Іс-шараның орындалуы:
1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.
2. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.
4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.
6. Науқастан тізелерін бүгуін сұрап, табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына салып жамбасын көтеруге көмектеседі).
7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.
8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз.
9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманы ысырып тазаны жаямыз.
10. Науқас аяғын түсіреміз.
11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.
12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
13. Қолқапты шешеміз
14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сур. 58).
Іс-шараның орындалуы:
1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.
2. Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз.
3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.
4. Науқас басын жастыққа түсіреміз.
5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.
6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:
1. Таза жейдені арқасында жинаймыз
2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз
3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз
4. Төменге дейін жейдені жазамыз [6, 32].