Сабақ № Сабақ жоспары Пән: «Психология негіздері» Сабақ тақырыбы: «Психология ғылымының зерттеу әдістері». Сабақ мақсаты



бет2/3
Дата10.06.2022
өлшемі22.16 Kb.
#459119
түріСабақ
1   2   3
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

3. Эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат);
іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
4. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
5. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
.
4. Қосалқы зерттеу әдістері.
Сұхбаттасу әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мен беріледі. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі. Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні бұрын бланкіге жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі — адамның шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды. Өйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдіс і- психикалық әрекеттердің өсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады.
Салыстырма тарихи зерттеу әдісі – қоғамдық эканомикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отыру заңдылығын тексереді.. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи құбылыс нәтижесі екенін айқындайды. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның өзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда өмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің өсіп, дамып, өзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда өмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті.
Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен өзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сөйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Физиология мен психопатологияда, медецинада бұл әдіс өте кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет