С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет2/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Сембинова-1

Белсенді емес (енжар) әдіс – бұл оқытушы әрекеті мен басқаруы
басымдыққа ие, ал студенттер - оның нұсқауын орындайтын, енжар тыңдаушы.
Оқытушы мен студент байланысы сұрақ-жауап, өздік, бақылау жұмыстары,
тест арқылы жүзеге асады. Қазіргі білім беру технологиялары тұрғысынан
алғанда бұл оқу материалдарын студенттердің меңгеруі үшін тиімсіз әдіс болып
табылады. Дегенмен, оның да өз артықшылықтары бар. Атап айтатын болсақ,
оқытушы өзі баяндай отырып, аз уақыт ішінде өте көп ақпарат бере алады.
Онда көбінесе қарым-қатынас орнату, диалог оқытушы тарапынан, бір
бағытта жүзеге асады. 



Сурет 1. Белсенді емес оқытудағы оқытушы- студент қарым-
қатынасы
Белсенді әдіс.  Бұл – оқытушы мен студенттердің сабақтың өн бойында
өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу мен оқыту әдісі. Студенттер - енжар
тыңдаушы емес, сабаққа белсенді қатысушы. Студент енжар субъект түрінде
көрінетін дәстүрлі оқытуда оқытушы ғана негізгі әрекет иесі және сабақ
менеджері болатын болса, бұл жерде ол студентпен тең дәрежелі. Белсенді әдіс
оқытудың демократиялық стилін ұстанады. Білім алушы сабақ бойы үдеріске
4
студент
студент
оқытушы
студент


араласа отырып, барлығын өзі жасауға қатысады: тапсырманы өзі орындайды,
талдауға белсене араласады, жаңа тақырыпты меңгеруге атсалысады.

Сурет 2. Белсенді оқытудағы оқытушы- студент қарым-қатынасы
Интерелсенді әдіс. Интербелсенді және белсенді әдістер арасында
ұқсастық болғанымен, олардың өзара ерекшеліктері де бар.
Интербелсенді («Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен
әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс. Басқаша айтқанда,
белсенді әдіске қарағанда студент тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең
көлемде әрекеттестікте болулары шарт және оның белсенділігі басымдылыққа
ие. Ал оқытушы - сабақтың мақсатына жету жолында оларға бағыт беруші.
Сонымен қатар, студентті белсенді әрекетке жұмылдырып, оқу материалын өз
беттерімен меңгеруге жетелеп отыратын өзара белсенді жаттығулар мен
тапсырмаларды әзірлейді. Интербелсенді сабақтың негізін өзара белсенділікке
жұмылдыратын әдіс-тәсілдер құрайды. Студенттер жаңа тақырыпты да өздері
меңгереді. Интербелсенді әдістер арқылы студенттер оқу материалын жылдам
меңгереді, естеріне сақтауға да тиімді. Сондықтан да инновациялық оқытудың
негізі интербелсенді әдістерде жатыр. 
«Қалай оқыту керек?» дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде
оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс жоспарланған мақсат пен соңғы
нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады.
Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің
құралдары» көрсетеді.
5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет