Ескерілетін жағдай.
☺ Бұл тәсілді шағын мәтіндерге қолданудан бастаған жөн, себебі
таңбаларды біртіндеп еске сақтауға тиімді және жүйелі қолдана отырып,
дағдыландырған дұрыс.
☺ Бірден кестені қолданып, тезис жазғызбай-ақ, ауызша сұраған жөн.
Өйткені бірден тезисті тұжырымдау күрделірек болады.
☺ Кесте бағанның реті бойынша талданады.
Жұмыс жеке де, жұппен де, шағын топта да жүзеге асырыла береді.
Бағдаршам
«Бағдаршам» әдісі 2006 жылы 9-10 қарашада Халықаралық
Варшава семианрында Балтық теңізі өңіріндегі «Адам
саудасының құрбаны болған балаларға кешенді көмек» ретінде
ұсынылған. Осы әдіс арқылы төніп тұрған қауіптің деңгейін анықтауға
болатыны белгіленген. Жағдаятқа байланысты әртүрлі нұсқада түрлендіріліп
қолданыла береді: ақша, білім, денсаулық, өзара қарым-қатынас, т.б. Мысалы,
осы о бастағы мақсаты бойынша бала өміріне төніп тұрған қауіп анықталған:
жасыл түс - қауіп-қатердің аз мөлшерін;
қызыл түс- қауіп-қатердің орташа
деңгейін;
қызыл түс - қауіп-қатердің жоғары деңгейін білдірген.
Қазіргі кезде білім меңгеру әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр.
Инсерт әдісіне біршама ұқсас болып келеді. Онда мәтін белгілер қою арқылы
оқылатын болса,
бағдаршам әдісінде үш түрлі түс қолданылады:
☺
жасыл түс – бәрі түсінікті;
☺
тоқ сары түс - жартылай түсіндім немесе
орта деңгейде;
☺
қызыл түс – мүлде түсініксіз.
Мәтін таратылған соң әр студентке жеке немесе шағын топта оқып
шығуға нұсқау беріледі. Сосын әр абзацты жоғарыда көрсетілген түстер
бойынша белгілеп шығады. Соңында оқытушы солар бойынша жұмыс
жасайды, қажетті жерінде көмек көрсете отырып, тақырыпты терең меңгеруге
бағыттайды.
Мысалы, «
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы» мәтіні
бойынша
кестені былай толтыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: