Сабақ 1 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы



бет150/167
Дата13.01.2023
өлшемі3.71 Mb.
#468369
түріСабақ
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   167
5 сынып қмж

Тілдік мақсаттар:



Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?
Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?
Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?
Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ашықтық, жауапкершілік, академиялық шындық.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.



АКТ пайдалану дағдылары

интерактив тақта

Алдыңғы білім



Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Қандай бұлшық ет топтары сіздерге белгілі? Спринтерлік және стайерлік жүгіріс кезінде қандай дене сапалары жұмыс жасайды?
Жүру: жай жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып, жай жүру.
Жүгіру: бір қатармен, соңғы оқушы жылан тәріздес алдындағы оқушыларды айналып алдыға өтеді.
ЖДЖ жұпта орындау. 1-2-ге саналып жұпқа бөлу.
АЖЖ жылдамдыққа орындайды.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы
16-40 мин.

(Т Жж) Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Мұғалім әр топқа тапсырмалар береді: күшке, секіргіштікке, жыдамдыққа арналған жаттығулар құрастыру.
Дескрипторлар: саралаудың қолжетімділігі.
Жаттығуларды құрастырып болғаннан соң оқушылар ғаламтордан сол жаттығуларға ұқсас нұсқасын тауып, өз жаттығуларымен салыстырып, басқа топтармен талқылап, біреуін таңдап іс-тәжірибеде көрсетеді. Мұғалім тарапынан басқа топтардың әділ бағалауын қадағалау.
Төзімділікті дамыту. 5 минут бойы оқушылар бір қалыпта жүгіреді. Мұғалім оқушылардың қарқынын қадағалап тұру.
Дескрипторлар: дұрыс қалыпты таңдау және жүгірген кезде дұрыс демалуы.

Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, уақыт өлшегіш және конустар.

Сабақтың аяғы
41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны.
Рефлексия: әр топ белгілі бір пішін құрастырады, ол пішін өз топтарының эмоциалды бейнесі.

Мектеп алаңы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   167




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет