С. М. Бахишева 2019ж «Келісілді»


Педагогикалық жағдаят №33



бет6/8
Дата20.05.2023
өлшемі74.5 Kb.
#474010
1   2   3   4   5   6   7   8
ped-sityasiya-0105013-kz

Педагогикалық жағдаят №33
Сіз 1-сынып жетекшісісіз. Сынып оқушылары төбелесіп қалды.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:
1.Ата – аналар жиналысын жасап осы мәселені талқылаймын
2. Сынып жиналысын ашып, бейбіт жолмен шешемін
3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақыртамын.
4. Сіздің ойыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №34
Мұғалім оқушыларға ұсталған кітап таратуда. Бір оқушы мұғалімге жыртық кітап бердіңіз деп ренжіп, оны қайтарып берді.
- Сіз бұған қалай жауап бересіз? Осындай жағдайда не істер едіңіз және неге?


Педагогикалық жағдаят №35
Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:

  1. Қиын оқушының ата-анасына хабарласасыз.

  1. Оқушыны мектеп психологына апарасыз.

  1. Барлық сыныптың көзінше оқушыны ұрлық жасады деп жала жабасыз.

  2. Өзініздің жеке пікіріңіз...

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №36
Сабақ басталып кеткен, бірақ сыныптағы оқушылар шуылдап отыр. Сыныптың назарын сабаққа аударып, қалай тыныштандыруға болады. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Үстелді тықылдату

  1. Сыныптың алдында бірнеше минут үнсіз тұру

  1. Сынып кезекшісін шақырып, тақтаны тазалауын өтіну

  2. «Сабақ басталды!» деп дауысын қатқылдау шығару

  3. Өзіңіздің нұсқаңыз

  4. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)



Педагогикалық жағдаят №37
Сіз өзіңіздің өзіндік тәрбиеңізбен айналысқыңыз келді. Өзіңіздің ұсыныс жоспарыңызды құрыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет