С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет23/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Бөлімшенің палаталары кең, жарық, жақсы желдетілетін, есіктері кең болуы қажет. Палата қабырғалары ашық түстес майлы бояулармен боялып, палаталар тек ең қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілуі керек (төсектермен, функциональды кереуеттермен, аласа шкафтармен, орындықтармен). Төсектердің бас жағын қабырғаға қаратып, олардың араларында 1 м қашықтық болуы талап етіледі. Палаталардағы науқастар саны төртеуден көп болмауы керек. Әлсіз, әрі ауыр жағдайдағы науқастарды тамақтандыру үшін төсек жанындағы үстелдер және палатада науқастардың туысқандары әкелген азық-түлік сақталуына арналған тоңазытқыш болуы қажет. Ауруханадағы жиһаздар жайлы, жеңіл жуылатын және беткейлері жылтыр болуы шарт.
Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және ем-шара бөлмелеріне жақын шу және вибрация туғызатын құрал-жабдықтардың орнатылуына тыйым салынады.
Негізгі бөлмелер табиғи жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Тек жасанды жарықпен қолдануға тек қоймалар, санитарлық бөлмелер, клизма жасайтын бөлмелер, жеке гигиенаға арналған бөлмелер, персоналға арналған душ және сыртқы киім сақталатын бөлмелер, операцияға дейінгі және операцияға арналған, аппараттар сақталатын, наркозға арналған және т.б. қолданылуы табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін бөлмелерге рұқсат етілген. Бөлімшенің дәліз қабырғаларындағы терезелерден және холлдардан табиғи жарық түсіп тұру керек. Жарық түсу көздерінің ара қашықтығы 24 м аспауы керек. Жалпы жасанды жарық көзі барлық бөлмелерде болу керек. Бөлменің төбесінде орнатылған жалпы жарық беретін шамшырақтар бірыңғай плафондармен жабдықталған. Палаталарды жарықпен қамтамасыз етуге арналған қабырғаға орнатылған шамшырақтар әр төсек орынның жанына, еденнен 1,7 м биіктікте тұрады.
Апатты жарықпен қамтамасыз ету операциялық блоктарда, реанимациялық, бала туу бөлімшелерінде, таңу, ем-шара және манипуляция жасайтын бөлмелерде, қабылдау бөлімшелерінде, шұғыл зерттеулер жасау, кезекші мейірбикелік посттарда, оперативті бөлімшелер орындарында, шақырылған жерге барып, жедел көмек көрсететін бригадалардың жәшіктерін сақтауға арналған орындар, жедел медициналық көмек станциясының (бөлімше) дәрі-дәрмек сақтау бөлмелерінде орнатылған.
Палаталардың желдетілуі тарту-сору жүйесі және табиғи желдетілу (терезелер) арқылы жүзеге асырылады. Палаталардағы ауа температурасы +20°С, таңу, балаларбөлімшелерінде және жуыну бөлмелерінде +22-25°С, операция және бала туу бөлімшелерінде +25°С болу керек. Бөлмелердегі ауа температурасы бірқалыпты болуы шарт. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% болу керек [18].
Стационарға жатқызу көрсеткіштеріне науқасқа мамандандырылған, арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің тәулік бойы медициналық байқаумен қамтамасыз етілуі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет