§ 4.2, бет. 110-113
Paint графикалық редакторының құралдары.
Пән Информатика сынып 7_ Дата . .
сабақ №: 22 сағ.саны.: 1
Тақырып: Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу.
Мақсат: Оқушылардың суреттерді құру, сақтау, редакторлау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру. Қисық сызық және көпбұрыш құралдарын қолдануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Құралдар тақтасы қандай құралдардан тұрады?
-
Түстер палитрасын қалай қолданамыз?
-
Егер құралдар тақтасы мен түстер палитрасы терезеде жоқ болса, оны қалай шығарамыз:
-
Құралдардың қызметі қандай?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Қисық сызықтар сызу үшін:
-
Кривая құралының батырмасын шертіңдер.
-
Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын сызықтар жиынан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар.
-
Тышқан нұсқағышын сурет салу аймағындағы қисық сызық басталатын жерге апарып, оның сол жақ батырмасын басып тұрып, қисық сызық аяқталатын нүктеге тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер.
-
Тышқанның нұсқағышын түзу сызықтың иілетін бөлігінің жанына апарып, сол жақ батырманы басып тұрып, түзу сызықты иілетін бағытта жылжытыңдар. Мұны орындағаннан кейін бір рет иілген сызық шығады.
-
Егер екі сызық қажет болса, онда 4-қадамда орындаған әрекеттерді қайталау қажет.
Көпбұрыштар салу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
-
Многоугольник батырмасын шертуден бастаңдар.
-
Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын жиыннан көпбұрыштың үш түрінің бірін таңдаңдар.
-
Тышқан нұсқағышын көпбұрыштың бірінші қабырғасы басталатын жерге апарыңдар. Содан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталады деп ойлайтын жерге дейін тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер.
-
Тышқанның нұсқағышын екінші қабырғаның соңына дейін тасымалдап сол нүктеде шертіңдер. Мұны орындағаннан кейін, редактор келесі қабырғаны салады.
4-қадамның әрекеттерін көпбұрыштың барлық қабырғалары салынып болғанша қайталаңдар.
Құю құралын пайдалану
Құралдар тақтасында Құю құралы , оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса, бояу бүкіл экранға төгіледі.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Қисық сызық сызу үшін қандай әрекеттер орындалады?
-
Көпбұрыш салу үшін қандай әрекеттер орындалады?
-
Тұйық контурды қалай бояймыз?
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма1. Қисық сызық құралының көмегімен СПИРАЛЬ суретін сал.
Тапсырма2. Эллипс және Қисық сызық құралдарының көмегімен МОНАДА суретін сал.
Тапсырма3. Көпбұрыш құралы көмегімен қолыңды алмай келесі фигураларды сал.
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға қисық сызық, көпбұрыш құралдары арқылы сурет салу туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 4.2, бет. 113-118
Paint графикалық редакторының құралдары.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 23 сағ.саны.: 1
Тақырып: Paint – тің қосымша мүмкіндіктері.
Мақсат: Оқушылардың Paint бағдарламасында командалармен жұмыс жасауға және мәтіні бар сурет салып үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Paint редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Бүріккіш құралын пайдалану әрекеттері?
-
Қылқалам құралын пайдалану қалай жүзеге асырылады?
-
Өшіргіш құралы қалай қолданылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Команданы орындатпау.
Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмаса, оны түзеуге болады. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларыңа болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдалануға болады. Правка – Отменить командасын орындау соңғы әрекетті ғана орындатпайды.
Ал оның алдында орындалған әрекетті болдырмау үшін, Отменить командасын тағы бір рет пайдалану керек. Осы сияқты үшінші әрекетті де алып тастауға болады.
Суретті қалай сақтайды.
Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда оған ат беру керек.
Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады, имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.
Қайта сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.
Мәтіні бар суреттер салу.
Өздерің салған суретке жазу қосуға болады. Суретке мәтін қосу үшін келесі әрекеттер орындалады:
-
Надпись құралын таңдаңдар.
-
Тышқанмен мәтін жазылатын төрбұрышты жақтау салыңдар. Сонда жақтаудың ішінде кірістіру меңзері пайда болады.
-
Пернетақтадан теретін мәтінде теріңдер.
-
Егер қаріптің өлшемін өзгерткілерің келсе немесе оларды курсив, жартылай қалың немесе асты сызылған түрде жазғыларың келсе, онда Шрифты құрал-саймандар тақтасы қажет болады.
-
Мәтінді енгізгеннен кейін, құрал-саймандар тақтасындағы қандай да бір батырмада немесе мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма.
Өз мектептеріңнің немесе үйлеріңнің жоспарын салыңдар.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Суретті қалай сақтаймыз?
-
Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?
-
Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?
-
Мәтіні бар суретті қалай саламыз?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға редактордың командалары туралы мағлұмат беру.және мәтіні бар суреттерді салып үйрету.
7)Үйге тапсырма § 4.4, бет. 129-133
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 24 сағ.саны.: 1
Тақырып: Paint – тің қосымша мүмкіндіктері.
Мақсат: Оқушылардың Paint бағдарламасында үзінділермен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру. Үзінділермен жұмыс жасауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды үзінділермен жұмыс жасау тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Суретті қалай сақтаймыз?
-
Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?
-
Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?
-
Мәтіні бар суретті қалай саламыз??
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Белгілеу немесе Ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:
-
Алмасу буферіне қиып алу.
-
Алмасу буферіне көшіру.
-
Осы суретті басқа жерге апару.
-
Берілгенсуреттің өлшемінде көшіру.
-
Оны сурет бойынша «көбейту».
-
Пішіні мен өлшемін өзгерту.
-
Өлшемін өзгерту және қисайту.
-
Төңкеру немесе кері бұру.
-
Түсін өзгерту.
-
Өшіру (жою).
Үзіндіні жылжыту және көшіру.
Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдалануға болады. Вырезать командасын таңдағанда, Paint программасы үзіндіні суреттен алып, алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасын орындаса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне көшірмесі орналастырылады.
Суреттің үзіндісін көшіру үшін:
-
Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
-
Правка – Копировать командасын орындаңдар.
-
Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.
-
Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.
Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:
-
Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
-
Правка – Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді.
-
Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіні терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.
-
Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма. Киімдерін ауыстырыңдыр.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Сурет көлемін қалай өзгертеміз?
-
Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?
-
Суретті баспаға шығару командасы?
-
Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?
-
Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға үзінділермен жұмыс жасауға үйрету.
7) Үйге тапсырма § 4.4, бет. 133-143
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 25 сағ.саны.: 1
Тақырып: WordPad мәтіндік редакторы көмегімен мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор терезесі.
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру, онымен жұмыс жасау негіздерін түсіндіру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Сурет көлемін қалай өзгертеміз?
-
Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?
-
Суретті баспаға шығару командасы?
-
Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?
-
Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
WordPad редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі
шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.
Windows жүйесінде - Іске косу=>Программалар => Стандартты => WordPad командасын орындау қажет. WordPad және Write редакторлары мәтіндік қүжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, қүжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, онын беттерінің параметрлерін өзгертуге жәш қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішішн біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі – ондағы кез келген қолданбалы программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:
-
тақырып жолы
-
меню жолы
-
құрал-саймандар тақтасы
-
пішімдеу тақтасы
-
сызғыш
-
жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
WordPad программасын іске қосу командасы?
-
WordPad терезесі қандай элементтерден тұрады?
-
WordPad терезесі элементтерінің қызметтері?
-
WordPad редакторы не үшін қолданылады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 5.1, бет. 146-149
WordPad мәтіндік редакторы. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 26 сағ.саны.: 1
Тақырып: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторының мәзірімен, құралдар тақтасымен таныстыру. Мәтінді теру ережелерін ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Тест алу
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:
-
тақырып жолы
-
меню жолы
-
құрал-саймандар тақтасы
-
пішімдеу тақтасы
-
сызғыш
-
жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.
Жұмыс аймағы
Қалып-күй жолы
Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
-
WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
-
WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
-
WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
-
Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
-
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |