6.6 Басқаруның жалпы фирмалық жүйесі Сапаны басқарудың болашақтағы теориясы фирманың басқару
жүйесін құру секілді көрінеді. Кәсіпорынды жалпы басқарудың осындай
жүйелері немесе жалпы фирмалық жүйелер қазіргі нарықтың даму
талаптарына жауап береді.
90 жылдары экономикада жаңа жағдайлар қалыптасты. Сапа
бойынша беделді мамандардың ойлары бойынша бұл жағдай үш жаңа
критериялармен сипатталынады.
1 күш - әлемдік ашық бәсеке нарығы. Осы нарықты қазір тоқтата
алмайды, ешбір өкімет шектей алмайды. Бұл нарықта 1 млрд-қа жуық
сатып алушылар бар. Мұнда бәсеке жалпы болады, оған бар фирмалар
қатысады. Табысқа жету үшін өнімділік пен сапаны жоғарылату керек.
2 күш - тұтынушылардың көзқарасы бойынша құндылықты
өзгерту. Бұл сатып алушылар жағынан сапа бойынша дағдарысты
білдіреді. Қазір сатып алушылар сапаны өте маңызды фактор деп
санайды. 9 және 10 сатып алушылар сапаны бірінші орынға қойып отыр.
Енді сатып алушыларға не қажет десе сонымен қанағаттандыру қажет.
3 күш - бәсекелік қайшылар. Бұл үлкен жаңа экономикалық қысым
қайшының жүзінің бірі фирманың шығындары, ал басқасы - бағаныкы.
Бұл қайшылар тұтынушылар мен сатып алушыларды анықтайды. Неге
сапаны жалпы басқару туралы айтуымыз керек, егер сападағы қысым
тұтынушыдан келетін болса. Өйткені, сапаны жалпы басқару
тұтынушының ынтасын қанағаттануға жеткізу рұқсат етеді. Табыс үшін
біріншіден - сапа сұрақтарында фирма басшыларының озаттығы.
Басшылардың лидерлік рөлі стратегиялық міндеттерін ортада ұстап
тұрады, процестерді басқарып жүзеге асырады және адамдық
ресурстарды қолданады. Ол үшін ортаны, фирмада жағдай жасау керек,
одан басқа ұйымда қарым-қатынасты және ақпараттардың қамын ойлау
керек. Әлемдегі көптеген компаниялардың негізгі мақсаты ол, шығынды
азайту жоғары тұрақты сапалы өніммен байланысты және нарыққа
тездетіп шығаруда.
Жалпы басқару позициясында өндірісті басқаруға келгенде «Сапа
-шығындар-уақыт» триадасына тиімді қатынас жасауға жағдай
жасайды. Сонымен бірге 1980 жылдың аяғына дейін фирманы жалпы
басқару сапаны басқару жүйесін жаттықтыруға тырысты. Кәсіпорынды
оперативті басқаруда концепция нәтижелерінде сапаны басқару
концепциясына қатысып отырды. Сондықтан сапаны жалпы басқаруды
кәсіпорынды жалпы басқаруға дағдыландыру қажет.