§ 7.1, бет. 196-201
Лазерлік ойнатқыш программасы. Дауыс қаттылығын реттеу. Әмбебап ойнатқыш программасы. Фонограф программасы.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 32 сағ.саны.: 1
Тақырып: Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.
Мақсат: Оқушыларды жергілікті желі және электрондық пошта ұғымдарымен таныстыру. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жеткізу туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылады жергілікті желі және электронды пошта ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту. Желілік құралдарды пайдалану деңгейін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?
-
Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?
-
Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
-
Мультимедиа дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы,программаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.
Бір-бірімен жақын аралықта орналасқан компьютерлер тобын жергілікті желі деп атайды.
Қандай да бір желілік қорды пайдалану үшін:
-
Сетевое окружение қапшығын ашыңдар да, онда қажетті қоры бар компьютерді таңдаңдар.
-
Компьютердегі қорды ашу керек
-
Егер қорға қатынау шектелмеген болса, онда бұл дискімен немесе қапшықпен жергілікті қор сияқты жұмыс істеуге болады.
-
Егер қорға қатынау парольмен шектелген болса, пайда болған диалогтық терезеде парольді енгізіп, ОК батырмасын басу керек.
Электрондық пошта кәдімгі поштаны еске салады: өздерің жіберетін немесе алатын хабарлардың барлығы желілік серверде орнатылған басты бір «пошта бөлімі» арқылы өтеді.
Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады. Ақпарат хат, есесп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. болуы мүмкін.
Мұндай желі арқылы хабар алмасу жүйесін электрондық пошта деп атайды.
Желі абоненті өзі қосылған тораптың пошталық серверінде тіркеледі және бұл сервер оған жеке пошта жәшігін тағайындайды, яғни пошта серверінде оған сыртқы жадтың бөлімі арналады. Әрбір пошта жәшігіне өз аты беріледі. Бұл жәшікке жіберуші абоненттен алушы абоненттің атына жіберілген хаттар мен пошта келіп түседі.
Сергіту жаттығуы. (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма.
Электрондық поштаның кәдімгі поштамен ұқсастығымен айырмашылығын жаз.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Жергілікті желі дегеніміз не?
-
Электрондық пошта не үшін қажет?
-
Хабарлар құру жолы?
-
Желілік қорды пайдалану реті?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 8.1, бет. 206-220
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта дегеніміз не. Хабарлама құру.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 33 сағ.саны.: 1
Тақырып: Компакт – дискіден программаларды қондыру және жіберу.
Мақсат: Оқушыларды компакт – дискіден программаларды орнату және іске қосу туралы білімдерін қалыптастыру және компакт-дискіден программаларды орнатуды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды компакт-дискілермен жұмыс жасаға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Жергілікті желі дегеніміз не?
-
Электрондық пошта не үшін қажет?
-
Хабарлар құру жолы?
-
Желілік қорды пайдалану реті?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.
Компакт-дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.
Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни сендер CD-ROM ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматтты түрде жүреді. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install батырмасын таңдау керек немесе егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасын шертіңдер. Орысша нұсқада бұл батырмалардың кез келгенінің орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмакса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқада ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.
Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар: Yes, No, Agree, No; Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б. лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree; Да, Согласен деп жауап беру қажет.
Содан соң орнату барысында тек ОК, Next батырмасын басу керек.
Сондай-ақ соңғы кездерде Орнату базасы бар ойындар жинағы кең таралды. Олардың соңғылары автоматты қосқышпен жабдықталған.
Егер автоматты түрде қосылмаса, онда базаның файлын дискіден өз беттеріңмен іздеуге тура келеді.
Сергіту жаттығуы. (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
CD диаметрі қандай?
-
CD –де не сақталады?
-
CD –ге қанша рет ақпарат жазуға болады?
-
CD –де қандай көлемде ақпарат орналасады?
-
Компакт-дискіден программа қалай орнатамыз?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 7.2, бет. 201-205
Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |