С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет107/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Механикалық әдіс

  • Битті және оның жұмыртқаларын тарақпен тарау арқылы, шашын қию немесе қыру арқылы жояды. Шашты жинау үшін клеенка немесе қағазды астына төсейді, шашты және жәндіктерді қағазбен бірге жағады. Жұмыртқаларын түсіру үшін шашты тарамас бұрын алдымен жуады, сірке қышқылының жылы ерітіндісімен немесе жылы асхана сірке суымен шаяды. Сірке суға малынған тарақтың тісшелеріне мақта жіпшелерін немесе жіпті өткізеді, содан соң жұмыртқаларды жиі тісті тарақпен тарайды [7].

  • Сабындалған ысқышпен және ыстық сумен денесін жуады, іш киімдерін ауыстырады.

Физикалық әдіс

Орташа және үлкен зақымдалуда (он экземплярдан көп) педикулезді инсектицидтерді қолдануды ұсынады. Педикулицидтерді бес жасқа дейінгі балаларға, емізетін аналарға, жүкті әйелдерге, терісі зақымдалған адамдарға (микротравмалар, дерматиттер, экземалар) қолданылмайды.
Химиялық әдіс
Химиялық заттарды қолдану арқылы биттерді жою.
Кәзіргі уақытта педикулезбен күресетін улы емес, шашты қиюды қажет етпейтін арнайы заттар өте көп. Затты шашқа жағады және үстіне балауыз қағазды жабады, басына бас киім немесе орамал тағып, кейін басын арнайы сусабынмен жуады. 
Шашты немесе шат түктерін өңдеу үшін:

  • 10% сабын-керосинді сулы эмульсия - 10-50 мг "Нитифор" лосьоні 50-80 мг

  • "Антибит"лосьоні - 50-80 мг

  • Эктоцид 1:1000 - 100 мл

  • Тамырдәрінің суы - 100 мл

  • "Педилин" сусабыны- 10-30 г

Киімді, бөлмені, заттарды өңдеу үшін:

  • 20% сабын-керосинді сулы эмульсия - 350-400 мл

  • Пиретрум (ұнтақ) - 250 грамм

  • Эктоцид 1:3000 (белсенділігі 30-40 күндей)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет