Сабақ №18
Бақылау сұрақтары
-
Неолит дәуірі және хронологиясы?
-
Жаңа құралдарды жасау?
-
Энеолит дәуірі?
-
Егіншілік пен мал шаруалықтың пайда болуы?
-
Микролит пен макролит құралдарының пайда болуы?
-
Рулық құрылыстың дамуы рулық – тайпалық ұймдардың одан әрі жетіле түсуімен қосарланды, мұның үлгісін кім жасады?
7 Эгзогамия қай дәуірде болды?
8 Қосақ неке қай рудың арасында болды?
9 Иероглифтер дегеніміз не?
10 Фратрия дегеніміз не?
Сабақ №,19
Тақырыбы . Рулық тайпалық ұйым өкімет ұйымы
-
Фратрия топтары
-
Аналық рудың дамуы.
Теориялық мәліметтер.
Атап айтқанда иемденуші шаруашылықтан өндірілетін шаруашылыққа көшуден көрінетін өндіргіш күштердің өсуі, рулық құрылыстың одан әрі дамуына жол ашты. Қоғамның экономикалық негізін бұрыңғысынша жерге рулық меншік құрады. Өндірістің басқа құрал – жабдықтары коллективтің де, жеке меншіктің де иемдеген де болды. Алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен бұларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік коллективті нығайта түскен табиғи қандас – туыстық байланыстармен сай келе берді. Тіршілік ету құрал жабдықтармен біршама қамтамасыз етіліп, тұрған халықтың өсуі салдарынан рулық қауымдар немесе аналық семья дейтін ең жақын туыстардың ірі коллективтеріне жиі бөленді. Меланезия мен ирокездердің кейбір тайпаларында орманды шауып күйдіру, әдетте туған туыстардың егіншілік операциялары ғана жекелеген үй ішілік қауымдар күшімен атқарылды. Ұқсас тәртіптердің қалдықтары Меланезияның кейбір облыстарында мәселен әйелдер меншік иелері және бүкіл рулық жердің әміршісі болып саналды.
Рулық құрылыстың дамуы рулық тайпалық ұйымдардың одан әрі жетіле түсуімен қосарланды. Мұның кәдімгі үлгісін Моргон зерттеген. Ру Фратрия және тайпа төмендегідей негізгі белгілермен сипатталады. Ру ең алдымен ортақ меншіктік қатынастармен , өзара көмекпен біріккен әйел бағытындағы қандас туыстардың коллективі болды. Ру мүшелері біріне- бірі қандай да болсын көмек көрсетуге бірін-бірі қорғауға, атап айтқанда, қандық кек қайтаруға немесе төгілген қан үшін материалдық құн төлеуге қатысуға тиіс болды. Ру өмірінің ең елеулі шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық мәселелерін совет шешті. Бұған оның барлық ересек мүшелері енетін еді. Рудың өзінің ақсақалы “сахемы” және соғыс кезінде көсемдік ететін, бастайтын бір немесе бірнеше көсемдері болды. әрбір руда басқа рулардан жеке өз зиратыңызды белгісі туыстық экзогамия салты болыпқала берді. Рулар және оларды біріктірген тайпалар алғашқы тұрмыстық адамзатқа табиғатпен қатал күресте өзінің тіршілік етуін сақтауға мүмкіндік берген тығыз топтасқан демократиялық жолмен өзін- өзі білмейтін коллективтер болды.
Жоғарыда айтылғандай эйкумендердің кейбір облыстарының табиғат жағдайлары мұнда егіншілік пен мал шаруашылығының тууына бөгет жасады. Атап айтқанда, Евразияның солтүстігі мен Америкада істің жайы осылай болды, мұнда неолиттік экономиканың дамуы аңшылық пен балық шаруашы-лығын одан әрі жетілдіру жолымен алға басты.
Шығыс Европаның солтүстігі мен Солтүстік Азияда б. э. ға дейінгі IV дың жылдықтың өзінде-ақ, кейінде ұзақ мың жылдықтар бойына Қиыр Солтүстіктің, Сибирь мен Қиыр Шығыстың бірқатар халықтары үшін кәдуілгі болып қала берген аңшылық, балықшылық мәдениеті қалыптасты.
Атап айтқанда, иемденуші шаруашылықтан өндірілетін шаруашылыққа көшуден көрінетін өндіргіш күштердің өсуі рулық құрылыстың одан әрі дамуына жол ашты. Аңшылар мен балықшылардың ертедегі аналы-рулық қауымы келді.
Қоғамның экономикалық негізін бүрын-ғысынша жерге рулық меншік қүрады. Егістік жер мен бау-бақша, аңшылық, балық-шылық және жинаптеретін жерлер, бір жағдайларда тура руға тиісті болды, екінші-сінде, тайпаға тиісті деп саналды, бірақ бүған кіретін жеке руларға бекітіліп берілді. Оңдірістің басқа құрал-жабдықтары коллективтің де, жеке меншіктің де иелігінде болды, алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін, иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен руларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік коллективті нығайта түскен табиғи қандас-туыстық байланыстармен сайкеле берді.
Тіршілік ету қүреі-жабдықтарымен біршама қамтамасыз етіліп тұрған халықтың өсуі салдарынан рулық қауымдар ана тарапынан аналық үйлік қауым, немесе аналық семья дейтін ең жақын туыстардың ірі коллективтеріне жиі бөлінді.
Аналық рудың дамуы, сірә, семья мен мекенің сипатында принципті өзгерістерді тудырмаса керек. Рас аналық-локальды мекен-жай жағдайларында қосақ семья бір үй шаруашылығына бірікті, бірақ бұл өндірістік ұя бола алмады. Экономикалық және қоғамдық мәнде бүкіл аналық үйлік қауым семья болып табылды. Қосақ семья өз шаруашылығын жүргізбеді және рулықтан бөлек, екі, зайыпқа ортақ меншігі болмады. Егер күйеуі әйелінің мүлкіне нүқсан келтіретін болса, ол оның туған-туыстарымен есеп айырысуға тиіс болды. Ерлер көбіне жеке өзінің қауымымен шаруашылық байланысын үзбеді және «екі үйге» жұмыс істеді. Егер, балалар тіпті өз әкесін біле түрса да іс жүзінде, оған бөгде адам болып қала берді. Аналық үйлік қауым болып тұрған кейбір тайпаларда, мәселен, Добу аралындағы меланезийлінтерде жалпы қос семья үшін ерекше термин болған жоқ: «семья» ұғымына тек ана тарапынан ғана келетін туыстар кіретін. Қоғамдық өмірдегі сияқты дамыған рулық қауымның семьялық тұрмысына ерлерден әйелдердің белгілі артықшылық сипаты тән болған. Ұл туыдан қыз туу артық саналған. Аналық рулық қоғамдар да белгілі болған.
Қосақ неке, бұрынғы кездегідей екі жақтың кезкелгенінің қалауы бойынша оңай ажыраса алатын және топтың некелік қатынастардың қалдықтарымен толықтырылатын Ирокездер мен гурондарда XVIII ғасырдые өзінде де әйелдердің «қосымша» күйеуі ерлердің «қосымша» әйелі бола алатын бұдан басқа гурондарда әйел ретінде аңшылық қыздар болған.
Бақылау сұрақтары:
-
Рулық құрылыстың дамуы рулық – тайпалық ұймдардың одан әрі жетіле түсуімен қосарланды, мұның үлгісін кім жасады?
-
Эгзогамия қай дәуірде болды?
-
Қосақ неке қай рудың арасында болды?
-
Иероглифтер дегеніміз не?
-
Фратрия дегеніміз не?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
-
Ру тайпаларын басқару жүйесі.
-
Дамыған рулық қауым.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая
школа 1982 г.
-
Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
-
История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.
-
История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.
-
Майкл Кремо,Ричард Томпсон.Неизвестная история человечества. М.,1999
-
Эдуард Бернетт Тэйлор. Миф и обряд в первобытной культуре. Смоленск,2000
Сабақ №20 Алғашқы қоғамның ыдырауы.
Реферат тақырыптары
-
Өндіруші шаруашылық
-
Мыс пен қоланың пайда болуы
-
Металлургияның ашылуы
-
Ертедегі қалайы рудалары
-
Темір ғасыры
-
Рудадан темірді алғаш алу
-
Өндірістің дамуы
8. Қоғамның артық өнімінің өсуі
Сабақ №,21
Тақырыбы : Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының алғы шарттары
Жоспары :
-
Метал өндірісінің өмірге келуі.
-
Қола мен ерте ортағасырдағы археологиялық ескерткіштер.
Теориялық мәліметтер:
Өндіргіш күштерін дамытуда қоғамдық еңбек бөлінісіне орай қуатты секіріс бола отырып, өз кезегінде еңбек қызметінің өнімділігін одан әрі арттырудың шешуші факторы болды. егіншілікте, мал шаруашылығында кәсіпшілікке мамандану қаруалармен дағдыларды жетілдіре түсуге жол ашты, өндірілген өнімдердің мөлшерін арттырып сапаларын жақсартты. Адам еңбегі тіршілік теуге қажеттіден гөрі көп өнім бере бастады, яғни өнім тұңғыш рет қажетті немесе қосымша өнімге бөлінді. Сонымен бірге адам басқа адамның өндірген артық өнімін иемдену үшін, яғни қанаушылық қатынас үшін экономикалық жағдайлар туды. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісін екі тапқа – мирзалармен құлдарға, қанаушылар мен қаналушыларға қоғамдық алғашқы ірі бөлінуі пайда болды. Сонымен бірге байлықпен құлдар үшін тонаушылық соғыстарды дамытуға жағдай туды. Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі өндіріс процесін жеке даралауға әкеп соқты. Жеке дара еңбек мүмкіндігін жасады.
Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының ең маңызды өндірістік алғы шарты металдарды кеңінен пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы мүлде жаңа формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуінің соншама тамаша мәдени және әлеуметтік алға басушы өз салдары болды.
Металдар ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына және темір ғасырына бөлінеді. Мыс пен қалайы рудаларына бай аудандарды мекендеген тайпалар металл шығаруға маманданып, жабдықтап қамтамасыз етіп, отырды. Мыс Иранда, Кіші Азияда, Аравия мен Арменияда, Европада ертедегі мыс пен орындары Испанияда, Францияда, Австралияда, Венгрия мен Англияда ертедегі қалайы кен рудалары Испания мен Англияда ашылды. Қытайдың оңтүстігі мен солтүстік Въетнамда ашылғаны белгілі. Біздің елімізде қола ғасырының ірі металлурниялық орталықтары Кавказда, Уралда, Қазақстанда Ертіс және Енисей маңы өлкелерінде мәлім еді. Қола ғасыры дегеніміз адамзат тарихында қоладан жасалған еңбек қарулары кеңінен таралған және осы қаруды тастармен қатар немесе солардың орнына қолданған дәуір еді. Қола дегеніміз – мыс пен қалайының, алмастың, қорғасынның немесе миргиттың әр түрлі үлесте балқытылған қоспасы.
Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір қарулардың таралуымен сипатталатын уақыт болатын. Еңбектің темір ең жасалған қарулары аса (маңызды материал болып отырғандықтан, қазірде де осы заманғы дауір де темірғасырына енеді. Алғашқы тұрмыстық тарихтың археологиялық дәуірленуінде ертедегі темір ғасыры термин жиі қолданылады. Ерте Темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық дәуірлермен салыстырғанда шежірелік жағынан өте қысқа. Темір дүние жүзінде ең көп таралған металл болғанына қарамастан, оны адам кейінірек игерді, өйткені таза күйінде табиғатта мүлде кездеспейді және қиын өңделеді. Тіпті сонау көне заманда – ақ адамзатқа мезеолиттік темірлер белгілі болған. Бұлардан жасалған б.э.-ға дейінгі IV м.ж. басында Египеттегі молалардан некелеген сәндік бұйымдар табылған. Жер текті темірден жасалған ұсақ заттар б.ғ.д. ІІІ м.ж. 1-ші жартысындағы Египетте месопатамиямен Кіші Азияда кездеседі. Рудадан темір алудың ең көне тәсілі шикізат соғу процесі тек б.э.д. ІІ м.ж. ғана ашылды.
Ең жақсы ара қатынас — 90% мыс пен 10% қалайы. Қола қарулар мыс қаруынан тек қатты ғана емес, өткірде келеді, бірақта оларды күю оңайырақ, өйткені мысқа қарағанда (1083°) қола анағүрлым төменгі температурада (700—900°) балқиды. Алайда, мыс сияқты қола қарулар да тас қаруларды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп, біріншіден, біркатар жағдайларда, қоладан тастың жүмыстық сапалары жоғары болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлык; жерде дерлік барды, ал қоланың, әсіресе, қалайы үшін шикізат көзі өте сирек еді.
Ең ертедегі металл қарулар өзінің формасы жағынан тас қаруларды бүтіндей қай талады. Тек адамзат бірте-бірте жаңа материалдың ең тиімді қасиеттерін пайдаланатын қару формаларын балталарды, қашауларды, балғаларды, қайлаларды, кетпендерді, орақтарды, пышақтарды, қанжарларды, сапыларды, шапқыларды, найза ұштықтарын, жебелерді, тағы басқаларды жасап шығарды.
Қола ғасырының дәл шежірелік ақберін көрсете қою қиын. Қола дәуірінде б. э.-ға дейінгі III мың жылдықтың орта шенінде Оңтүстік Иран мен Месопотамияда белгілі болды. Египет пен Үндістанда көне қола қарулары б. э.-ға дейінгі I мың жылдықтың басына жатады. Қытайда қола біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырда кеңінен қолданылды.
Бақылау сұрақтары:
-
Өндіруші шаруашылық?
-
Мыс пен қоланың пайда болуы?
-
Металлургияның ашылуы?
-
Ертедегі қалайы рудалары?
-
Темір ғасыры?
-
Рудадан темірді алғаш алу қайсы елдерде кездеседі?
тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
-
Еңбек құралдардың жетілуі.
Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.
-
Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990г.
-
История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский
-
Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.
-
Всемирная история в 24-х томах, Век железа/А.Н.Бадак и др. Минск, М.,2000
-
Майкл Кремо, Ричард Томпсон. Неизвестная история человечества. М.,1999
Сабақ №22 Рулық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы.
Реферат тақырыптары
-
Матриархат
-
Патриархат
3 Қоғамдық қатынастар
4 Қоғамдық топтардың пайда болуы
5 Тонаушылық соғыстардың дамуы және әскери демократия
6 Рулық қоғамның ыдырау формалары
7 Артық өнімнің пайда болуы
8 Мемлекеттің қалыптасуы
Сабақ №,23
Тақырыбы : Рулық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы.
Жоспары :
-
Патриархалды семьяның түрлері,
-
үлкен патриархалды сьемья.
Теориялық мәліметтер:
Ең көбірек қолайлы экологиялық аймақтарда (Месопотамия, Египет, Инда бассейні) алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау процесі б. э.-ға дейінгі III—II мың жылдықтарға қарай аяқталды, қолайлылығы азырақ аймақтарда (Океанияның, Африка мен Американың кейбір азырақ аудандарында) осы уақытқа дейін түгелдей аяқталып біткен жоқ. Өзінің кең байтақ кеңістіктік жөне уақыттық ұзын-сонарлығында бұл процесс табиғат ортасының ерекшеліктерімен байланысты өзгешеліктерімен, қоғамның шаруашылық қызметінің бағытымен, бұрын тұрмыстық қалыптасқан цивилизацияның айналадағы алғашқы өзінің қарқындарымен ерекше болды табиғи нәрсе еді. Бірақ алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау вариантары тамаша өзгеше болғанымен, сайып келгенде, олар рулық ұйымдардың ыдырау формаларына сүйене отырып, патриархат және кейінгі матриархат деп атауға болатын екі негізгі вариантқа келіп тіреледі.
Жоғарыда сипатталған өндіргіш күштерінің жаңадан өрлеуі жыныстар арасында еңбек бөлісінің тәртібін түбірінен өзгертті. Кетпендік егіншілікке қарама қарсы жыртатын егіншілік көбіне ер адамдар еңбегінің сферасына айналды. Сондай-ақ мал шаруашылығы да ер адамдардың ісі болды: кейбір халықтарда, мәселен, үнділік-тода мен оңтустік африкалық зулустарда тіпті әйел-дерге үй жануарларына жақын келуге тыйым салынды. Орасан зор қоғамдық маңызға ие болғаи металлургиялық өндірісте ер адамдардың әрекеті болды. Бірақ, тіпті шаруашылық қызметінің бұрынғы бағыты сақталған жердің өзінде де олардың дами түсуі, мәселен, орман отағанда, кетпендік - егіншіліктегі мелиорацияда немесе ирригацияда ер адам еңбегінің маңызын үздіксіз арттыра түсті. Әйелдердің еңбегі бірте-бірте үй шаруашылығының шеңберінде шектеле берді; мунда да бұл өзінің ерекшелігінен айырыла бастады, өйткені үй шаруашылығының кейбір салалары, ең алдымен, кыш жасау мен тоқымашылық ісі қол өнер өндырісінің арнаулы салаларына айнала бастады. Еңбек бөлістеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады.
Еңбек бөліністеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады. Өндірісте жетекші роль атқара отырып, ер адам семьямен қоғамда үстемдік орынды алуға, аналық руға тән матриархалдық барлық халықтарының алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау дәуіріне тән болып келетін осы екі негіздің тартысы, қалайда оның ақырғы нәтиже аналық прав о тәртібін әкелік право тәртібі дайын алмастырып отырғанымен, бұл түрліше өтті. Бір қоғамдарда әсіресе, мал шаруалықтың және плуг – егіншіліктік қоғамдарда патриахалдық тенденциялар бір шама тез басымдылыққа ие болды, ал рулық құрылыстың ыдырауы болса, патриахат формасында өтті. Басқа қоғамдарда, әсірсе кетпендік – егіншілік қоғамында патриахаттың болуы матриархалдық дәстүрлермен ұзақ бөгелді де, сонымен рулық құрылыстың ыдырауы, кейінгі матриархат формасында өтті.
Матриархаттың патриархатқа өту процесі рудың шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірінің барлық жағын қамтыды. Бірақ ол, ең алдымен жаңадан туған экономикалық ұяларда - жеке семьялар мен семьялық некелік қатынастардың барлық жағына соқты.
Жеке семьялардың күштерімен шаруашылықты жүргізу, олардың тұрақты тұтасқан коллективтерге айналуын талап етті. Осыған байланысты тұрақсыз қосақ некені ерлі – зайыптылардың мықты бірлестігі – моногамия соғыстыра бастады. Ер адамның шаруашылық ролінің артуымен бірге некелік ірге алмасудың локальдылығын өзгертуді – ер адамның әйелге емес, әйелдің ер адамға келуін талап етті, - бұл матрилокальдық ірге алмасудан патрилокалдық ірге алмасуға көшуді және некелесудің жаңа формаларының дамуын тудырды. Бұрын аналық рулық қауым дәуіріне ер адам қосақ некеге түсе отырып, қалыңдықпен оның туғандарына шамалы сыйлықтар тартумен тынатын. Енді ол әйелді өз қолына алатын болды. Сондықтан да оның бағасын қайтаруға, оның еңбектік күшін сатып алуға тиіс болды. Сатып алу некесі осылай туды. Мұнда күйеудің семьясы қалыңдыққа алым төледі (славяндарда – вено, түркілерде қалың мал т.б. делінді). Қалайда қосалқы болып, кеңінен таралмағанына қарамастан, аналық – рулық құрылыс жағдайларында неке қиысудың неғұрлым кәдуілгі, әрі басқа, өте сирек формасы - әйелдерді зорлап иелену, оны ұрлап әкету (алып қашып әкету) болды. патриоркалдылықтың тууы матркольдық дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті және өзіне тән ымырашылық формаларының пайда болуымен қосарланды, бұлардың көпшілігі қатып – семген сарқыншақтар түрінден ұзақ сақталды. Мәселен, ұзаққа бармайтын (әдетте, алғашқы бала туғанға дейінгі) дислокольдық, бала туу кезіне әйелдің үйіне қайтып баруы немесе күйеудің семьясында болса да, бірақ ерекше оқшауланған үйге оны көшіріп қою рецедивтері осындай еді. Кеңінен таралған бой тарту салттары комплексінің жеке моменттері, атап айтқанда, әйелдің күйеуінің ағалары мен туыстарынан бой тартуға , күйеуімен бірге қоғамдық орында болмауы т.б. тиісті салттар осындай еді. Сондай – ақ құда түсу салтының көптеген элементтері, атап айтқанда, қалыңдықты тартып, әкету немесе ұрлап әкетуді уағыздаулар осындай еді. Патрилокальдық мекен – жайға көшу статиясындағы ительмендердің салттарын бақылаған С.П.Кращенниников оларды былай етіп сипаттап жазады: “Камчадал өзінің қалыңдығына көз тігіп (міндетті түрде бөгде ортада , өз ортасына емес,) оған үйленуге тілек білдірсе, ол қалыңдығының руы ортасына барып тұрады.
Қалыңдығының ата- анасына келіп, ол өзінің ойы жайында хабарлайды да, осыдан кейін өзінің аршыны мен алғырлығын көрсетіп, барлығына иіліп қызмет етіп, бәрінен көбірек болашақ атасына, енесіне және қалыңдығына қызмет етеді де, содан кейін барып қалыңдықты алып кетуге күнгі түнде оған кедергісіз келедіде, келесі күні ешқандай рәсім жасамай оны өз ортасына алып кетеді.
Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдық патрилокальдықпен ауысқанда, әдете біраз уақыт әлі де, туыстықпен ана жағынан есептеуді байланыстырды. Бұл кезде әйел ерінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді. Оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Семья немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай –ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. кейбір совет этнографтры балаларды өз семьясында емес бөгде семьяда тәрбиелеуді бұйыратын кафказдық келттердің славяндардың және басқа халықтардың белгілі аталықтың салтын авункулаттың түрі өзгерген реликті, деп санайды. Өз шаруашылығын жүргізетін жеке семьялардың пайда болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған семьялық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл меншікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды аналық жақтан санау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал аванкулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт – нағашы ағалардан жиендердің мұралануы – авункулатың бүкіл жүйесі сияқты,жеке семьяның тұтас болуына жол ашпады. Қарама – қайшылықты, туыстықты ана жағынан санап, мұраланудан әке жағына, ана бағытынан көшумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын. Патрилокальдыққа қарай көшу сияқты бұл да өзгеше формалар тудырған ұзақ процесс болы. Туыстық пен мұраланудың осындай қосарлық себі, немесе билинейлық адамның аналық руға да, аталық руға да тиісті болып есептеуі, әрі осыған сәйкес 2 руда да мұрагерлікке үміткерлік туғызды. Көптеген тайпаларда (меланезийліктер, Оңтүстік африканың гереро, Сахараның туарегтері және басқаларда) туысқандардан мұраланған меншік, ана жағы бойынша ауыстырылып берілетін болған, өз басының еңбегімен табылғандар әкеден балаға ауыстырылып берілетін салттар кеңінен тараған. Дегенмен бөлісу өлген адамның балалары мен жиендері арасындағы соқтығыстармен қосарланып отырды, әрі әдетте, мүлікті өз балаларына көбірек беріп кетуге әкесі өзінің тірі кезінде –ақ түрлі тәсілдерді қолданып тырысып бақты. Ескі тәртіп жаңаға қатты қарсылық көрсетті, бірақ қоғамның экономикалық ұясы ретінде жеке семьяның нығая түсуіне қарай туыстық пен мұралануды ана жағынан санау бірте- бірте ығыстырды.
Жоғарыда айтылғандай, алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауы матриархалдық рудың патриархалдыққа айналуы түрінде дайын өте бермеді. Совет этнографтары (А.М. Золотарев, С.П. Толстов) алғашқы тұрмыстық қоғам ыдыраған аналық ру жағдайларында тікелей таптық қоғамға жиі ұласып отырғанын анықтады. Дамудың бұл варианты, кейінгі матриархат патриархатқа қарағанда әзірге нашар зерттеліп, бірақ қазірдің өзінде –ақ бірқатар этнографиялық қоғамдарда даусыз тіркеліп отыр. Мәселен, суматраның микронизейліктері, малайлықтар – минангкабауы, таулық Ассамның гаро мен кхастары , ашантилер, догомейліктер және тропикалық Африканың кейбір басқа халықтары осындай. Бұл халықтардың барлығында азды – көпті әлеуметтік жіктелу жағдайларында жеке меншіктілік, таптар мен мемлекет, мұнда аналық рудың әкелік руға алдын ала айналуынсыз –ақ пісіп жетілгенін көрсететін матриархаттықтың аса күшті қалдықтары сақталған.
Микронезейліктер отарлау кезеңіне қарай және оның бас кезінде бір аралдарда көбіне кетпендік егіншілікпен, егіншілерінде көбіне балық аулаумен шұғылданған; Олардың бірден - бір үй жануары тауық болған. Аралдардың жұрыны табиғаты қолөнерін, негізінен алғанда тас пен қауашықты, ағаш пен өсімдік талшығын өңдеумен шектелді. Мұның есесіне жеткілікті дамыған айырбас болды. бүтіндей алғанда аралды мекендеушілер алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың таптық құрылысқа көшу шегінде тұрды: Олар жеке меншікті, қоғамдық теңсіздікті, мұрагерлік аристократияның өкіметін, кей жерлерде құлдықты білді. Бірақ сонымен бірге бұларда әлі де болса аналық – рулық ұйымда жойылмады. Мәселен, Шығыс микронезия аралдарын мекендеушілер делокализацияланған аналық бағыт рулары мен аналық үй – жайлық қаымдарға бөлінді. Соңғылары матрилокальдық немесе дислокльдық некеге негізделді және аға ер адам бәйбіше әйелдің басшылығымен жалпы шаруашылықты жүргізген 30-40 адамнан тұрды. Мұрагерлік тәртібі қатал аналық жақтан болды. әйелдер некеден тыс байланыс жасау бостандығына дейін тең праволылық пен тәуелсіздігін сақтады: айрылысқан жағдайда балалар әрқашанда анасымен қалды.
Минангкабу, ең алдымен күнде біздің эрамыздың алғашқы ғасырларынан, негізінен алғанда күріш, кокостік пальма және әртүрлі огородтық дақылдар өсіріп ирригациялақ егіншілікпен шұғылданды. Егіншілік кетпендік болатын, бірақ кей жерлерде ағаш плуг қолданды. Шаруашылықта мүйізді ірі қарамен жылқы өсіру, сондай – ақ балық аулау мен аңшылық қосалқы роль атқарды. Қолөнершілік қызмет, атап айтқанда, мыс пен асыл құнды металдарды өңдеу, қош ісі мен тоқымашылық жоғары дамуға жетті, елдің түрлі аудандары арасында, сондай-ақ Индонезияның басқа аралдарымен де қызу айырбас жүргізілді. ХІІ ғасырдың өзінде –ақ минангкабу ерте таптық княздігі қалыптасты, бірақ сонымен бірге мұнда ХХ ғасырдң басына шейінгі матриархалдық құрылыстың негізгі сипаттарын қайта құруға мүмкіндік беретін, толып жатқан рулық құлдықтар сақтала берді. Бүкіл минангкабу екі фратрияға (“ларас”) және төрт руға (“суку”) бөлінді, бұлар ең таяу туыстық бес ұрпаққа дейін саналатын, неғұрлым ұсақ рулық топтарға (“кампуэнг”) және үй –жайлық қауымдарға (“сабуа паруи” – дәл мағынасында – бір жатырдан шыққан) бөлінді.
Бақылау сұрақтары:
-
Матриархаттың пайда болуы?
-
Патриархаттың қалыптасуы?
-
Қоғамдық қатынастар?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
-
Үлкен патриахалды отбасы.
-
Патриархалды ру мен патрономияның ыдырауы.
Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая
школа 1982 г.
2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
3.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.
4. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский
Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.
-
Токарев С.А. Ранние формы религии и их развитие. М., 1968 г.
-
Столяр А.Д. Происхождение изобразительного исскуства. М., 1968 г.
-
Маркарян Э.С. О генезисе человеческой деятельности и культуры. Ереван.,1973
Сабақ №24 Жария өкіметінің пайда болуы,мемлекеттің орнығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |