С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі



бет68/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі

  • Қатаң төсек режимі - науқас максимальді шектелген, төсекте активті қозғалу қатаң тиым салынады, тіпті бір бүйірінен келесіне бүйіріне орнын ауыстыру да. Бұндай режим реанимацияда және интенсивті терапияның бөлімшесінде, ота жасалғанан кейін, омыртқаның және бас ми жарақатынан кейін тағайындалады.

  • Төсек - науқас төсектен тұрмайды, отыра алады, бұрыла алады. Барлық жеке басына қатысты гигиеналық шаралар төсекте кіші медбикенің көмегімен жүргізіледі.

  • Жартылай төсек - науқас барлық уақытын төсекте өткізеді,төсектің шетіне отырады немесе тағам қабылдауға арналған орындықта отырады, таңертеңгілік тазалығын және дәретханаға медбикенің көмегімен бара алады.

  • Бөлмелік (палаталық) - науқас көп уақытын төсекте өткізеді, бөлменің ішінде еркін жүруге рұқсат етіледі. Барлық жеке басына қатысты шаралар бөлменің (палатаның) ішінде жүргізіледі.

  • Жалпы (еркін) - науқас бөлімшеде, аурухананың шекарасында және аурухананың аймағында белсенді қимыл қозғалысының шектелуінсіз бола алады. Дәлізде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың шекарасында серуендеуге рұқсат етіледі. Режимнің түрін тек дәрігер тағайындайды, рұқсатынсыз режимді өзгертуге болмайды.

Науқастың күтімі кезінде әрқашан да ауыр сырқатты науқастардың орын ауыстыруы және көтерілуі кезінде мәселелер болатын. Әсіресе толық, әлсіз, қарт, салмағы 80-100 кг-нан асатын немесе төсектегі жағдайын ауыстыруға мұршасы жоқ науқастармен жұмыс өте қиын.
Ауыр сырқатты науқастарға жайлы орын әрі қозғалмалы режим қамтамасыз ету мақсаты менжасалған функциональді төсек қазіргі кезде кең қолданылады (9-сурет).



www.medalnet.ru

9-сурет.
Функционалды төсек



Функциональді төсек басқарма бұрандамаларын қозғалту арқылы қалыптарын өзгертетін бірнеше секциядан құралады. Бас және аяқ шеттері керекті қалыпқа тез орнатылады. Бұл төсектерге науқастарға жағдай жасау үшін арнайы құрылғылар, яғни: төсек жанындағы үстел, дәріні тамшылатып құю үшін арналған штативтер, зәр қабылдағыш және судно сақтайтын бөлімшелер бекітілген.
Мейірбике бақылау үшін емдеу-сақтандыру режимін қамтамасыз ететін шараларда негізгі орын науқастың психологиялық жағдайына беріледі. Ауруханадағы жағдай тек қана гигиеналық емес, эстетикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Мейірбикелік персонал барлық этикалық және деонтологиялық ережелерге сай барлық науқастарға мейірімді әрі қамқор жағдайлар туғызу керек. Науқастар уақтылы және қажет мөлшерде тамақтануын қадағалау керек. Қажет жағдайда мейірбике науқастарды тамақтандырумен айналысады. Науқастар тамақ қабылдаудан бас тартқан жағдайда мейірбике шұғыл түрде дәрігерге хабарлау керек.
Сонымен қатар, науқастардың дұрыс тынығуы негізгі болып саналады. Мейірбике түскі тынығу уақытында және түнгі ұйқы кезіндегі тыныштықа және науқастардың дұрыс тынығуын бақылау керек (жарық беретін құрал-жабдықтардың, радио, теледидар және т.б. дер кезінде сөндірілуіне). Кіші медициналық персоналға науқастардың тынығуы кезінде палаталарда жинастыру жұмыстарын жасауға тиым салынуын айту керек.
Науқастармен сұхбат жүргізу - емдеу-сақтандыру режимінің бөлігі. Мейірбикелер науқасқа сауығуға деген үміті жүзеге асырылатынын айтып, оның көңіл-күйін көтеріп, бәрі жақсы келе жатқанын көрсету керек. Бұл кезде мейірбикенің шыншылдығы және мейірімділігі үлкен рөл атқарады.
Яғни, дұрыс құрастырылған емдеу-сақтандыру режимі науқастың емдеу мекемесінде болуы кезінде оған оптималды жағдай жасай отырып, науқастың сауығу процессіне оң әсер көрестетіндіктен үлкен рөл атқарады.
Аурухана ішілік инфекция (госпитальді, нозокомиальді) – науқастардың емдік мекемелерде сырқаттануымен жүретін инфекциялы аурулар. Аурухана ішілік инфекцияның жиі қоздырғышы антибиотиктерге резистентті ішек таяқшалары, алтын стафилококк, көк ірің таяқшасы, протей, клебсиелла, кандида саңырауқұлақтары болып табылады.
Аурухана ішілік инфекциялардың негізгі себептері – санитарлы-эпидемияға қарсы режимнің дөрекі бұзылуы: әсері төмен дезинфекциялық заттарды қолдану, сумен қамтамасыз етуде ақаулар, медицина қызметкерлерінің қолды өңдеуде гигиеналық нормаларды ұстанбауы, медициналық құрал-жабдықтарды стерилизациялау мен дезинфекцияны дер кезінде немесе сапасыз жасалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет