С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері



бет24/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері

  • Білікті, жедел және басқа да көмек түрлерін көрсетеді.

  • Науқасты жүргізу мен зерттеу тактикасын анықтайды.

  • Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).

  • Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.

  • Емді тағайындап, бақылайды, арнайы диагностикалық, емдік, алдын-алу іс-шараларды өз бетінше жүргізеді.

  • Науқасты күнделікті қарайды.

  • Науқастың жағдайына байланысы емдеу жоспарына өзгерістер енгізіп, қосалқы зерттеу әдістерінің қажеттілігін анықтайды.

  • Диагностикалық және емдік іс-шаралардың орындалуын, құрал-аспаптардың дұрыс қолданылуын бақылайды.

  • Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.

  • Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.

  • Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

  • Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.

  • Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.

  • Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санаторлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.

  • Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.

  • Ауруларды емдеу мен алдын-алудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.

  • Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкердің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

  • Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды [18].

Медициналық ұжымдағы сәтті қызмет – дәрігерлердің орта және кіші мед. қызметкерлерімен өзара сыйластығына байланысты келеді. Мейірбикелер мен санитарлар науқастармен күні-түні қатынаста болып, аурудың жаңа белгілерін байқай алады. Мейірбикелер науқастардың жағдайының ушығуын уақытылы байқау арқасында дер кезінде көмек көрсетіліп, қаншама адамның өмірі сақталған. Осыған орай дәрігер өз көмекшілеріне деген қарым-қатынастың қызметтік түрін нығайтып, мейірбикелік үдерістің дұрыс ұйымдасуына жәрдемдесуі міндетті.
Бөлімшеде аға мейірбике жұмысының маңызы зор. Аға мейірбикеге барлық мейірбикелер, кіші медицина және күтуші қызметшілер бағынады. Бөлімшедегі науқасқа медициналық көмек көрсету сапасы аға мейірбике жұмысының ұйымдастырылуына байланысты [18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет