Тәжірибелік сабақ №4-5-6
Тақырып: Академиялық оқылым әрекеті
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Академиялық оқылым әрекеті
2. Академиялық материалдар
Мақсаты: Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру сатыларын сипаттау. Мәтін түрлерін жіктеу. Академиялық материалдарды талдау.
Академиялық оқылым әрекеті. Кез-келген өз стилі болады. Барлық әріп танитын адам күнделікті қажетіне байланысты түрлі материалдарды оқуына тура келеді және олардың өзіне тән қалыптастырып алған оқу стилі бар. Қарапайым оқылым стиліне әрбір сөзіне көңіл бөліп, оны басынан аяғына дейін түсінуге тырысып оқитын көркем шығарманы оқу стилін жатқызу. Мысалы, «Аңыз адам» журналы түсетін болса, ол журналдың бетін парақтап өзін қызықтырған мақаланы ғана оқып шығуы мүмкін. Ал, оның қолында телефон нөмерлерінің тізімі жазылған анықтамалық болса, ол өзіне керекті адамның есімін ғана іздеуі мүмкін. Мектеп пен ЖОО-дағы оқылым мен мектептегі оқылымның айырмашылығын былай салыстырсақ:
Мектептегі оқылым
|
Университет қабырғасындағы оқылым
|
Оқытылатын мәліметтер мұғалім тарапынан беріліп, қадағаланады
|
Оқитын материалдарды студенттің өзі таңдауы қажет
|
Барлық оқушылар бірдей материалдар оқиды
|
Студенттің оқитын материалдары таңдаған тақырыптарына байланысты болады,
|
Оқушы мәтінінің негізгі мазмұнын түсініп, одан түсінгенін мазмұндап беруі тиіс.
|
Студент мәтіндегі ақпаратты түсініп, ақпараттың қаншалықты маңыздылығын айқындауы керек, сонымен қатар өзге де пікірлермен салыстырып, байланыстыруы қажет.
|
Достарыңызбен бөлісу: |