С# (Си шарп). NetFramework және Microsoft-ң барлық болашақ өнімдері үшін өңдеудің негізгі ортасы сапасында Microsoft корпорациясында Эндерс Хейлсберг, Скотт Уилтамут және Питер Гоулд жасап шығарған жаңа тіл



бет1/2
Дата13.11.2023
өлшемі20.82 Kb.
#483150
түріПрограмма
  1   2
Жоғарғы деңгейдегі тілде бағдарламалау


С# (Си шарп) - .NetFramework және Microsoft-ң барлық болашақ өнімдері үшін өңдеудің негізгі ортасы сапасында Microsoft корпорациясында Эндерс Хейлсберг, Скотт Уилтамут және Питер Гоулд жасап шығарған жаңа тіл.
C# тілі – программалау тілдерінің шексіз эволюциясының кезекті сатысы. Ол соңғы жылдардағы компьютерлік тілдердің өңделуін анықтайтын адаптация мен дамып, жетілу процестеріне байланысты жасалған. Барлық дамыған тілдер сияқты C# тілі де үнемі дамып отыратын программалау өнерінің бұрынғы жетістіктеріне сүйенеді.
C# тілінде уақытпен тексерілген құралдар қазіргі заманғы жаңа технологиялардың көмегімен жетілдірілген. C# Windows операциялық жүйесін, Internet, компоненттер және т.б. бірге мәліметтерді есептік өңдеу ортасы үшін программа жазудың ең қолайлы және тиімді тәсілін береді.
C# тілі – екі ең табысты тілдің (С және С++) тікелей ұрпағы және Java тілімен тығыз байланысты тіл. Бұл үш тіл - әлемдегі ең атақты және ең сүйікті тілдер. Бүгінгі таңда барлық профессионал программалаушылардың ішінде С мен С++ - ті білмейтін адам жоқ десе де болады, ал көпшілігі Java-ны да біледі. C# .. де, түсінікті фундаментте жасалғандықтан бұл «фундаментальды» тілдерден C#-қа ауысу программалаушылар жағынан көп күшті талап етпейді.
C# тілінің түпкі «атасы» болып С тілі табылады. C# С тілінен оның синтаксисін, көптеген кілттік сөздер мен операторларды мұраға алды. Сонымен бірге C# С++ тіліндегі анықталған жетілдірілген объектілік модельде тұрғызылған.
C# пен Java тілдері де өзара тығыз байланысқан. Жоғарыда айтылғандай Java тілі де өз бастауын С және С++ тілдерінен алады. Олардың синтаксистері де, объектілік модельдері де ұқсас болып келеді.
C# тілінде көптеген жаңа технологиялар жүзеге асырылған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы программалау компоненттерінің орнатылған ұстанымымен байланысты. Сондықтан да C# тілі компоненттік-бағдарлы тіл деп аталады. Мысалы, C# тілі қасиеттер, әдістер және оқиғалар тәрізді компоненттің құраушы бөліктерін тікелей ұстанады. Дегенмен де компоненттік-бағдарлы тілдердің ең маңызды артықшылығы болып олардың көптілді программалау ортасында жұмыс істеу қабілеті саналады.
Қазіргі уақытта С# жаңа программалық қамтамасыз етуді өңдеу үшін қолданылып қана қоймай, оларды оқып, меңгеру үшін де қолданылатын тілдердің қатарында.
С# сонымен қатар арнайы мамандандырылған курстар үшін де ыңғайлы. Бұл тіл делегациялау мен бір оператордың бірнеше нұсқасын қолдану сияқты қазіргі заманғы концепцияларды ұстанатындықтан және мұнда туыс кластарды жүзеге асыру да жүзеге асырылатындықтан, С# «Программалаудың қазіргі заманғы әдістері», «Мәліметтер құрылымы», «Есептерді сетецентрлік модельдеу» және «Жүйелерді бөлу», т.с.с. курстар үшін ең қолайлы орта болып табылады.
С# - тың модельдеуде, оқытуда, зерттеулерде, сонымен қатар жүйелік өңдеулерде болашағы өте зор.
Мәнді типтерге логикалық, арифметикалық типтер және құрылымдар жатады. Массивтер, жолдар және кластар сілтемелі типтерге жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет