С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет26/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Сембинова-1

Ха́йку. Хокку
Ха́йку - XIV ғасырдан белгілі, жапондық лирикалық
поэзияның дәстүрлі жанры. Алғашқы атауы хокку
болған, тек XIX ғасырда Масаока Сики атты
ақынның ұсынысымен хайку болып өзгерген. Хайку
жазатын ақын хайдзин деп аталады. 
Өлеңді хайку түрінде жазу біршама күрделі, себебі
онда адамның жеке пайымдауы, әсері беріледі.
Сонымен қатар, біршама артықшылығы да бар, атап айтатын болсақ, оны
жазуда ұғым мен оған деген эмоциялық көзқарас тамаша үйлесім табады. Ол
осы шақпен жазылады, яғни автор жаңа ғана көргені мен естігені жайлы тікелей
әсерін жазады. Шағын өлең жолдарында әрбір сөз, әрбір образ есепке алынып
отырады, оларға ерекше міндет жүктеліп, мағына беріледі. Аз сөзге көп мағына
беру – хайкудің басты міндеті. Ең жақсы жазылған хайку 17 сөзден тұруы керек
деген шарт бар, бірақ оны сақтау міндетті емес 
Хайкуді жазу алгоритмі:
☺ бірінші жол – «Мен біреуді немесе бірдеңені көрдім»;
☺ екінші жол - қандай?
☺ үшінші жол – қалай?
Мысалы,
Бозторғай
Мен керемет әдемі кішкентай құс көрдім
Қыста қалықтап ұшып жүрген, 
Таңқалып. 
Штрих 
Ойды өлең үлгісінде жеткізудің тағы бір түрін Т.Ю.
Сторожева деген оқытушы өз оқушыларымен бірлесе
отырып, ойлап тапқан. Оны штрих деп атаған. Штрих
мынадай үлгіде жазылады:
☺ бірінші жол – 1 зат есім;
☺ екінші жол - 2 сын есім;
☺ үшінші жол – 3 есімше;
☺ төртінші жол – 4 етістік;
40


☺ бесінші жол - 5 үстеу немесе көсемше;
☺ алтыншы жол – тақырыпқа байланысты салалас немесе сабақтас
құрмалас сөйлем.
Мысалы,
Жастық шақ,
Көңілді, әсерлі,
Құмарланған, қызыққан, лапылдаған.
Түрленеді, келеді, таңдандырады, шаттандырады
Тоқтамастан, ұмытпастан, қартаймастан, ойланбастан, шаршамастан,
Көктемде барлық тіршілік иесі ерекше жандана түседі, тіпті шірік томар
да көктем күнінің сәулесімен тамаша түрге енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет