С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова. І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері



бет9/17
Дата20.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#149553
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 5 тапсырма. 2. Бағалау.

63. Тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы.



Мақсаты: Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Ұнатары баланың –

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ)



Ү. Жаңа сабақ: Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.

Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені іштей, тізбектей жалғастырып оқу.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Балалар не тауып алды? Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? Әңгімені өз ойыңмен аяқта. ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

64. Тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді)



Мақсаты: Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Балалар не тауып алды? Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, сендер «Көксерек» атты киноны көрдіңдер ме? Онда не жайлы еді? Мұхтар Әуезов кім? Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едік?



Ү. Жаңа сабақ: Мына «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды қалай түсінесің? Ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесіндегі Құрмаштың өмірімен таныссақ, осы әңгіменің түйінін табамыз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, жалғастырып тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы. Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсты тауып оқы. 2. Әңгімені мұқият оқып, мына үлгілік кесте бойынша Көксерекке сипаттама бер.

Көксеректің күшік кезі

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі

Жүні – үрпиіп ,үдірейіп

Езуі – ыржитады

Бойы – үлкен емес


Жота жүні – үрпиіп

Көзі – жасылданып

Азуы – ақситып ашып, тістерін көрсетіп


ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

65. Тақырыбы: Дүрбелең. Оспанхан Әубәкіров.



Мақсаты: Оқушыны Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқуға, мәтінге сүйене отырып Бектайдың ісіне баға бере білуге баулу; өлеңнің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер өтірік ауырып көрдіңдер ме? Көрсеңдер оның жағдайы қалай болды?

Ү. Жаңа сабақ: 2 класта Оспанхан Әубәкіровтің қандай ертегісін оқып едік? (Сүт қалай ұйықтады?) Бүгін, Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлең оқи отырып Бектайдың қылжағы жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. түсініп, жалғастырып, рөлмен оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Бектай неге үй ішін әуреге салды? Үйге кім келді? Дәрігер не деді? Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме? Оны өлеңнің қай жолынан аңғаруға болады? («Үндеме» дегендей, Ол бізге ымдады. ...). 2. Мәтінге сүйеніп, Бектайдың ісіне баға бер. ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? 1.


Сатира – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды. Оспанхан Әубәкіров әзіл-сықақ жазудың асқан шебері, сатирик жазушы.



  1. Мына сызба бойынша талдау жаса. Есіңе түспесе, оқулықтан ізде.


Оспанхан Әубәкіров
Автор туралы

Шығармалары

Басты кейіпкерлері

Автордың негізгі ойы (идеясы)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.

19.12Тақырыбы:Д Қасенов Нағыз малшы

Мақсаты: Оқушылардың «Балалық шаққа саяхат» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп, рөлмен оқу. Бектай неге үй ішін әуреге салды? Үйге кім келді? Дәрігер не деді? Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме?

ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз қандай бөлімді оқып аяқтадық? Онда не жайлы білдік? Кімдермен таныстық? Өзімізге қандай әсер алдық?

ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.

  1. «Шөкі» деген атты неге қойған?

А). Кішкентай болған үшін Ә). Түрі сары болғандықтан В). Тіл, көз тимеу үшін.

5. «Бұл да – табиғаттың заңы. Осылай тәсіл қолданбаса, күш біріктірмесе ...». Бұл жерде қай шығармадағы қандай заңдылықты айтып отыр?

А). М. Төрежанов. Қолғабыс. Б).М. Қалдыбаев. Үлек.

Ә). М.Әуезов. Көксерек. В). К. Сегізбайұлы. Құмырсқалар.

6. «Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде...» не бодатын еді? Үзіндіні аяқта. Шығарма авторы кім?

(Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повестінен үзінді. ... талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды.

Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді.)

7.Сатира дегеніміз – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды.

8. Мына кесте бойынша жазушыға талдау жаса.

Мұхтар Әуезов кім?

Шығармасының аты

Мұхтар Әуезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында туған. Шебер жазушы.

«Абай жолы» романын жазған. 2 – 3 кластарда «Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында», «Жетім», «Көксерек»

9. «Ертеңіне ертемен оянған әкесі етігін алып киейін десе, баласының аяғына қосақталып байлаулы тұр». Бұл үзінді қай әңгімеден алынған? Басты кейіпкері кім?

Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесінен. Басты кейіпкері Әскербек.

10. Табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты билетіп, қуантып, жылатып, т.б. суреттеуді не деп атайды? «Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.»

11. «Алтын балық» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? Шөкі .



ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не істедік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.өткенді қайталау. 2. Бағалау.

ІІІ тоқсан

67. Тақырыбы: Ақ боран. Жекен Жұмаханов.



Мақсаты: Оқушыны Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен таныстырып, түсініп оқуға, мәтінге сүйене отырып табиғат апатының әсері жайлы әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар



ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

«Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады» деген ұғыммен Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен танысқанда білеміз.



ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Балалар, қыста қандай өзгерістер болады? Сенің есіңде қалған оқиға жайлы айта аласың ба? Міне, бүгін Қасымның басынан өткен қаһарлы суық күннің ызғырығы жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, түсініп тізбектей оқу. Жазушының боранды адам кейпінде суреттеген жерін (кейіптеуді) тауып оқы. Сөздік жұмыс. Ышқынадымұнда: қатты соғады. Екілене – желдің екпіндей соғуы. Бүлкек – аттың желіп жүруі.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1.Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді? 2. Дәптермен жұмыс. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын мәтіннін тауып жаз. «Ферма орталығы қарасын көрсетіп қалса керек еді. Бұл қалай,ыққа қарай ойыстап, өзге жаққа кетпедім бе, боранның ырқына көне берсек, ат та мен де үситін болармыз ...». Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма? Оны мына кесте бойынша дәлелдеп айтып бер.

Қасым

Дәлел

1.Үлкеннің сөзін тыңдайтыны

2. Байқағыштығы


3. Шыдамдылығы

1.«Үсік аяқтан басталады» деуші еді үлкендер.

2. ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті...

3. Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты ...



Ү. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Осы әңгімені оқығанда өздерің қандай әсер алдыңдар? ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр

68. Тақырыбы: Суықторғай. Максим Зверев.



Мақсаты: Оқушыны Максим Зверевтің «Суықторғай» атты әңгімесін түсініп оқи отырып,құстардың қыстағы өмірімен таныстыру; әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; аяушылық, қамқоршылық сезімін қалыптастыру.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, қыс мезгілінде құстар қалай өмір сүреді?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Максим Зверев «Саусағымды бір нәрсе шым еткізіп тістеп алғандай болды» дейді. Ол не нәрсе екен? Әңгімені оқып көрейік. Оқулықпен жұмыс.түсініп, іштей, тізбектей оқу. Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың (хабарлау ма, сипаттау ма, дәлелдеу ме)? Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді? Сөздік жұмыс. Бедері – ізі, белгісі.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1.«Аш өзегіне түсіп кетпесін» деген сөздің мән-мағынасын қалай түсінесің? Суықторғайдың аянышты халі суреттелген тұсты тауып оқы. 2. Сызбаны толықтыр.

көздері қорқыныш тұнып тұр.

жүрегі тулап алақанына ап-анық сезілді

денесі қызғылт түсті, ұзын құйрық, салмақсыз нәрсе сияқты.



  1. Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әрекетін сипатта. ( Рахаттанғаны сондай, ...).

ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге жоспар құр. Торғай туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

69. Тақырыбы: Аппақ қыс. Төлеген Айбергенов.



Мақсаты: Оқушыны Төлеген Айбергеновтың «Аппақ құс» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың?(сипаттау). Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді? Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әсерін айт. ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен жолаушының орнында болсаң не істер едің? Құстардың қыстап қалу себебі неде? Қандай құстар қыстап қалады? (қарға, сауысқан, алақарға, торғай). Торғай туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

Торғай, торғай – тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Аяқтарың жыпылдап,

Қанаттарың сыпылдап,

Көрінгеннен қорғалап,

Жүресің жорғалап. М. Әлімбаев.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Қандай қысқы еңбек түрлерін білесің? Өзің қандай еңбек түрін ұнатасың?



Ү. Жаңа сабақ: 1.кіріспе. Суреттер бойынша әңгімелеу. Олай болса, бүгінгі сабақта Төлеген Айбергеновтың «Аппақ құс» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқу арқылы қыс кереметімен танысамыз. 2. Оқулықпен жұмыс. Іштей, дауыстап, жалғастырып, мәнерлеп, ырғағына келтіріп оқу. 3. Сөздік жұмыс. Сәукеле – ұзатылатын қыз киетін сәнді бас киім. 4. Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді? Аяқ астында жатқан қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады? (Рояльдің ақ тіліне) Таңғажайып ақ әлем қалай сырласады дейді? Омбылап қарды кешіп ақын нені іздеп келеді? (көктемді).

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Қыс көрінісін суреттеуде ақын қандай тәсілді пайдаланған? Кейіптеу дегенді есіңе түсір. («Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады») . ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не жайлы білдік? Алдыңғы беттегі сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Құрастырған әңгімеңе өлеңдегі көркем сөздерді пайдалануға тырыс.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу, сурет салу.
70. Тақырыбы: Өсіп келе жатырмын. Төлеген Айбергенов.

Мақсаты: Оқушыны Төлеген Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді? Аяқ астында жатқан қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады? (Рояльдің ақ тіліне) Таңғажайып ақ әлем қалай сырласады дейді? Омбылап қарды кешіп ақын нені іздеп келеді? (көктемді).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Олай болса, бүгінгі сабақта Төлеген Айбергеновтың тағы бір «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқу арқылы баланың өсу дәрежесімен танысамыз. оқу. Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп. Ырғақ нақышына келтіріп оқу. Өлеңнің ұйқасына назар аудар. Өлеңнің қандай жолдары бір-бірімен ұйқасып тұр?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде ақын не жайлы жазған? Ақынның өзіне деген сенімі өлеңнің қай жолдарынан байқалады? «Адал тер» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Өлеңнің соңғы шумағын оқып, жатқа жаз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Жаттау. № 1 тапсырма. 2. Бағалау.

71. Тақырыбы: Мен таңдайтын мамандық... Өтепберген Ақыпбекұлы.



Мақсаты: Оқушыны Өтепберген Ақылбекұлының «Мен таңдайтын мамандық...» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның ой түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; мамандық таңдауға баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді жатқа сұрау.Өлеңде ақын не жайлы жазған? Ақынның өзіне деген сенімі өлеңнің қай жолдарынан байқалады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Адал тер» дегенді қалай түсінесің? Өз ойың.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай мамандықтарды білесіңдер? Сендердің ата-аналарыңның мамандығы жайлы не айтар едіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. Тақтадағы мамандық жайлы суреттер топтамасы бойынша не айтар едіңдер? Өтепберген Ақылбекұлының «Мен таңдайтын мамандық...» атты өлеңінен өзімізге қандай мамандық таңдасақ екен? Мүмкін, мына өлеңде біздің болашақ мамандығымыз туралы бар шығар... Оқулықпен жұмыс. Түсініп, мәнерлеп оқу. Әр мамандықты жеке-жеке оқып ол туралы білетіндерін әңгімелету.Сөздік жұмыс. Ғұмыр – өмір. Жалгер – жалданып жұмыс істейтіндер. Ғанибетмұнда: игілік, игілікті іс. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады? (әнші, кәсіпкер, вело- спортшы, геолог, ғалым, ғарышкер, елші). Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасың? ... Өлеңде Күләш пен Әміре депкімдерді айтып отыр? (Әнші Күләш Байсейтова, Әміре Қашаубаев туралы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет