6.6 Орындық - арбамен тасымалдау Кейбір жағдайда науқасты бөлімге орындық-арбамен тасымалдау пайдалы. Науқасты бұл әдіспен тасымалдау – жайлы және ыңғайлы [29, 32].
Көбіне арнайы орындық-арбамен әлсіреген науқастарды, егде және қария жастағы науқастарды тасымалдайды. Мысалы, науқасты жатқан қалпында тасымалдау және өз бетінше жүру қарсы көрсеткіш болып табылса тасымалдауды орындық-арбамен жүзеге асырады (бронх демікпесі, өкпе ісінуі) (сурет 19).
Орындық-арбаны науқастың физикалық күшінің көптеу жағына кереуетке аздаған бұрышпен қойяды. Орындық-арбаның шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін алып тастап, тежеуіштерді бекіту керек.
Науқас тасымалдауға дайын болғанда, оның бөксесі кереует жиегіне таянуы керек, себебі ауыстырғанды тепе-теңдікті сақтау мақсатында. Науқас аяқтары еденде тұрып, өкшелері қозғалыс жағына қарай бағытталуы керек. Бұл отыруға ыңғайланған науқас денесін бұрған кезде аяқтарының шатаспауына әкеледі.
Медқызметкер орындықтан алыс тұрған аяғын науқас тізелері арасына, ал екіншісін қозғалыс бағыты бойынша қояды. Құрсақ және бөксе бұлшықеттерін күштеп, тізелерін бүгіп, арқаны тік ұстауы керек.
Науқасқа жақын тұру қажет. Науқасты «3» реттік саны айтылғанда тұруы керектігін ескертеміз. Әрбір реттік санда науқас алдыға немесе артқа шайқалып тұруға серпін алады, «3» реттік саны айтылғанда тасымалдаушы науқасты өзіне қысып және арқасын тік ұстап науқасты көтеруі керек (сурет 20).
y-ra.com
ppt4web.ru
Сурет 20.
Науқасты кереуеттен орындық-арбаға отырғызу
Абайлап науқасты орындыққа отырғызады. Бұл үшін тізелерді бүгіп, арқаны тік ұстау керек. Науқас орындыққа отырған соң шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін орнына қойып, науқас аяқтарын аяқ тіреуішке орналастырады.