С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет94/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Терінің ылғалдылығы. Дені сау адамдардың қалыпты жағдайда терісі сәл ылғалды болады, бірақ физиологиялық терлеу кең ауқымда тербеледі. Дені сау адам терісінің аздаған ылғалдылығы, тер бездерінен үнемі микроскопиялық сұйықтық тамшылары бөлінуіне байланысты болады. Эмоционалды және физикалық күш түскенде, тамақ ішкеннен кейін, жоғары температурада және қоршаған орта ылғалды болғанда, тері ылғалдылығының жоғарылауы болады. Құрғақ ыстық ауа-райында, сұйықтықты қолдануды шектегенде тері ылғалдығы төмендейді. Қолтық астында ылғалдылық үнемі жоғары болады. Жасқа, тер бездерінің семуіне байланысты тері ылғалдығы төмендейді, құрғақ болады. Тер бөліну бұзылыстарының ең жиі себептері болып табылады: қызба, шок, орталық және вегетативті нерв жүйесі аурулары, жұқпалы, соматикалық және эндокриндік аурулар, интоксикациялар.
Тургор (тері серпімділігі) - бұл терінің серпімділігі мен керілу көрсеткіші, ол тәулік ішінде функционалды және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Әдетте жас ұлғайған сайын тері тургоры біршама төмендейді (қарт адамдарда бірден төмендеген). Тургордың төмендеуі - дистрофияда, созылмалы интоксикацияда, жедел асқорыту бұзылыстарында, ағзаның сусыздануында, несеп айдайтын заттарды қабылдағанда және басқалары кезінде басты диагностикалық синдром. Айығу кезінде тері тургоры тез қалпына келеді.
Тіндердің тургорын санның ішкі бетінің барлық тері қабатын, тері асты қабатын және бұлшық еттерін басқанда анықталады.

  • егер қатпар тез және толық жазылса -тері тургоры жақсы деп есептеледі;

  • егер қатпар баяу, бірақ толық жазылса -тері тургоры төмендеген;

  • егер қатпар біраз уақытқа дейін жазылмаса, онда тургоры бірден төмендеген.

Тургордың қалпына келуі науқастың айығуының бір критериі болып табылады.



  1. Тыныс алу жағдайын бағалау

Дені сау адамда тыныс алу қозғалыстары тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде болады: қабырға аралық, көк еттік және іш қабырғасы бұлшықеттері. Тыныс тынысалу орталығы және ми қыртысымен реттеледі. Оттегі жетіспегенде немесе қандағы көмірқышқыл газдың жоғарылауы кезінде тыныс алу орталығының тітіркенуі салдарынан тыныстың белсенділігі күшейеді. Кей жағдайларда тыныс алу орталығы ауырлауы мүмкін, ол тыныстың тереңдігі мен жиілігін азайтуға, не тоқтауға дейін әкеледі (гипервентиляция, қанда оттегі концентрациясының көп болуы) [7, 32]. 


Науқасты қарағанда тыныстың типін, жиілігін, тереңдігін және тыныс алудың қозғалыс сипатын анықтайды. Науқастың кеуде клеткасына қолын қойып, не фонендоскоптың көмегімен тыныс алу қозғалысын сезу арқылы, дем алу - дем шығару циклін қарап есептеуге болады. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жүргізу қажеттігін есте сақтау керек. Егер науқас біздің бақылауымызды білсе, ол «көмектесу» жасайды және тыныс алу қозғалысы жиілігін өзгертеді. Бұл дұрыс нәтиже алуға кедергі жасайды.
Мына әдісті қолданған дұрыс: науқастың қолын алып, пульс жиілігін есептеп жатқандай болып, шын мәнінде бір минуттағы тыныс алу қозғалыс жиілігін есептеу керек.
Тыныс алудың үш типін ажыратады: кеуде, іш және аралас.
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет