СӨЖ бағалау
Әрбір құзыреттілік 100 балмен бағаланады.

Бағалау формасы, әрбір құзыреттілік бойынша тапсырма саны жұмыс бағдарламасында (п 2.9 білімдерін және оқыту дағдыларын бағалау әдістері) және Силлабуста (п 2.10 білімін бағалау ережесі және критериі).


Аралық бақылау r-коллоквиум

Пән саясаты саны және өткізу түрі бойынша анықталады.


Рейтингіге жіберу

Рейтингіге жіберу студенттің қорытынды бағасы 60% кем болмау керек,

0.6 формуласымен анықталады.

 – ағымдық бақылау

 – бірінші рейтинг

 – екінші рейтинг



Қорытынды бақылау

Қорытынды бақылау: Емтихан 2 кезеңнен тұрады. 1) тестілеу 2) ауызша (билет бойынша).

 

 - 1 кезеңдегі емтихан балы

 - 2 кезеңдегі емтихан балы

Қорытынды баға

Қорытынды баға – рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталады.



І  R*0.6+E*0.4

I – қорытынды баға

R – рейтингіге жіберу бағасы

Е – пән бойынша емтиханның қорытынды бағасы

Қорытынды рейтингі – рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40% тұрады.




  • Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақтың уақытында іске асырылады.

  • Аралық бақылау: әр семестр сайын оқу тақырыптарын игеру деңгейін анықтау мақсатында

іске асырылады. Оқу жылында 4 аралық бақылау тапсырады.

  • Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).

  • Ескерту: ОСӨЖ балдық жүйемен бағаланбайды. №1 хаттама 31 тамыз 2011 жыл.

Қорытынды бақылау, аралық бақылау және кеңес беру уақыты.



  1. Кеңес беру уақыты, оқу бөлімінің кестесімен сәйкес өтіледі.

  2. Аралық бақылау уақыты: 7-14 аптада.

  3. Қорытынды бақылау уақыты – семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет