С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова. І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері



бет14/17
Дата20.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#149553
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Б.І. Жансүгіров

5. Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана тілі» жайлы өлең шығарып жаз.

Ана тілім, қуатым, жүрегімнен туатын, мың ақын.

6.Туған жер, Отан, туған ел жайлы жазылған лирикалық өлеңдердің авторын жаз.

Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Қайрат Жұмағалиев.


  1. Осы бөлімде бір тақырыпқа өлең жазған авторларды белгіле.

А). С.Сейфуллин, М. Дулатұлы

Ә). Т.Молдағалиев, Ф. Оңғарсынова

Б). О.Бөкей, Б.Бұлқышев

8. Ақын оқырман назарын бір нәрсеге айрықша аудару үшін, сөз әсерін күшейту үшін нені қолданған?



А). Қайталау

Ә). Мінездеу

Б). Кейіптеу

Қайталау – сөз әсерін күшейту. Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады.


  1. Қ.Аманжоловтың «Көктем» өлеңін өз ойыңмен аяқта.

Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді ертелеп,



... (Нәзік үнмен сыңқылдап,

... Бұйра бұлақ еркелеп. )


  1. Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап жазсаң, қарамен сызылған торкөзден Кеңес Одағы Батырының есімі шығады.

  1. Ұлы Отан соғысы жайлы жазған жазушы-ғалымның аты.

  2. «Тау қыраны» әңгімесінің басты кейіпкері

  3. Т.Алшынбаев әңгімесінің аты

  4. Мәншүктің шын есімі. («Әлия»)

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау

105. Тақырыбы: Білімді тиянақтау. Шығарма.



Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. ( міндетті түрде істелетін жұмыстар)

Түйе


Түйе – шөл даланың ең төзімді көлігі.

Адам баласына түйенің пайдасы аса зор. Алдымен, ол күшті, шөлге, суыққа, желге төзімді. Бірнеше күндік шөлдерден үстіндегі жүгін ауырсынбай жүре береді.

Түйенің сүті қою болады. Оның сүтінен қымыз сияқты сусын ашытады. Мұны шұбат деп атайды. Түйенің жүні шуда, жүн болып екіге бөлінеді. Шуда дегеніміз – түйенің мойын астына, желкесіне, екі тізесінің жоғарғы жағына шығатын ұзын қылшықты жүн. Түйенің жүні ешкінің түбітіндей биязы, жұмсақ болады. Бұл жүннен жіп иіреді, алаша, қап, қолғап тоқиды. Түйе жүні жылы болады.

Айыр түйе екі өркешті болады. Нар түйе жалғыз өркешті болады.

Нар түйелердің жүрік, жүрдек тұқымы болады. Мұны желмая дейді. Олар күніне жүз қырық километр жер алады.Түйе суда да жүзе біледі. Бірақ ол бір жақ бүйіріне көлбеп жүзеді.

Мазмұндау жоспары:


  1. Әңгіменің басы.

  2. Әңгіменің негізі

  3. Әңгіменің соңы. (мағынасында жазылады) Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау

ІҮ тоқсан

106. Тақырыбы: Гүлдер. Тұманбай Молдағалиев.



Мақсаты: Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың «Гүлдер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу; өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға, өз ойын қорытындылай алуға, әсемдікке, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорытындысын жасау, ойын әдісі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Табиғат көрінісі, жайқалған гүлдердің суреті интерактивті тақтадан немесе жай тақтадан дайын пейзаж көрсетіледі.

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. 1. Тұманбай Молдағалиев – қазақтың белгілі ақыны. Ол табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Сондай өлеңдердің бірі – «Гүлдер». Өлеңде ақын өз сезімін қалай жеткізгенін байқаңдар. 2. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін мұғалім балаларға гүлдің суретін таратып береді. Қызғалдақтар бір топқа, Түймедақтар екінші топқа, Раушангүлдер үшінші топқа топтасып отырады.

І тапсырма: «Ой қозғау» ойыны. Жасырынған топтың атын табуы тиіс.

1 топтың аты: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі. (Тапқырлар).

2 топтың аты: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар» деген сөзде кездеседі. (Ойшылдар)

3 топтың аты: түбірі «қолөнер» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кездеседі. (Өнерпаздар)

Топ атын анықтап алғаннан кейін әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

ІІ тапсырма: 1 топ – «Тапқырлар» тобы гүл күлтелеріне гүлге қатысты сипаттау сөздерін тауып жазады. 2 топ – «Ойшылдар» тобы өлең ішінен қайталанып тұрған сөзді тауып, ақын не үшін бұл тәсілді қолданғанын анықтауы керек. 3 топ – «Ойшылдар» тобы гүлдің суретін салып, бір шумақ өлең шығарады.

ІІІ тапсырма: «Шатасқан шумақтар» ойыны. Өлеңжолдарының орны ауысып кеткен екі өлең беріледі. Оқушыға сол өлең жолдарын мағынасына, ұйқасына қарап, қайта жазып шығу тапсырылады. Мұндай тапсырмалар оқушыны байқағыштыққа, сөздің мән-мағынасын, ұйқасу жолдарын түсінуге үйретеді.

Гүлдер, гүлдер не түрлі

Бастады той думанын жазық дала,

Құлпырды да жетілді

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Барлық дала өртеніп

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Бара жатқан секілді.

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.

І. Бастады той думанын жазық дала,

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала. («Көктем жыры» Мәриям Хакімжанова)

ІІ. Гүлдер, гүлдер не түрлі

Құлпырды да жетілді

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді. ( «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев)

Тапсырма: ұйқассөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастыру.



Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Күлімдейді қарап балаға,

Жүгіріп шыққан далаға.

Жұлып алды біреуін,

Сыйлаймын деп анама

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік? ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу. 2. Бағалау.

107. Тақырыбы: Көктем. Қасым Аманжолов.



Мақсаты: Оқушыны Қасым Аманжоловтың «Көктем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қайталау дегеніміз не? 2. Өлеңді мәнерлеп оқу. гүл туралы не айтасың? Ақын гүлді неге теңейді? (көрік берген далаға; өртенген секілді;отқа ұқсап; ...)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Көктем жайлы не блесің? Қандай өлеңдер жаттадың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Қасым Аманжолов – Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі. Оның төмендегі «Көктем» атты лирикалық өлеңі автордың адам кейпінде көктемді суреттегенімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнің 1-ші және соңғы шумағында ақын нелерді адам кейпінде (адамға ұқсатып) суреттеген. Кейіптеу дегеніміз не? Есіңе түсір.

Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңнің соңғы жолдарындағы «Балғын өмір ғажайып, Жас дауыспен жамырап» дегенді қалай түсінесің? 2. Көктем мезгіліндегі табиғат (өзен, тау, дала, ағаш) өзгерістеріне қарап, мына жолдар бойынша өлең құрастырып жаз.

Өзен жатар ... (арқырап)

Айдын жатыр ... (жарқырап)

Көкте бұлттар ... (күркіреп)

Жауды жаңбыр ... (сіркіреп)

ҮІІ. Қорыту. 1. Оқулықта Қасым Аманжоловтың тағы қандай өлеңімен таныстың? Есіңе түсір. («Туған жер»). 2. Өлеңдегі асау өзен, айдын көл, асқар тау, жас ағаш, т.б. өзіңе қажетті сөздерді пайдаланып, көктем туралы шағын әңгіме құрастырып жаз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. әңгімелеу. 2. Бағалау.

108. Тақырыбы: Көктем. Мәриям Хакімжанова



Мақсаты: Оқушыны Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: Суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қайталау дегеніміз не? Кейіптеу дегеніміз ше?

Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Көктем жайлы не блесің? Қандай өлеңдер жаттадың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды? Өлеңнің әрбір шумағын мұқият оқып, сөздердің ұйқасуын байқа.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Логикалық екпін дегеніміз не? Өлеңді мәнерлеп, екпінмен анықтап оқу.

Логикалық екпін – сөз ішінде белгілі бір буынның күшті, көтеріңкі айтылып,

айқын естілуі.




ҮІІ. Қорыту. Өлеңді мәнерлеп оқуға дайындал: үзілісті, екпінді, логикалық екпінді анықтап, оқуға жаттық.ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Жаттау.2. бағалау.

109. Тақырыбы: Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов.



Мақсаты: Оқушыны Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Логикалық екпін дегеніміз не?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жұмбақ шешу. Суреттер топтамасымен жұмыс.

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Өтебай Тұрманжанов – қырыққа жуық кітаптың авторы. Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. Оның тақырыптары да әр түрлі. Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп оқу. Торғай не үшін ән салуға зауқы болмады? Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын өзің ойлап айт. Төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз. Тағы қандай теңеу қосар едің? Осы теңеу сөздерді қолданып, әңгіме құрап көр. Бұл өлеңнің М. Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңінен айырмашылығы бар ма? Қайсысында сюжет бар? ( Жаралы торғай)

ҮІІ. Қорыту. Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?


Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.


ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.

110. Тақырыбы: Қарлығаш. Өтебай Тұрманжанов.



Мақсаты: Оқушыны Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Торғай не үшін ән салуға зауқы болмады? Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді? Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын сен өзің қалай деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сюжет дегеніміз не? ( Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.). Осы өлеңді оқығанда сен өзіңді қалай сезіндің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» атты өлеңін мәнерлеп оқу. сөздік жұмыс. Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? Ұяда қанша балапан бар дейді? Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1.Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқы. Оқыған кезіңде қандай сезім пайда болды? (Жыланды түсі суық танып тұрды.

Көзінен мөлт-мөлт жасы тамып тұрды.

Анаға бала деген қандай қымбат!

Жүрегі алас ұрып жанып тұрды. ...)



  1. Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын былайша жаз.

Жәндіктер: инелік, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бал ара, шегіртке, жылан, қоңыз, есекқұрт, шылаушын, көбелек, дәуіт.

Құстар: бозторғай, ала қаз, көк ала үйрек, қарлығаш.



  1. Өлеңнен автордың жыланды жек көргенін қалай білуге болады? Ол үшін жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерін мына үлгі бойынша теріп жазсаңдар, автордың көзқарасын анық байқауға болады.

сұр

Жылан түсі суық

қу, сұм

шұбар


ҮІІ. Қорыту. Автордың көзқарасы жайлы білгендеріңді жүйелеп айт. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

111. Тақырыбы: Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев.



Мақсаты: Оқушыны Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Бақыттың еңбекқорлығын айта отырып, баланы еңбекке, табиғатты сүюге, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? Ұяда қанша балапан бар дейді? Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Автордың көзқарасы жайлы білгендеріңді жүйелеп айт. Қарлығаштың балапандарына деген сүйіспеншілігін қалай өз сөзіңмен айтар едің? Сұр жыланның соңы немен аяқталды? Әңгіменің осылай аяқталуына не көмектесті?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер көктемде ағаш отырғызып көрдіңдер ме?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Сансызбай Сарғасқаев – белгілі балалар жазушысы. Оның «Достар», «Көңілді балалар», «Бір көшенің балалары», «Тәмпіш танау», т.б. кітаптары бар. Бүгінгі сабақта осы Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» атты әңгімесін оқып, Бақыттың өз еркімен көктемде қалай шыбық отырғызғаны жайлы білейік. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. сөздік жұмыс. Тесе – кетпеннің кішкене түрі. Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады? Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады? Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Еңбек тақырыбына жазылған мақал-мәтелдерді дәптеріңе толықтырып жаз. Осы мақалдардың қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді.

  1. Еңбегің қатты болса, 3. Еңбек етсең ерінбей,

Жегенің тәтті болады. Тояды қарның тіленбей.

  1. Еріншектің ертеңі бітпейді.

ҮІІ. Қорыту. Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

112. Тақырыбы: Қараторғай. Жүсіпбек Аймауытов.



Мақсаты: Оқушыны Жүсіпбек

Аймауытовтың «Қараторғай» атты әңгімесін түсініп, жалғастырып оқуға үйрету, оқиғаның өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, яғни көктемде келетін «Қараторғай» қонағымен таныстыру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, қамқоршылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.



Түрі: аралас сабақ. Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

  • Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады? Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады? Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер көктемде құстарға қандай көмек көрсетесіңдер? Құстардың көктемде ұшып келуі жайлы фильмнен үзінді көрсету.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1889 – 1931). Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? ( «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»). Бұл сөзді сен қалай түсінесің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың? Есіңе түсір.( «Суықторғай» Максим Зверев). 2. Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптеріңе жазып ал. (Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»).

ҮІІ. Қорыту. Мәтін мазмұны бойынша сурет салып көр.Сен көктемгі құстардың ұшып келіне қандай жұмыстар істедің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

113. Тақырыбы: Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов.



Мақсаты: Оқушыны Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңді түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, балаларды төрт түлік атауларымен таныстыру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? («Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»). Бұл сөзді сен қалай түсінесің? Атаның қонағы кім болып шықты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен көктемгі құстардың ұшып келіне қандай жұмыстар істедің? Өзің салған суретің бойынша не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, төрт түлік туралы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп, түсініп оқу. оқулықпен жұмыс. Жалғастырып, түсініп оқу. әр шумақтан керекті өзегін табу. Сөздік жұмыс. Сөзуар – сөзшең. Болат пен Марат неге таласты? Оларға кім қосылды?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Болаттың сұрағына сен қалай жауап берер едің?


Болаттың сұрақтары


Қойдың неше түрі бар?

Сиырдың неше түрі бар?

Жылқының неше түрі бар?



  1. Өлеңге және мына үлгіге сүйеніп, Болаттың сұрағына жауап жаз.

Қой атаулары: қой, қозы, тоқты, тұсақ, саулық; (ешкі – лақ, серке, теке).

Сиыр атаулары: бұзау, тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажын).

Жылқы атаулары: (жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет