С. С.Қонтаев Иманғалиев Е. Н. 2010 ж. 2010 ж. Облыстық эксперттік кеңес жайлы ереж е



бет1/8
Дата09.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#187350
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қарағанды облысының білім басқармасы

Қарағанды облысы Әкімі жанындағы Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

МББҚ БА және ҚДИ Білім басқармасының

ректоры бастығы

_________С.С.Қонтаев _________ Иманғалиев Е.Н.

«_____» _________ 2010 ж. «____» ________ 2010 ж.

ОБЛЫСТЫҚ ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ЖАЙЛЫ

Е Р Е Ж Е

Қарағанды 2010

Бұл ереже 25.12.09 ж. № 6 хаттама негізінде МББҚБА және ҚДИ Ғылыми Кеңестің отырысында толықтырылып, келісілген

I. Жалпы ереже


  1. Бұл ереже

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына,

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бекітілген «Қазақстан Республикасының даму Стратегиялық жоспары»,

  • Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім дамуының бағдарламасына,

  • Қазақстан Республикасының кәсіптік орта білімінің мемлекеттік стандартына,

  • Қазақстан Республикасының орта білімінің мемлекеттік стандарттарына,

  • Қазақстан Республикасы «Білім беру қызметін лицензиялау ережесіне»,

  • Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Білім беру ұйымының мемлекеттік аттестациясы туралы ережелерінің» қаулысына,

  • «Жалпы бастауыш, жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде лицензия талаптарына сақталуын тексерудің және мемлекеттік аттестаттау өткізудің бағдарламасы»,

  • Оқу-әдістемелік кешен мен оқу бағдарламасын сараптау мен дайындауға қойылған дидактикалық талаптарға сәйкес жасалынды.

  1. Облыстық Эксперттік кеңес (бұдан әрі – эксперттік кеңес) – мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар, алғашқы кәсіптік білім , бастауыш жалпы, негізгі жалпы және орта жалпы білім беретін білім беру ұйымдары мен білім беру қызметін сараптау, талдау үшін арнайы құрылған қоғамдық ұйымдастырылған орган

  2. Білім беру әрекетін сараптау – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын орындауға білім беру мекемелерінің ғылыми-әдістемелік, психилого-педагогикалық және басқарушылық қорытынды мен деңгейін, педагогикалық кадрлардың кәсіпқойлығын кешенді бағалау,инновациялық процесстерді қолдап, қазіргі қазақстандық білім беру моделін апробациялау мен енгізу.

  3. Эксперттік Кеңес мүшелері білім мекемелерін басқару және оқу-бағдарламалық құжаттарды іштей сараптау қызметін атқарады, білім берудегі оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын зерттейді.

  4. Эксперттік Кеңес отырысы айына 1 рет өткізеді, шешімдер хаттама арқылы рәсімделеді. Келіп түскен материалдар мен эксперттік қорытындыларға, хаттамаларға төраға мен Эксперттік кеңестің жауапты хатшыларының қолдары қойылады.

Сараптама нәтижесі дауыс беру арқылы Эксперттік кеңестің отырысында анықталады және эксперттік қорытынды ретінде рәсімделеді. Отырысқа Эксперттік кеңестің кем дегенде (> 50%) мүшесі катысуы қажет, сонда ғана шешім ақиқат болып саналады.
II. Эксперттік Кеңес қызметінің мақсаты мен міндеті

  1. Эксперттік Кеңес қызметінің мақсаты:

2.1.1 Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мақсатында білім үрдісін және оны ұйымдастырудағы нормативтік талаптарды реттейтін басқару материалдарын сәйкестендіру.

2.1.2 Білім беру мекемелерінің инновациялық әрекет деңгейін бағалау, білім берудің қазіргі заманғы қазақстандық білім беру моделін шығаруға үдерісін бағыттау.



  1. Эксперттік Кеңес қызметінің міндеттері:

2.2.1 Көпкезеңді еркін сараптама жүзеге асыру және білім беру мекемелерінің әрекетінің білім деңгейі мен педагогикалық кадрлардың творчестволық әлеуетін бағалау.

2.2.2 Білім беру мекемелерінің даму болашағы мен тиімділігі, жағдайы туралы шынайы ақпараттар алуға бағытталған білім беру іс-әрекетін бағалау.

2.2.3 Педагогикалық бастамалардың жаңашылдық деңгейін, тәжірибелік маңыздылығын және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне енудегі мақсатқа сәйкестігін зерттеу.

2.2.4 Инновациялық қызметтің аралық және соңғы қорытындыларын сараптау.

2.2.5 Білім беру мекемелерінің даму және ғылыми-әдістемелік, кадрлық деңгейін қамтамасыз ету қызметін бағалау.



III. Эксперттік кеңестің негізгі принциптер, әдістер, сараптау объектісі

  1. Принциптері:

  1. Мемлекеттік сипат.

  2. Шынайылық.

  3. Жариялылық, ашықтық.

  4. Алқалық.

  5. Тұтастық және атқарушылық.

  1. Әдістері:

  1. Экспертиза (сараптау)

  2. Талдау.

  3. Сұхбат, интервью

  4. Топтастыру.

  5. Салыстыру

  6. Жалпылау (жинақтау).

  7. Аналогия (ұқсастық)

  8. Жүйелеу

  9. Пікір жазу.

  1. Экспертиза объектісі:

  1. Білім беру ұйымдарының аттестациялық материалдары.

  2. Аттестацияланатын педагогикалық қызметкерлердің құжаттарын жасауға және рәсімдеу.

  3. Тұжырымдамалар, модель, жобалар, даму бағдарламалары,ТЭЖ-ң бағдарламасы.

  4. Инновациялық қызмет қорытындысы жөнінде рефлексивтік есеп.

  5. Педагогикалық озық тәжірибенің материалдары.

  6. Білім беру мекемелерінің оқу, білім беру бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер.

  7. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу.


IV. Эксперттік Кеңестің құрамы

  1. Эксперттік кеңес құрамы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қызмекерлерінен құралады (МББҚБА ҚДИ).

  2. Эксперттік кеңесті МББҚБА ҚДИ ректоры басқарады. Кеңес құрамына орынбасары, жауапты хатшылар, техникалық хатшылар, Кеңес мүшелері, Кеңес сарапшылары кіреді.

  3. Эксперттік Кеңес төрағасы, төраға орынбасары, үйлестірушілер, сараптаушылар, жауапты хатшы барлық Эксперттік Кеңестің пікірін білдіретін Эксперттік Кеңестің төралқасын құрайды.

  4. Эксперттік кеңестің өкілетті мерзімі мен құрамы облыстық ББ бастығының бұйрығымен анықталады. Эксперттік кеңестің өкілетті мерзімі мен құрамы 1 оқу жылымен шектеледі.Эксперттік Кеңестің отырысы айына 1 рет өткізіледі. Эксперттік Кенестің өзгерістері мен толықтырулары өкілетті мерзімі мен құрамына байланысты Кеңес төрағасы мен ББ басшысының келісімімен енгізіледі.

  5. Эксперттік Кеңестің мүшесін мерзімінен бұрын шығару сұрағын ОБББ бастығы немесе Эксперттік Кеңес төрағасы шешеді: эксперттік кеңес мүшесінің жүмыс тәртібін жүйелі бұзушылығы, өз қызметін орындамауы, мүдделер тартысының даулы жағдайын танытуы (сараптаушы Эксперттік Кеңеске материалдар әкелген білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі немесе бірлескен авторы болған жағдайда).

  6. Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысы және институт сараптаушылары үнемі аттестаттаудан өтеді.



V. Эксперттік кеңес мүшелерінің міндеттері

  1. Эксперттік Кеңес Төрағасыжәне төраға орынбасары жалпы жұмыс тәртібін үйлестіріп, төралқасын басқарады және Эксперттік Кеңеске басшылық етеді. Институт сараптаушыларын аттестаттауды, сараптау рәсімдерін жетілдіруді және жалпы Эксперттік Кеңес жұмысын арттыруды ұйымдастырады.

  2. Эксперттік Кеңес мүшелері білім беру мекемелерінің материалдарымен және сараптаушылардың пікірлерімен Эксперттік Кеңестің жұмыс отырысында танысады. Пікірлердің әділдігін бағалайды, келіп түскен материалдар бойынша сұрақтар тізімін құрастырады. Сұрақтар Эксперттік Кеңес төралқасының отырысында білім беру мекемелерінің өкілдеріне және институт сарапташуларына қояды. Кеңесіп, материалдарды Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мақсаты мен білім беру мекемелерінің нормативтік талаптарды дұрыс орындауына, оқу үрдісін дұрыс қалыптастыруы өз дәрежесінде ұйымдастыруына сәйкестік дәрежесі жөнінде шешім қабылдайды.

  3. Сараптама бағыттары бойынша үйлестірушілер Қарағанды облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітілген институт бөлімшелерінің басшылары құрамынан тағайындалады.

Үйлестірушілер алдындағы бағыттар бойынша материалдарды жауапты хатшыдан қабылдап, өз бөлімше сараптаушыларына табыс етеді, пікірлер сапасына жауап береді (пікір талабына сәйкесігін), сосын дайын пікірді Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысына тапсырады.

  1. Институт болімшелерінің сараптаушылары келіп түскен материалдарды сараптайды және пікірлерді үйлестірушіге табыс етеді. Пікір жазуға қойылатын талаптар ұсынылған (Қосымша №2).

  2. Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысы Эксперттік Кеңеске келіп түскен ұсыныс пен материалдарды тіркейді, рәсімделуін талаптарға сәйкестігін тексереді, үйлестірушілерге табыс етеді, олардан пікірлер қабылдайды, пікірлер негізінде Экспертік кеңес қорытындысының жобасын, Эксперттік Кеңес отырысының күн тәртібін құрастырады, Эксперттік Кеңес отырысы хаттамасының көшірмесі мен қорытындысын дайындап, Облыстық білім басқармасына тапсырады (Қосымша №1 «Облыстық Эксперттік Кеңес материалдарының түсімі мен жылжу журналы»).

  3. Эксперттік кеңес мүшелері мен сараптаушылардың құқығы мен міндеттері:

  1. Эксперттік кеңес мүшелері мен институт сараптаушылары сараптауға келіп түскен материалдар ақпаратының құпиялылығын сақтауға арнайы жауапкершілік береді.Оларға:

    • авторлар жөнінде мағлұмат және материалдар мазмұны;

    • сараптама жүру кезеңдері жөніндегі мағлұмат жатады.

  2. Сараптаушылар жұмыс процессінде шыққан мүдделер тартысының даулы жағдайын үйлестірушіге және жауапты хатшыға уақытылы хабарлауға міндетті.


VI. Облыстық Эксперттік Кеңес қызметінің тәртібі

  1. Білім беру мекемелерінің материалдары Эксперттік Кеңес отырысына бір ай бұрын басшысының өтінішімен қағазды және электронды нұсқада, 3 данамен қабылданады. Барлық парақтары нөмірленген болу керек.

Материалдар рәсімдеуі орнатылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тіркелмей, қайтарылады. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар ұсынылған (облыстық Эксперттік Ереженің қосымшалары).

  1. Облыстық білім беру ұйымдарының аттестациялық материалдары. Облыстық Эксперттік Кеңеске түскен материалдар Облыстық Білім Басқармасы бекіткен аттестаттаудан өткізу кестесі бойынша 1,5 – 2 айға дейін жасалады.

Материалдар қазақ және орыс тілінде, электронды нұсқада тапсырылады. Аттестаттау коммисиясының қолымен және білім беру мекемесінің мөрімен расталады.

Аттестаттау материалдарындағы ақпараттардың растығына Білім беру мекемесінің әкімшілігі, аттестаттау коммисиясы толық жауапкершілік береді. Эксперттік шешімнің жазылу талабы көрсетілген (Қосымша №3). Қосымша №3а



  1. Педагогикалық қызметкерлердің аттестациялық материалдары. Материалдарды ұсыну реті:

  1. Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің материалдары:

    • 2-санатқа – білім беру мекемесінің аттестаттау коммисиясына;

    • 1-санатқа – аудандық/қалалық білім беру бөлімінің аттестаттау коммисиясына;

    • Жоғарғы санатқа – Облыстыстық Білім Беру Басқармасына (МББҚБА және ҚДИ).

  2. Кәсіптік және техникалық білім беру мекемлері:

    • 2-санатқа – білім беру мекемесінің аттестаттау коммисиясына;

    • 1 және жоғарғы санатқа – Облыстық Білім Беру Басқармасына (МББҚБА және ҚДИ).

        1. Облыстық арнаулы және коррекциялық білім беру мекемелері:

    • 2-санатқа – білім беру мекемесінің аттестаттау коммисиясына;

    • 1 және жоғарғы санатқа – Облыстық Білім Беру Басқармасына (МББҚБА және ҚДИ).

Материалдар қазақ және орыс тілінде, электронды нұсқада тапсырылады. Аттестаттау коммисиясының қолымен және білім беру мекемесінің мөрімен расталады.

Аттестаттау материалдарындағы ақпараттардың растығына Білім беру мекемесінің әкімшілігі, аттестаттау коммисиясы толық жауапкершілік береді. Педагогикалық қызметкерлердің аттестациялық материалдарына эксперттік шешімнің жазылу талабы көрсетілген (Қосамша №4).



  1. Білім беру мекемелерінің тұжырымдамалары, жобалары, даму бағдарламасы, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары оларға жазылған білім бөлімдері әдіскерлерінің (мамандары) пікірлері болған жағдайда ғана сараптама объектісі болып табылады. Оларға жазылған сараптама – мектеп жұмысына жазылған бақылау, ендіріліп жатқан инновациялар деңгейін, олардың аудандық білім беру жүйесін дамытудағы қажеттіліктерін оларды ендірудегі білім беру ұйымадырының дайындық дәрежесін қарастыру болып саналады, яғни мектеп мәртебесі жөніндегі мәселелерді, мектептің «Даму» немесе «Эксперименттік алаң» кезеңінде жұмыс істеу алған рұқсатын (лицензия, аккредитация) қарастырады.

Сараптама өткізу жадынамасы ұсынылған (Қосымша №№5,6,7,8,9, 9а).

  1. Инновациялық қызмет қорытындысы жөніндегі рефлексивтік есептер қалалық және аудандық білім беру ұйымдарының және мектептің әдістемелік кеңес протоколынан және рецензияның болуынан инновациялық іс-әрекеттің соңғы нәтижелері бойынша экспертизаның объектісі болып табылады.

Облыстық білім мекемелерінің материалдары бастапқы экспертиза тікелей білім мекемлерінде өтеді, келесі МББҚБА ҚДИ-да, облыстық Эксперттік Кеңес қарауына шығарады. Рефлексивті есептерге қойылатын талаптар ұсынылған (Қосымша №10). Рефлексивті есептерге пікір жазу бланкісі (Қосымша №10а).

  1. Білім беру ұйымдарының оқу, білім беру бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері мектеп мұғалімдерінің аудандық (қалалық) білім бөлімдері әдістемелік кабинет мамандарының жазған оң пікірлері бойынша және оларды әдістемелік кабинетпен, мектептің әдістемелік кеңесі қолдаған жағдайда облыстық Эксперттік Кеңеске қабылданады.

Облыстық Эксперттік Кеңестің қарауына тек қана болмаған жаңа, жаңашыл сипаттағы және типтік бағдарламалардан түб-түбімен ерекшеленетін авторлық оқу бағдарламалары қабылданады.

Оқу бағдарламаларының әртүрлі үйлесімдегі белігілі бір элементтерді біріктіру, қиыстыру арқылы жаңа сапаға әкелетін әдістемелік кабинеттің оң пікірімен ұсынады және ауданның (қаланың) білім бөлімдері меңгерушілері арқылы бекітіледі.

Оқу бағдарламалары әртүрлі үйлесімдегі модификациялау, жаңашыландыру, бұрын соңды болғанды қайта қалпына келтіруі, белгілі тәсілді, технологияны, мазмұнын және т.б. әдістемелік бірлестігімен ұсынады және білім мекемелері директорлары арқылы бекітіледі.

Пікір жазуға қойылатын талаптар беріледі (Қосымша №11).

Облыстың эксперименталды мектептерінде пәндер бойынша құрылатын силлабустарға қойылатын талаптар беріледі (Қосымша 11а).

Оқу әдістемелік құралдарды сараптау бойынша қойылатын талаптар беріледі. (Қосымша 11б).



  1. Озық педагогикалық іс тәжірибе материалдары облыстық білім беру басқармасының ұсыныстары, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, мектеп мұғалімдерінің тиімді рецензияларымен қабылданады. Озық педагогикалық тәжірибенің жадынамасы ұсынылған (Қосымша №12, 12а).

  2. Ойыншықтардың дамушы кезеңдері, ойындар. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі ҚР БжҒМ 2008 жылғы 10.06. №337 бұйрығымен бекітілген. Сараптама балаларға арналған ойыншықтар қауіпсіздігінің психологиялық–педагогикалық өлшемдеріне сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ балалардың адамгершілік – эмоционалдық саулығын сақтау мақсатында өткізіледі.

Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі беріледі (Қосымша №13).

  1. Эксперттік Кеңес жұмысының тәртібі көп кезеңді еркін сараптама қағидасынан құралады.

  1. Сараптаманың бірінші кезеңін институт сарапшылары тіркелген күннен 2 апта аралығында жүзеге асырады. Материалдың ҚР нормативтік-құқықтық Құжаттарына сәйкес еместігін анықтаған сарапшы материалдың авторымен хабарласып, түзету жұмыстарын жасайды. Түзетілген материалдарға жазылған пікір жазу және үйлестірушімен талқылаумен сараптаманың бірінші кезеңі аяқталады.

  2. Сараптаманың екінші кезеңінде – Эксперттік Кеңестің жұмыс отырысы болады, онда жұмыс тобы түзетілген пікірлердің әділдігін, ҚР нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкестігін бағалайды.

Сараптаманың екінші кезеңі түскен материалдар мен пікірлерге сұрақтар құрумен аяқталады.

  1. Үшінші кезеңде екінші кезеңді сараптаманың қорытындысы мен сұрақтары Эксперттік Кеңес төралқасының пленарлық пленарлық отырысында талқыланады.

Сараптамның үшінші кезеңі Эксперттік Кеңестің білім беру мекемелері материалдарын бекітуге усыну немесе ашық дауыс берумен усынбау шешімімен аяқталады.

Эксперттік Кеңес экспертизадан өткен материалдарды баспаға ұсынуға болады, сонымен қоса МББ ҚБА және ҚДИ редакциялық-баспа бөлімі (РББ) арқылы. РББ-нің әдістемелік құралдардың шығару механизмі, қабылданатын материалдарға қойылатын талаптар, құралдар мен ұсыныстар қосымшыларда келтірген (№14, 15, 16, 17, қосымшаларды қараңыз).

Эксперттік қорытындыға материалдар ұсынған білім беру үйымы келіспеушілік білдірген жағдайда, мәселе Эксперттік Кеңестің кеңейтілген отырысында басқа білім беру үйымдарының сарапшыларын шақыру арқылы қайта қаралады (материалдардың 1 данасы Эксперттік Кеңестің мұрағатында қалады).


  1. Эксперттік Кеңестің шешімі хаттамамен рәсімделеді, ал материалдар қорытындысы мен көшірмесі облыстық ББ-на тапсырылады.

  2. Облыстық ББ-ы 2 апта көлемінде материалдардың соңғы бекітілуінің немесе тайдырылуының ақырғы шешімін ұсынады және білім бөліміне (білім мекемесіне) сараптаманың қорытындысын хабарлайды.

Бекітілген материалдар МББҚБА және ҚДИ-де банкте сақталады.

  1. Эксперттік Кеңес қорытындысы бойынша авторға(ларға) облыстық Білім Басқармасымен бекітілген материалдарына пікірін, эксперттік қорытындысын және хаттаманың көшірмесін Эксперттік Кеңес отырысының күнінен 1 ай көлемінде беріледі.

  2. Авторлық бағдарламасының құқық қолдануы авторына сілтеу мүмкін.

  3. Білім беру мекемелері мен жұмысшылары Эксперттік Кеңеске ұсынған материалдардың эксперттік қорытындысымен келіспеушілік жағдайда, сұрақ кеңейтілген Эксперттік кеңес отырысында сырттан келген, қатысты аумақта құзыретті сараптаушы шақырумен қаралады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет