С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Тәжірибелік сабақты бағалау критериі



бет3/23
Дата23.02.2016
өлшемі2.37 Mb.
#3710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Тәжірибелік сабақты бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Оқу бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарды толық меңгеру. Компетенциялар бойынша игеру. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. толық біліп, қолдана алу. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру. Жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, тапсырмаларды жоғарғы деңгейде дайындау. Сөздік қоры мол, шығармашылық, ғылыми қабілеті жоғары болу.

А-

3.67

90-94

Тақырыпты толық меңгеру. Лексиканы қолдану арқылы ойын толық жеткізу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Сабақ барысында әр түрлі қызығушылықпен көзге түсу.

В+

3.33

85-89

Оқу бағдарламасын толық білу. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындай білу. Айтылған сөздердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Сабақ барысында берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау.

В-

2.67

75-79

Оқу бағдарламасын толық біле тұра, тапсырмаларды толық, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Лексиканы толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы. Қойған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы.

С

2.0

65-69

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы. Сабаққа деген қызығушылығы толық болмауы.

С-

1.67

60-64

Оқу бағдарламасын меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Тәжірибелік сабақтарға деген белсенділігі мүлдем төмен. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі, игермеуі. Шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен.


Аралық бақылауды бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындау. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру, жазу. Тест жұмыстарын толық орындай білу. Лексикалық, грамматикалық тақырыпты толық біліп, айту. Компетенция бойынша игеру.

А-

3.67

90-94

Мәтінмен жұмыс түрлерінің толық болуы. Аударма жұмыстарын жасау, сұрақтарға жауап беру. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындау.

В+

3.33

85-89

Берілген тапсырмаларды толық, түсінікті орындай білу. Берілген сөздер мен сөзтіркестердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып олармен жұмыс жасау.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды біле тұра, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы. Сұрақтарға толық жауап бермеуі.

С+

2.33

70-74

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы.

С

2.0

65-69

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі, меңгермеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы. Сөздік қорларының нашар болуы.

D

1.0

50-54

Тақырыптарды білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі. Пәнге деген қызығушылығы төмен.


СӨЖ-ді бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық біліп, меңгеруі. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. қолдана алуы. Ғылымға деген ынтасы жоғары және белсенділік танытуы. Сөздік қорының мол болуы.

А-

3.67

90-94

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Ғылыми шығармашылығы толық. Тұсаукесердің мағынасы өте жақсы деңгейде болуы.

В+

3.33

85-89

Жұмысысын толық меңгеру. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Өз бетімен жұмыс түрлерін орындау.

В

3.0

80-84

Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау. Тұсаукесердің мағынасы жақсы деңгейде болуы.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды толық біле тұра, мағынасыз, түсініксіз орындауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Ойын толық жеткізе алмауы. Сөйлем құрылысы мен сөздердің дұрыс айтылмауы. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы. Ғылыми шығармашылығы орта.

С

2.0

65-69

Жұмысты толық меңгермеуі және білмеуі. Сөздік қоры нашар. Ғылыми тақырыптың мағынасы түсініксіз болуы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырыпты толық білмеуі және сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Ғылыми жұмысының белсенділігі мүлдем төмен, сапасы мен мағынасы нашар.

F

0

0-49

Ғылыми, шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен. Қызығушылығы нашар.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен

Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В050700 Менеджмент

Құрастырушылар: доцент Абдуллина З.А.

аға оқытушы Рахымбаева А.Т.

2012 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1 тақырып: Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы.

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы.


2. Мақсаты: Ғылыми тұрғыда және тілдік құзіреттілікті, біліктілікті қалыптастырып, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
3. Міндеті:

1) Когнитивті-білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және Гиппократ анты мен ҚР дәрігер антын білу.

2) Операционалды-дағды компетенциясы бойынша Үндестік заңын анықтау.

3) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми,әдеби т.б. терминдерді жазу, айту, әр-түрлі бағытта қолданылу дағдыларын қалыптастыру.

4) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғым: Кәсіби бағытта нұсқау беру,сөздер мен реприкалар, жағдаяттар. Мәтінді жаңғырту,толықтыру т.б.
5.Сабақты өткізу жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі-5минут

2. Өткен,берілген тапсырмаларды сұрау,тексеру-15минут

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-30минут

4. Тақырыпты қорыту: а) лексика-грамматикалық тапсырмаларды орындау-45минут

ә) Өзін-өзі дамыту дағдылары-40минут.

5. Қорытынды білім денгейін бақылау-15минут.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Коммуникативтік әдіс.

Оқылым (тірек сөздер,аналитикалық талдау,талқылау,сұрақ- жауап,жаңа сөздер.)

Сөйлесім (пікірталас,әңгіме,ой бөлісу)

Тындалым (жұптық,топтық тапсырмалар,баяндама)

Жазылым (эссе,конспект,анкета толтыру)
7.Көрнекі құралдар: кестелер,сызбалар, суреттер т.б.
8.Тапсырмалар

1-тапсырма. Сөздермен сөйлем құраңыз.

Емхана, қаламгер, менеджер, баспахана, жұмыскер, дәрігер, жатақхана, мәжіліс.
2-тапсырма. Мәтінді оқу, жаңа сөздерді табу , қысқаша мазмұндау.

Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атына атап, оларды куәға тарта отырып мына серт пенжазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін,егер олар осы өнерді үйренгісікелсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып,шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашанкеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйгекірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдермен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.Емдеу кезінде, сондай-ақ емделген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпияесептеп, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.
3-тапсырма. «Қазақстан Республикасының дәрігер анты»мәтінін оқып, жоғарыдағы берілген мәтінмен салыстырыңыз.

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқыма қалтықсыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайтындығын үшін ант етемін.Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бастартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін атнетемін. Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.Осы антты өзеркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.


9.Бақылау жұмыстары:Коммуникативті компетенция бойынша

а) лексикалық тақырып бойынша

2. Гиппократ өзінің антында не туралы айтты?

3. Жалған ант бергендер мен қылмыс жасаған адамдарды қалай жазалайды?

4.Нағыз дәрігер болу үшін болашақ дәрігер маман не істеу керек?

5.Дәрігерлік парыз деген не?

ә) грамматикалық тақырып бойынша

1. Буын үндестігі деген не?

2. Дыбыс үндестігі деген не?

3. Көптік жалғаудың сөйлемде қызметі қандай?

4.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

5.Кейінді ықпал дегеніміз не?

6.Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар қандай?
а) Операционалды – дағды компетенциясы бойынша:

Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі қосымшалардың тиістісін қолданып, жаттығуды көшіріңіздер.

1.Өзге үшін өзін өлімге қиған мынадай ғажап достықты қай ғасырда, қай елдің тарих (-ынан,-інен) көрдіңдер. 3. – Орманға кеткен ізі, міне, сайрап жатыр, - деп ол көзін ізді қуалата орманға қарап еді, бинокль (-ді, -ды) көзінен алмай тұрған Вера: - Паша! – деп тұра жүгірді. 4. Жоқ, екі мың метр биіктіктен парашют (-сыз, -сіз) түсіпті. 5. Ауыр танк (-ілер, -ылар) сол көпірден өте бере, оқты да төгіп жіберді. 6. Снаряд (-тің, -тың) қопарған топырағы бөксемді тегіс басып қалған екен. 7. Егер амандсуды ұмытқан болсам, оған сен де кінә (-лысың, -лісің). (Ә.Ә)


ә) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша:

а) Аптаның қай күндерінің атында кейінді ықпал құбылысы байқалады?

ә) Екі бірдей үнді дауыссыз дыбыс қатар келген қыздардың атын атаңыз.
б) Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Тест тапсырмалары:

1. Біріккен сөзді табыңыз.

а) Екі (Бас) мал

ә) Екі (Бас) пияз

б) Екі (Бас) тұз

в) Екі (Бас) бәкі

г) Екі (Бас) шан



2. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

а) а, ә, ң, ғ, ө

ә) ә, ң, і, ұ, ү

б) ә, ө, і, ұ, ү

в) ұ, і, а, һ, ө

г) д, г, ғ, я, т



3. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыс қолданылған сөзді көрсетіңіз.

а) жыл


ә) уақыт

б) дәріхана

в) асхана

г) жол


4.Қазақтілінденешедауыссыздыбысбар?

а) 15


ә) 25

б) 9


в) 42

г) 35


5. Дауыссыздыбыстарқатарынкөрсетіңіз

а) в, б, а, қ, ө

ә) п, ғ, ң, ү, к

б) а, і, ғ, ө, й

в) қ, ң, д, ж, з

г) а, е, л, ж, э



6. Қайсөздебуынүндестігісақталмаған?

а) тамыз


ә) қараша

б) желтоқсан

в) ақпан

г) мамыр
10.Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж 72-73 бет



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2 тақырып: Менеджмент ұғымы

Көптік категориясы

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы: Менеджмент ұғымы.

Көптік категориясы.


2. Мақсаты: Ғылыми тұрғыда және тілдік құзіреттілікті, біліктілікті қалыптастырып, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
3. Міндеті:

1) Когнитивті-білім компетенциясы бойынша ғылыми – қоғамдық және менеджмент ұғымын білу.

2) Операционалды-дағды компетенциясы бойынша көптік категориясын анықтау.

3) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми,әдеби т.б. терминдерді жазу, айту, әр-түрлі бағытта қолданылу дағдыларын қалыптастыру.

4) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта дамыту.
4.Негізгі ұғым: Кәсіби бағытта нұсқау беру, сөздер мен реприкалар, жағдаяттар. Мәтінді жаңғырту, толықтыру т.б.
5.Сабақты өткізу жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі-5минут

2. Өткен,берілген тапсырмаларды сұрау,тексеру-15минут

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-30минут

4. Тақырыпты қорыту: а) лексика-грамматикалық тапсырмаларды орындау-45минут

ә) Өзін-өзі дамыту дағдылары-40минут.

5. Қорытынды білім денгейін бақылау-15минут.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Коммуникативтік әдіс.

Оқылым (тірек сөздер,аналитикалық талдау,талқылау,сұрақ- жауап,жаңа сөздер.)

Сөйлесім (пікірталас,әңгіме,ой бөлісу)

Тындалым (жұптық,топтық тапсырмалар,баяндама)

Жазылым (эссе,конспект,анкета толтыру)
7.Көрнекі құралдар: кестелер, сызбалар, суреттер т.б.
8. Тақырып бойынша тапсырмалар

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру.

Еркін сөйлеу,жетістікке жету,ғылым,нарықтық,нәтиже,өндіріс,өскен орта,себепші болу,ұғым,басқару,қарым-қатынас,іскерлік,қоғам,уәждері,мүдделері,кәсіпорын, қызметкер,арттыру,маңызды.


2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Менеджмент ұғымы.Менеджмент(басқару ағылшын сөзі,оның түп төркіні гректің «манус»,яғни «қол,күш»деген сөзінен шыққан. Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді.Менеджментте басты нәрсе кез-келген адалдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу,анықтау,қолдау болып табылады.Менеджмент-нарықтық эконоика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.ішкі менеджмент-ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі.

Басымдықтар нақты жағдайлармен,басқару стратегияларымен,менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатыменанықталады.Тәжірибе менеджменті-менеджмент тұжырымдамасы.Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған.

Тәжірибе менежментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар.Біреуі-прагматикалық,екіншісі-ғылыми.


3-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалармен сөйлем құраңыз.

Экологиялық құқықтары,заң,әлеуметтік қорғау,еңбекке жарамдылығы,реттеу тетіктері,өндіріп алу,жеңілдіктері.


4-тапсырма. Біліп алыңыз.

Елімізде жасалынатын кез келген жобада негізгі үш мәселе ескерілуі қажет.Біріншісі-пайда,екіншісі-сол жобаны жүзеге асыратындардың әлеуметтік жағдайы,ал үшіншісі-экологияны бүлдірмеу.


5-тапсырма. Мәдениеттің түрлерін жазыңыз.

Рухани мәдениет (жеке адамның білім қоры,ақылы,шығармашылық қабілеті)

Материалдық мәдениет (азық,киім,баспана,еңбек және қатынас құралдары,т.б.)

Саяси мәдениет (саяси білімі,ынтасы,белсенділігі,т.б.)

Жастар мәдениеті (өзіндік бейнесі,қылықтары,стильдері,моральдық,көркемдік-эстетикалық талаптары.)
6-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіз.

Біртұтас-

Бақылаушы-

Құқықтық мәртебе-

Бірлескен қадамдар-

Басқару органдары-

Әріптестік-

Саяси басымдық-

Дүниежүзілік қауымдастық-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет