Педагогикалық жағдаят №4
Тыңдау біліктілігі – мұғалімнің негізгі сапасы. Оқушылардың мұғалімге білімді бағалау кезіндегі кең таралған шағымы: «Ол мені тыңдамады, барлық уақытта алаңдады».
Сіздің пікіріңізше, «жақсы тыңдау» деген не? Жақсы тыңдаушы қандай болуы мүмкін?
Педагогикалық жағдаят №5
Сізге «Педагогтың шеберлігі» тақырыбы бойынша бір мұғаліммен сұхбат жүргізу керек. Интервью үшін сұрақтар құрастырыңыз.
Педагогикалық жағдаят №6
Бастауыш сынып мұғалімі оқушының анасына оның сабақта қандай жаңа оқу материалын меңгергенін айтып, оны үйде бекіту жолдарын ұсынды. Анасы баласымен үйде отыратын уақыты жоқтығын айтты. Әңгіменің соңы кикілжіңге ұласып, ата-ана мұғалімге «Сіз ай сайын мемлекеттен ақша алып отырсыз, сондықтан сіздің міндетіңіз баланы оқыту. Мен отбасымды асырауым керек» - деп жауап берді.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №7
Ұзартылған күн тобынан баласын алуға келген ата-анасы баласының киімінің ластанғаның көріп, педагогты балаларды дұрыс қадағаламайтындығын айтып кінәлайды. Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №8
Екінші сынып оқушысының анасы мұғалімге «Уақыт өткен сайын ұлым қырсық болып келе жатыр. Ұлымның әкесі мен атасы да қырсық болған. Мүмкін, бұл тұқымқуалаушылық шығар?»- деген сауал тастады.
Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жауап бересіз)?
Педагогикалық жағдаят №9
Ата-аналар мұғалімге: «Неліктен барлық балалар сурет салу дағдыларын бірдей меңгермейді? Барлығы да мектепке барады, барлығымен де бір деңгейде үйрету жұмыстары жасалады. Біз ешқандай көмек бере алмаймыз. Не істеу қажет?» - деп сұрақ қояды. Сіздің жауабыңыз.
Педагогикалық жағдаят № 10
Қоңырау кезінде дәлізбен келе жатып Сіз 4-ші сыныптың екі баласының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Бұл жағдайды Сіздің байқап койғаныңыз да оларды тоқтатпады. Сіз тоқтатуды талап етсеңіз де олар төбелесті жалғастыра берді.
- Өз іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |