Сабақ №: 1 сағ. саны.: 1 Тақырып: Есептеу i ш техника кабинет i ндег


Файлдың немесе қапшықтың атауын өзгерту үшін



бет3/6
Дата04.03.2016
өлшемі0.84 Mb.
#41450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Файлдың немесе қапшықтың атауын өзгерту үшін


    1. Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығын ашыңдар.

Егерде Менің құжаттарым «Мои документы» қапшығында немесе оның ішкі қапшықтарында атауын өзгерту ұйғарылған файл немесе қапшық жоқ болса, онда Іздестіру «Поиск» батырмасын басып ол файлды немесе қапшықты табыңдар. Іздестіру құралын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңдар, Іздестіру (Поиск) командасын таңдаңдар, ал содан кейін Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдаңдар.

    1. Атауы өзгертіліетін файлды немесе қапшықты таңдаңдар.

    2. Файлдар мен қапшықтарға арналған типтік міндеттер (Типичные задачи для файлов и папок) тобындағы Осы файлдың атауын өзгерту (Переименовать этот файл) немесе осы қапшықтың атауын өзгерту (Переименовать эту папку) сілтемесін шертіңдер.

    3. Жаңа аиау енгізіңдер де ЕНГІЗУ (ВВОД) пернесін басыңдар.

«Мені құжаттарым» қапшығын ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым (Мои документы) таңбашасын екі рет шертіңдер.

  • Кейбір бағдарламалар файлдардың ұзын атауын танымайды. Мұндай бағдарламалар үшін файлдың атауының шекті ұзындығы сегіз символды құрайды. Файлдардың атауына кесесі символдарды пайдалану рұқсат етілмейді: \ / : * ? " < > |.

  • Сондай-ақ маустың оң жақ батырмасын шертіп және Атауын өзгерту (Переименовать) командасын таңдап та Файл мен қапшықтың атауын өзгертуге болады.

  • «Documents және Settings», «Windows» немесе «System32» сияқты қапшықтар жүйесінің атауын өзгертуге болмайды. Олар Windows-тың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажат.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Объектілерді жылжыту тәсілдері?

  2. Объектілерді көшіру тәсілдері?

  3. Объектілерді қайта атау тәсілдері

  4. Объектілерді не үшін себетке көшіреді?

  5. Объектілерді себеттен қайта қалпына келтіру тәсілдері?

  6. Себетті тазалау операциясықалай ындалады?

6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға объектілерді көшіру және жылжыту туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 3.5, бет. 93-99

Объектілермен жұмыс істеу.


Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 18 сағ.саны.: 1

Тақырып: Объектілерді іздеу. Сілтеуіш. Анықтама.

Мақсат: Оқушылардың объектілерді іздеу, сілтеуіш және анықтамалық жүйелер туралы білімін қалыптастыру. Олармен жұмыс жасауды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Сілтеуіш және анықтама ұғымдарымен таныстыру

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылар еңбек ету сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Объектілерді не үшін себетке көшіреді?

  2. Объектілерді себеттен қайта қалпына келтіру тәсілдері?

  3. Себетті тазалау операциясықалай ындалады?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Windows-тың сілтеуіші компьютердегі файлдардың, қапшықтар мен дискілердің иерархиялық құрылымын бейнелейді. Онда сонымен қатар қосылған желілік дискілер бейнеленеді. Windows-тың сілтеуіші көмегімен файлдар мен қапшықтарды көшірмелеуге, орнын ауыстыруға және атауын өзгертуге, сондай-ақ оларды іздестіруді орындауға болады.

Windows файлдар мен қапшықтарды іздестіруді орындаудың бірнеше мүмкіндіктерін ұсынады.

«Іздестіру бойынша көмекші» «Помощник по поиску» файлдарды іздестірудің ең тез тәсілдерін қамтамасыз етеді. Егерде файлдардың тым жиі пайдаланылатын типтерінің бірін іздестіру орындалатын болса, егерде іздестірудің орындауы қажетті файлдардың немесе қапшықтардың толық атауы немесе атауларының бөлігі белгілі болса, немесе егерде файлдың соңғы өзгеру уақыты белгілі болса, онда «Іздестіру бойынша көмекші» «Помощник по поиску» құралын пайдалану ұсынылады. Егерде атаудың тек бөлігі ғана белгілі болса, онда атаудың осы бөлігі бар барлық файлдар мен қапшықтарды іздестіруге арналған қойылымдық таңбаларды пайдалануға болады. Мысалы, «*хат.*» «*письмо.*» сұранысы бойынша «Құттықтау хат.doc», «Арнайы хат.doc» және «Арнайы хат.txt» («Поздравительное письмо.doc», «Специальное письмо.doc» и «Специальное письмо.txt») файлдары табылатын болады.

Windows-тің сілтеуіші компьютердегі барлық файлдар мен қапшықтарды тез қарап шығуға, сондай-ақ файлдарды бір қапшықтан екіншісіне көшірмелеуге және орнын ауыстыруға мүмкіндік береді. Егерде файл мен қапшықтың орны белгілі болса, онда Windows-тің сілтеуішін пайдаланыңдар.

Windows-тағы анықтамалық жүйе операциялық жүйенің жұмысымен байланысты сұрақтардың көпшілігі бойынша пайдаланушыға анықтама берудің жақсы құрылымдалған, өте қолайлы қызмет интерфейсі болып табылады.

Windows-тің анықтамалық жүйесі гипермәтін қағидасы бойынша құрылғын. Сондықтан әрқашанда анықтама мәтінінде кездескен таныс емес терминнің түсініктемесін тез алуға болады.

Анықтамалық жүйені шақыру

Windows-тың анықтамалық жүйесіне бірнеше тәсілмен қатынауға болады. можно несколькими способами. Пайдаланушы өзінің көз қарасы бойынша сол немесе басқа тиімді жағдайды таңдап алады. Windows-тың анықтамасына қатынау тәсілдері:

- Windows+ F1 пернелерінің үйлесімі;

- Анықтама мен қолдау жолын (Windows XP-дағы) немесе Негізгі менюдің анықтамасын (Windows-тың басқа нұсқаларындағы) таңдау;

- Анықтама > Анықтама мен қолдау орталығы немесе Анықтама > Операциялық жүйе құрауышының қандайда бір менюінен Анықтаманы шақыру (Справка > Центр справки и поддержки или Справка > Вызов справки) командаларын таңдау.

Windows-тың қосымша бағдарламаларында анықтамалық жүйені шақыру ұқсас тәсілдермен жүзеге асырылады:

- F1 батырмасын басу;

- выбрать команду Анықтама > Анықтама: бағдарламаның атауы немесе Анықтама > бағдарлама менюінен Анықтаманы шақыру (Справка > Справка: имя программы или Справка > Вызов справ­ки из меню программы) (кейде Меню анықтамасы орнына сол мағына мен міндеті бар пунктті қамтиды?).

Windows-тың қосымша бағдарламаларындағы жанама анықтамаға қатынау тәсілдері:

- Shift+F1пернелерінің үйлесімін пайдалану;

- Анықтама > Қосымша бағдарлама терезесі менюінен Бұл қандай нәрсе? (Справка > Что это такое? из меню окна приложения) командасын таңдау.

Сұқбаттық терезелердегі жанама анықтамаға қатынау тәсілі: «?» терезесі тақырыбындағы анықтаманы шақыру батырмасы бойынша шерту. Осы команданы орындау кезінде маус көрсеткіші «?» таңбасы формасын қабылдайды. Оны терезенің сұрақты шақырған объект тұрған орынға ауыстырыр және маус батырмасын шерту керек.

Windows XP-дағы анықтама алу

Windows XP-ның операциялық жүйесінің «Анықтама мен қолдау орталығы» терезесі (1-сурет) өзінің құрылымы мен анықтама алу тәсілі бойынша Windows-тың алдыңғы нұсқаларының анықтамалық жүйесі терезесінің классикалық формасынан ерекшеленеді.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Объектілерді іздеу қалай жүзеге асырылады?

  2. Сілтеуіш деген не?

  3. Анықтамалық жүйені қалай шақырамыз?

5.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға объектілерді іздеу, сілтеуіш және анықтамалық жүйелер туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 3.2, бет. 82-84

Көмек сөз алу. Сілтеуіш. Объектілерді іздеу.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 19 сағ.саны.: 1

Тақырып: Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушы.

Мақсат: Оқушылардың ақпаратты тасымалдаушы туралы және ақпаратты жазу тәсілдері туралы білімін қалыптастыру. Олармен жұмыс жасауды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды ақпаратты тасымалдау және оны жазу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Объектілерді іздеу қалай жүзеге асырылады?

  2. Сілтеуіш деген не?

  3. Анықтамалық жүйені қалай шақырамыз?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Файлдар мен қапшықтарды жинақы-дискіге көшірмелеу үшін:

  1. Жинақы-дискілер жазбасы құрылғысына жазылатын бос жинақы-дискіні кірістіріңдер.

  2. Менің компьютерім (Мой компьютер) қаншығын ашыңдар.

  3. Жинақы-дискіге көшірмелеу қажет етілетін файлдарды немесе қапшықтарды таңдаңдар. Бірнеше файлды ерекшелеу үшін басылған CTRL пернесін ұстай отырып, олардың әрқайсысын шертіңдер. Содан кейін Қапшықтар мен файлдарға арналған міндеттер (Задачи для папок и файлов) тобындағы Осы файлды көшірмелеу (Копировать этот файл), Осы қапшықты көшірмелеп алу (Скопировать эту папку) немесе Ерекшеленген элементтерді көшірмелеп алу командасын таңдаңдар.

Егерде файлдар Менің суреттерім «Мои рисунки» қапшығында оргаласқан болса, онда Кескіндерге арналған міндеттер (Задачи для изображений) тобындағы Жинақы-дискіге көшірмелеу (Копирование на компакт-диск) немесе Барлық объектіні жинақы-дискіге көшірмелеп алу (Копировать все объекты на компакт-диск) командасын таңдаңдар да 5-қадамға өтіңдер.

  1. Элементтерді көшірмелеу (Копирование элементов) сұқбаттық терезесінде жинақы-дискілер жазбасы құрылғысын таңдаңдар да Көшірмелеу (Копирование) батырмасын таңдаңдар.

  2. «Менің компьютерім» терезесінде жинақы-дискілер жазбасы құрылғысын екі рет шертіңдер. Windows жинақы-дискілерге оларды көшірмелегенге дейін файлдар тұратын уақытша аймақты бейнелейді. CD-ге жазу үшін дайындалынған файлдар өрісінде жинақы-дискіге көшірмелеу ұйғарылған сол файлдар мен қапшықтар бейнеленетініне көз жеткізіңдер.

  3. CD-дегі жазбалардың міндеттері (Задачи записи на CD) тобындағы Файлдарды жинақы-дискіге жазу (Запись файлов на компакт-диск) сілтемесін таңдаңдар. Жинақы-дискі жазбасының шебері іске қосылатын болады. Экранда пайда болған нұсқауды орындаңдар.

  • «Менің компьютерім» терезесін ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасын екі рет шертіңдер.

  • Көшірілетін файлдардың көлемі жинақы-дискінің сыйымдылығынан артпауы тиіс. Стандарттық жинақы-дискіге 650 мегабайтқа (Мбайт) дейін сыяды, ал сыйымдылығы үлкен жинақы-дискіге — 850 Мбайт.

  • Жинақы-дискі жазбасы процесі барысында туындайтын уақытша файлдарды сақтауға арналған бос орын қатқыл дискіде жеткілікті екендігіне көз жеткізіңдер. Стандарттық жинақы-дискі жазбасы үшін Windows 700 Мбайт-қа дейінгі бос дискілік кеңістікті резервке сақтап қояды, ал сыйымдылығы үлкен жинақы-дискі жазбасы үшін — 1 гигабайтқа (Гбайт) дейін.

  • Жинақы-дискіге файлдарды немесе қапшықтарды көшірмелегеннен кейін олардың көшірмеленгеніне көз жеткізу үшін оны қарап шығу пайдалы.

Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Ақпаратты дискетке көшіру жолдары?

  2. Дискілерді пішімдеу қалай жүзеге асырылады?

  3. Ақпарат тасымалдаушы деген не?

  4. Дискетке қанша ақпарат сияды?


6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға объектілерді дискетке көшіру және оларды пішімдеу туралы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 3.5, бет. 104-105

Дискілерді пішімдеу. Объектіні дискетке көшіру.


Пән Информатика сынып 7_ Күні . ..

сабақ №: 20 сағ.саны.: 1

Тақырып: Paint графиктік редакторымен жұмыс.

Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторында жұмыс жасау кезеңдері туралы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Paint графикалық редакторымен таныстыру

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру (3-5мин)

  1. Ақпаратты дискетке көшіру жолдары?

  2. Дискілерді пішімдеу қалай жүзеге асырылады?

  3. Ақпарат тасымалдаушы деген не?

  4. Дискетке қанша ақпарат сияды?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейшлер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.

Paint (Paintbrush)- Windows жүйесінің стандарты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі, әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бүл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.

Windows жүйесінде Іске қосу=> Программалар=>Стандартты =» Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның қүрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермея (жүмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың белгісі айқын түспен ерекшелшеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мүнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мүнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісшің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбүрыш түр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбүрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді.

- аэрозоль балонының сыясының ені;

- өшіргіш (ластик) ені;

- бояуыш немесе қылқалам (кисть).

Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбүрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жүмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда Терезе ішеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жүмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бүрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Сергіту жаттығулары(2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Paint бағдарламасын іске қосу қалай жүзеге асырылады?

  2. Paint бағдарламасының терезесі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу кезеңдері?

  4. Редактордың қандай құралдары бар, ата?


6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға Paint графиктік редакторы туралы және сурет салу кезеңдері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 4.1, бет. 106-109

Paint программасын іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Пән Информатика сынып 7_ Күні .

сабақ №: 21 сағ.саны.: 1

Тақырып: Құралдар тақтасы, түстер палитрасы.

Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы және түстер палитрасы туралы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Paint графикалық редакторының құралдар тақтасымен және түстер палитрасымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Paint бағдарламасын іске қосу қалай жүзеге асырылады?

  2. Paint бағдарламасының терезесі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу кезеңдері?

  4. Редактордың қандай құралдары бар, ата?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі

Түзету=»Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование =>Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа "Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мүндай аспапты таңдаған соң, "тышқанның" стандартты курсоры Қылқаламға айналады.

Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон нгмесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта қүрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы - белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондык, түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлык фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып. өшіреді. Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондык түске боялады. Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізіге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма1. Төртбұрыш құралын ғана пайдаланып, пойыз суретін сал.

Тапсырма2. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш құралы көмегімен ПИРАМИДА суретін сал.


Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Құралдар тақтасы қандай құралдардан тұрады?

  2. Түстер палитрасын қалай қолданамыз?

  3. Егер құралдар тақтасы мен түстер палитрасы терезеде жоқ болса, оны қалай шығарамыз?

  4. Құралдардың қызметі қандай?

6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы мен түстер палитрасын қолдану туралы жалпы мағлұмат беру. Төрбұрыш, бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш құралдары көмегімен сурет салу.

7) Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет