Параграфты жүйелі жазу:
Әркім өз жазу стиліне қарай параграфты құруы мүмкін, дегенмен параграфты жазу барысында мынадай басты ережелерді ескерген жөн:
Параграфтың негізгі ойы немесе тұжырымы болуы тиіс.
Параграфтың алғашқы сөйлемі ондағы ой немесе тұжырым жайында нақты ақпарат беруі тиіс.
Алғашқы сөйлемнен кейін негізгі ойды немесе тұжырымды білдіретін сөйлемдер жазылады.
Егер идеяны қолдайтын дәлелдемелер табылмаса, ондай тұжырымды жазбаған дұрыс. Себебі, идеялар қашанда дәлелдеуді қажет етеді, ал дәлелдерге сілтемелер жасалынуы тиіс.
Үнемі мәліметтердің қалай дәлелденіп тұрғаны жөнінде білу керек.
Параграфтың соңында жалпы тұжырымның немесе ойдың анық екенін көрсетіп, келесі параграфта баяндалатын тұжырымдар берілуі тиіс.
Оқырман параграфтың бірінші және соңғы сөйлемін оқу барысында автордың негізгі ойы немесе тұжырымын түсіне алуы қажет.
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Параграф дегеніміз не?
Параграф неше сөйлемнен құралуы мүмкін?
Параграфтың негізгі құрылымы қандай?
Параграфтың негізгі қызметі қандай?
Өз параграфыңызды тексеру үшін қандай сұрақтар қоюға болады?
Параграфтың алғашқы және соңғы сөйлемдерінің арасында қандай байланыс бар?
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
Кестеде берілген параграфты жазудың кезеңдерінің ретін табыңыз:
Берілген параграфтың негізгі сөйлемін, көмекші сөйлемін және қорытынды сөйлемін анықтаңыздар. Автор ойын дәлелдеуге тырысқан?
Балалардың ұялы телефон ұстауына қарсы пікірлерден ұялы телефонның балалар денсаулығына зиян екенін айтады. Бұл пікірді жақтаушылар дәрігер ғалымдардың ұялы телефон адам денсаулығына өте зиян деген тұжырымдарын алға тартады. Мысалы, ұялы телефонмен жиі сөйлесу қазіргі жастар арасында жиілеп кеткен әртүрлі аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін, сол себепті кейбір адамдар ұялы телефондарды мектеп жасындағы балаларға қолдануға тиым салуды дұрыс деп санайды. Бұл ойды қолдайтын адамдар қатарына мектеп мұғалімдерін жатқызуға болады. Мектеп мұғалімдерінің пікірінше ұялы телефон қызметін пайдаланып оп-оңай шығарады, бұлардың өзіндік ойлау қабілетін айтарлықтай бәсеңдетіп, оқушылар кез келген ақпаратты ұялы телефоннан алып, кітапханаға бармай интернеттен лезде жүктеп алады. Сондықтан да, балаларға ұялы телефон ұстауға қарсы пікір білдірушілер, балалардың телефонды қолдануына шектеу немесе тиым салу қажеттігін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |