Тезистердің бірнеше түрі бар, мәтін ерекшелігіне байланысты соның кез
келгенін жаздыруға болады.
Негізгі тезистер- дереккөзінің мазмұнын жалпылайтын басты
тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың
мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады.
Қарапайым тезистер –
бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект,
рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Кез келген еңбекте, оның әрбір
бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Қарапайым тезистерді
еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан, оның
барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.
Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің
құрылысы жағынан күрделі болып келеді.
Өйткені мұнда негізгі және
қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны
күрделі тезистер деп
атайды.
Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер
келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.
Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Онда негіз
болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.
Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен
дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар
шынайы білім алу
үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада
беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан
әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты
дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.
Дәйексөз тезистері.Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі
мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме,
аннотация жазғанда қолданады.
Сондай-ақ, жасалатын қорытындыларға
қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз
тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар
бөлімшелерін жасау керек.
Мысалы, «Абылай хан» атты 2 беттік мәтін тезисін былай беруге
болады:
Абылай ханды қазақ елі тарихындағы аса көрнекті мемлекет
қайраткері ретінде танимыз. Оның аты қалмақтың бас батыры – Шарышты
жеңгенен кейін алты алашқа мәлім болады да, орта жүздің сұлтаны
атанады. Кейіннен үш жүздің басын біріктіреді және ұрыстағы барлық өкім
соның қолына өтіп, бас қолбасшы ретінде халықтың сүйікті тұлғасына
айналады. Сөйтіп, Қазақ мемлекетінің іргетасы нығайып, өркендеуі жолында
қажырлы еңбек етеді.
30
Бұл жерде негізгі мәтінде берілген басты ой, бірізділік сақталған, бірақ,
қысқа да нұсқа беріліп тұр.
Тезис жазу да асқан шеберлікті талап етеді. Ол үшін негізгі ойды,
жанама пікірлерден айыра білу талап етіледі.
Шығармашылық қабілетті, сыни
ойлауды шыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: