Факторлық талдау. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында жұмыс тақырыбы мен зерттеу сұрағына байланысты факторлық талдау, яғни факторлық талдауға жасауға тура келеді. Мұндай зерттеу белгілі бір көрсеткіштерді («у» деп таңбаланып, «тәуелді көрсеткіш» деп аталады). Қандайда бір көрсеткіштердің («х» деп таңбаланып «тәуелсіз көрсеткіш» деп аталады, бұл бірнешеу болуы мүмкін. Мәселен, х1, х2, х3 т.б. әсерін анықтау мақсатында жасалады. Факторлық талдау жасау кез келген зерттеушіге белгілі бір үдеріске әсер етуші жайттарды анықтап беруге ықпал етеді.
Компьютерлік бағдарламаларды (Excel, SPSS, R және т.б. ) қолданып талдау жасау барысында көрсеткіштер атауы мен сауалнама жауаптары кодталуы мүмкін.
«Кодталу» дегеніміз – көрсеткіштер атауы мен сауалнама жауаптарын бағдарламаға енгізіп, талдау жасауға ыңғайлы болуы үшін қысқартылып немесе сандар таңбалануы мүмкін. Дегенмен, бұл кодталған атаулар оқығанда түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан, көрсеткіштер атауын түсінікті етіп жазып, сипаттап беру қажет.
Факторлық талдау бір факторлы немесе көп факторлы болуы мүмкін. Бір факторлық талдау екі көрсеткіштің арасындағы өзара байланысты анықтауға негізделеді. Мәселен, «Алматы ауасының ластануы Алматы қаласындағы көліктер санының артуымен байланысты ма?» деген сұраққа жауап беру үшін осы екі көрсеткіш арасындағы байланыс қана тексеріледі. Дегенмен, Алматы қаласындағы ауаның ластануы тек көліктер санының артуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, оған тұрғындар санының артуы, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың артуы сияқты факторлар да әсер етуі мүмкін. Егер бір тәуелді көрсеткішке екі немесе одан көп тәуелсіз көрсеткіштердің өзара байланысының қаншалықты әсері бар екенін анықтау үшін жасалатын болса, мұндай талдау көп факторлық талдау деп аталады.
Факторлық талдаудың нәтижелерін кестелер мен графикаларды қолдана отырыпжазба жұмысында сипаттап беру қажет. Талдау нәтижесінде тәуелді көрсеткішке тәуелсіз көрсеткіштердің оң немесе теріс әсері түсінікті етіп талданып жазылуы тиіс. Кейде кейбір факторлардың өзара байланысы болмайтыны да анықталуы мүмкін. Ондай жағдайда зерттеу жұмысын алдағы уақытта өзара байланысы болуы мүмкін деген басқа жайттармен қарастыру қажеттілігі жөнінде пікірмен қорытындылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |