Психологиялық тестілер. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.
Тест деген ағылшын сөзі «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. Тест әдісі адамның балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Тест дегеніміз — күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Зерттеу әдістері дегеніміз не?
2. Негізгі зерттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
3. Қосалқы зерттеу әдістеріне нелер жатады?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б
4. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.
5. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996,94-
106с.
6. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
Достарыңызбен бөлісу: |