Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет7/53
Дата09.01.2024
өлшемі290.67 Kb.
#488750
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Академиялық материалдар. Барлық кітаптар мен мақалалар жақсы жазылған ба? Олар қаншалықты сенімді? Бұл сұрақтардың жауабын студенттің өзі ғана білуі тиіс. Студент оқыған материалдарының сенімділігіне шүбә келтірмес үшін мынандай жайттарды білгені жөн:

  • Студент мәтінді кімнің жазғанын білуі тиіс және оның авторы осы тақырып бойынша білетін адам болуы тиіс.

  • Материал ескі емес пе? Кейде ескі мәтіндерді оқуға тура келеді, дегенмен жаңа мәліметтер сенімдірек болады

  • Біржақты пікірді ұстанудан сақтану. Біржақты пікірлер негізінен БАҚ жиі кездеседі

  • Материалдардың негізгі дереккөзін табуға тырысу. Материалдар өзге авторлардың сілтемелерінен табылса, ол материалдардың дәлелді екеніне сенімді болу үшін осы материалдың дереккөзін тауып, қолдану қажет.

Академиялық тұрғыдан сенімсіз материалдарға мыналарды жатқызуға болады:

  • Газеттер (тіпті көлемді мақалалар жариялайтын «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш» т.б.)

  • Журналдар («Жалын», «Парасат» т.б.)

  • Компаниялар мен кәсіпорындардың вебсайттары

  • Қоғамдық мекемелер мен қайырымдылық қорларының сайттары

  • Студенттердің эсселері мен жазба жұмыстары

  • Укипедия.

Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Оқылым әрекеті дегеніміз не?

  2. Жазылым әрекеті қандай әрекет?

  3. Мектеп қабырғасы мен ЖОО-да оқылы әрекетінің айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?

  4. Неліктен академиялық бағытта жазылатын жұмыстарда сенімді ақпараттарды қолдануға тура келеді?

  5. Академиялық бағытта сенімсіз ақпараттарға қандай материалдарды жатқызуға болады?

Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
Мына мәтіндердің ішінде қай мәтінді эссе жазу барысында қолдануға болады? Дұрыс жауабын белгілеңіз.

  1. Онлайн энциклопедиясы

  2. Оқулық

  3. Газет мақаласы

  4. Дәріс конспектісі

  5. Ғылыми журнал мақалалары

  6. Онлайн дәрістер.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет