С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет12/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Амбулатория — учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық учаскіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік алдын-алу мекемесі. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәрігері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Бөлиелері: дәрігерге дейінгі қабылдау, электрокардиографиялық тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.
Фельдшерлік-акушерлік пункт – ауылдық елді мекенде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін емдік-алдын-алу мекемесі. Басқа емдік-алдын-алу мекемелерден алшақ қашықтықта орналасқан жағдайда ұйымдастырылады (4-6 км көп). Учаскелік принцип бойынша жұмыс жасайды. Дайын дәрі-дәрмектерді сатуға арналған дәріханасы бар.
Штат құрамына фельдшер, акушер және санитарка кіреді. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлері амбулаторлық қабылдауда немесе үйде медициналық көмек көрсету, шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету, жұқпалы науқастарды анықтап, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасайды, елді мекен аймағын, қоғамдық тамақтану мекемелерін,саудадағы азық-түліктерді санитарлы қадағалайды. Фельдшер жоспарлы медициналық қарауды, тұрғындарды диспансерлеу, алдын-алу іс-шараларын іске асырады. Акушер әйелдерге жүктілік кезінде және босану уақытында көмек көрсетеді, босанған әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды.
Медициналық-сантиралы бөлім – өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік учаскелік принцип бойынша өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін амбулаторлы типті емдеу алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық дәрігерлері және кәсіби ақаулары бойынша мамандар қызмет етеді.
Медициналық-санитарлық бөлім құрамына емханадан басқа стационар, денсаулық пункті, профилакториялар, шипажайлар, балаларды сауықтыруға арналған лагерьлер және т.б. кіретін комплексті емдік-алдын-алу мекеме.
Медициналық-сантиарлық бөлімнің мақсаты жұмыс үдерісімен байланысты аурулардың алдын-алу, алғашқы көмек көрсету және науқастарды емдеу. Аймақтық (цехтік) дәрігер мен мейірбике жұмыс орнындағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек шарттарын зерттейді, кәсіби зияндылықтарды анықтап, өндірістік жұмысшылардың еңбек шарттарымен тұрмысын жақсартуға және өнеркәсіп жұмысшыларының өндірістік жарақат алуды болдырмауға бағытталған алдын-алу іс-шаралар комплексін ұйымдастыруға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет