С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет76/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
Сембинова-1

е
 Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы қажет.
Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп,
басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап
отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек. Бұл жерде
сөйлеу, тыңдау мәдениеті сақталғаны абзал. Оны топ ережесінде көрсете кетуге
де болады.
Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау,
тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау
мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сөйлеуші, шешен,
спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын
ортаға салады. Топ пікірін қорғаушылар үнемі ауысып отыруы тиіс, сөйтіп
қатысушылардың барлығын дерлік сабаққа қатыстыру қамтамасыз етіледі.
е
 Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау
қабілеті мен шығармашылық дағдылардың дамуы. Ал жазу (жазба жұмыстары)
- ойлаудың шыңы. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН» тұрғысынан өзінің
ішкі жандүниесін ашып, тролғанысын танытып, көзқарасын білдіре алады. Сол
себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Жалпы
тілдік пәндерде қолданылатын төрт дағдының бірі ретінде де жазу міндетті
түрде жүзеге асуы тиіс.
Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім
алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша
жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу
жұмыстары - білімді бағалаудың дәлелді нысаны.
е
 Тоғызыншы ережеКері байланыс.
Кері байланыс - сабақ соңында үйренушілерден алынатын пікір. Онда
олар сабақтың тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі, өзінің нені
үйренгендігі, топтық жұмыстың ұйымдастырылуы туралы айтуы мүмкін. Кері
байланысты интербелсенді сбақтың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға
болады. Олардың пікірлері мен қойған сұрақтары оқытушы тарапынан
ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.Кері байланыс
118


ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға
бағытталады.Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі
сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады. 
Кері байланысты белгілі бір шаблонға түскен қызықты мазмұндағы
дайын парақтарға жаздырған әлдеқайда тиімді. Мысалы, шығу парағы,
бағдаршам, т.б. Кері байланыс беру арқылы үйренушілер өз әрекеттеріне
рефлексия жасап та дағдыланады. Рефлексивті тұлға аналитикалық талдау
жасай біледі деген сөз. Егер аналитикалық талдау жасай алса, өз әрекетін дұрыс
ұйымдастырып, өзін-өзі реттей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет