бөліктерін әңгімелеу
ретімен басталады, яғни бірінші топ кіріспе ой айтады,
т.с.с. Толықтыру” тобы әрбір топтан кейін сөз ала алады. Әр топ өздеріне
жүктелген бөлік шартын орындаулары тиіс.
Ойыннан соң, мәтінді тағы бір
қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстыру жүргізіледі,
қай топтың
неғұрлым нақты айтқаны анықталады.
Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол
логикалық және
стилистикалық байланысқан компоненттерден тұрады. Бұл бөлімде ашқалы
отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс ойластыру керек. Сол тақырып
бойынша жалпылама мәлімет беріледі. Кейде негізгі көтеріліп отырған мәселе
жайлы пікірлерге сүйене отырып, ой анықталады.
Жалпы тақырыпты ашуға
алып келеді.
Негізгі бөлім - тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын
ашу. Онда тақырыптың негізгі мазмұны ашылады және ол біраз қиындық
тудырары сөзсіз. Сондықтан негізгі бөлімді
шағын тақырыпшаларға бөлуге
болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа
жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар,
ұстанымдарды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық ашуға мүмкіндік туады.
Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тұтас тақырыпты ашудағы логикалық ойды
байқауға көмектеседі
Қорытынды – жалпыланған және дәлелді, қолдану аймағы көрсетілген
және т. б. түрде
баяндалатын, өз көзқарасы берілетін бөлім. Қорытынды
бөлімде негізгіде айтылған сұрақтың мәнін
бекітеді және мазмұнының
маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау,
иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.
Достарыңызбен бөлісу: