талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын флипчартқа, плакатқа түрлі-
түсті маркерлермен жазып, дәрісхананың көрнекті жеріне іліп қоюға болады.
Өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға
тырысады.
Ережелер сан қилы болуы мүмкін, мысалы, жұмыс регламенті, реті мен
тәртібін
анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды
қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Ол мынадай мазмұнда: «Біреудің
сөзін бөлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді есепке
алайық!». «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді
әрі тиімді
пайдаланайық!», «Т ақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!»,
«Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!», «Топ мүддесі
бәрінен де жоғары» т.с.с. болуы ықтимал.
Оқытушының міндеті - осы ережеден ауытқыған кезде естеріне түсіріп,
ескертіп отыру
Достарыңызбен бөлісу: