С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет109/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Педикулезді алдын-алу

  • Жеке және жалпы гигиенаны сақтау: денесін үнемі жуу (аптасына 2 рет), іш киімдерді және төсек-орынды ауыстырып отыру; төсек-орынды жоғары температурада жуу, ыстық өтекпен киімдерді, әсіресе тігістерді үтіктеу, өйткені ол жерлерге биттер жұмыртқасын салады.

  • Жеке тарақты басқа адамдарға бермеу.

  • Бит пайда болмас үшін шүйде аймағына және құлағының артына лаванда және шай ағашының сұйықтығын жағу.

  • Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды).

  1. Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет.

  • Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет.

Шат педикулезі (фтириаз) - гениталидың (шат, ұма, шап аралық) шаш бөлігін, анальды тесік жандарын, қолтық астындағы шаштарды зақымдайтын терінің паразитарлы ауруы.
Қатерлі топқа: қарулы шиеленіс аймақтарында үйсіз, қашып жүрген адамдар, бас бостандығынан айырылған мекемелерде айыбын өтеушілер, казармада тұратын әскери адамдар, монша және кір жуатын жердің қызметкерлері, сексуалды қызмет көрсететіндер және басқалары.
Шат битімен зақымдалу жолдары: шат педикулезімен ауыратын адаммен жыныстық қатынас, науқастың терісімен жақын жанасуда, бөтен адамның киімін кию, жалпы монша, сауна немесе душтық бөлмеге барғанда.
Шат битінен құтылу әдістері

  • механикалық-биттерден шашты қыру арқылы құтылу

  • химиялық-күшті инсектицидті препараттар (Педиллин, Медифокс және басқ.) көмегімен биттерге әсер ету. Бұл әдіспен 1 сағат ішінде бір рет өңдеген соң, паразиттерді толық жоюға болады.

Фтириаздың алдын-алу: жеке гигиена ережелерін орындау, бөтен адамның киімін, төсегін, заттарын қолданбау, ретсіз сексуалды қатынастан қашу, үнемі төсегін жуып, үтікпен өтектеу.


1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет