С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Емдеу бөлімшесінің жұмыс тәртібінің қағидалары



бет22/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс тәртібінің қағидалары
Емдеу бөлімшесі аурухананың негізгі құрылымы болып табылады, бас дәрігердің бұйрығымен тағайындалатын және жұмысынан босатылатын меңгерушімен басқарылады. Бөлім меңгерушісі дәрігер-ординаторлардың жұмыстарын және аға мейірбике арқылы орта медициналық қызметкердің жұмысын басқарады. Бөлімшелер 30 немесе одан да көп төсек-орнымен қамтамасыз етілген, өз жұмысында барлық емдеу және диагностикалық қызметтерді қолданады [20, 29].
Емдік бөлімшелер келесі бөлмелерден тұрады:

  • пациенттерге арналған палаталар;

  • ем-шара/байлам салу кабинеті;

  • кіші ем-шара кабинеті - бұл жерде клизмалар жасалады, асқазан жуады және т.б.

  • бөлім меңгерушісінің кабинеті;

  • ординатор бөлмесі (дәрігерлер бөлмесі);

  • буфет бөлмесі және науқастарға тамақ тарату үшін асхана;

  • санитарлық бөлме (ванна, душ, дәретхана, гигиеналық бөлме);

  • аға мейірбикенің кабинеті;

  • таза киімдерді және төсек-орындарды сақтайтын бөлме;

  • мейірбикелер бөлмесі;

  • шаруашылық бөлмелері.

Бөлімшеге саласына байланысты арнайы кабинеттерге орын беріледі (мысалы, кардиологиялық бөлімшеде - ЭКГ бөлмесі, гастроэнтерологиялық бөлімшеде – эндоскопия бөлмесі).
Инфекциялық стационарларда палата бөлімшесінің негізгі құрылымы боксты орындар болады: бокс, жартылай бокс, боксталған палаталар. Туберкулезге қарсы ауруханаларда құрылымдық бірліктер палаталық секциялар болады, олар «таза» және «таза емес» зоналарға бөлінеді.
Мейірбикенің жұмыс орны бөлімшенің дәлізінде, бұл жерде мейірбикелік тұрақ-пост орнатылған. Пост палаталарға жақын орналастырады, өйткені мейірбике барлық өзіне қарасты палаталарды көріп отыру керек. Посттың жабдықталуы: үстел, құрал-жабдықтарды және дәрі-дәрмектердің сақталуына арналған шкафтар, наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілік заттарды сақтайтын сейф, дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқыш (инфузиялық ерітінділерге), дәрі-дәрмектерді таратуға арналған қозғалмалы үстел. Мейірбикелік пост телефонмен, үстел үсті лампасымен, палаталардағы науқастар шақыру үшін арналған сигнализация нүктесі, қолжуғыш. Кезекші мейірбике аурухананың барлық бөлімшелерінің телефондар тізімімен қамтамасыз етілуі керек (сонымен қатар, шаруашылық қызметі), авариялық жағдайдағы қызметтер, науқастарды эвакуациялау жоспары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет