Тілдік мақсаттар:
|
Пәндік лексика және терминдер:
Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар
баскетбол добы,пластиктен жасалған доп, әр түрлі лента, ысқырық
|
Талдау үшін сұрақ:
Сіз мақсатқа жету үшін топтың мінез-құлықтарын қалай өзгертесіз?
|
Құндылықтарды дарыту:
|
Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.
|
Пән аралық байланыс:
|
Өзін-өзі тану пәнімен байланыс(дене және оның қозғалысы). Геометрия пәнімен байланысады
|
Акт қолдану:
|
Таныстырылым көрсету үшін интерактивті тақта қолдану
|
Бастапқы білім:
|
Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.
|
САБАҚ БАРЫСЫ
|
Сабақ кезендері:
|
Сабақтағы іс-әрекеттер:
|
құрал жабдықтар (ресурстар)
|
Сабақтың басы:
5-10 мин
|
Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;
Қауіпсіздік ережесімен танысу.
Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар
Жәй жүгіріс(диагонал бойынша,ортадан,қарсы бағытқа,жылан тәрізді)
-тізені жоғары көтеріп жүгіру;
-аяқты артқа сермеп жүгіру;
-жылдамдыққа жүгіру;
-180º-қа айналу
Жанымызбен жылжу
-кеудеден доп лақтыру қалпын салып оң және сол жақ жанымызбен жылжу.
Жәй жүріс:
-қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;
-қол желкеде немесе жанымызда,өкшемен жүру;
-аяқтың сыртымен жүру;
-аяқтың ішімен жүру.
ЖДЖ
|
Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік.
|
Сабақтың ортасы:
25мин.
|
«Баскетбол ойынында негізгі элементтер» таныстырылымын көрсету
(Б, Т, Тәж, ф)
Доп үшін күрес. Баскетбол алаңында екі топ ойнайды. Мұғалім алаң ортасынан капитандар арасына допты ойынға қосады, олар допты өз жағына қағып алуға тырысады.Ойыншылар допты қағып алғаннан кейін, допты бір-біріне жалғайды, ал қарсылас топ допты қағып алуға тырысады.10рет допты жалғаған топ өз еншісіне ұпай алып келеді.Осыдан кейін ойынды ортадан бастайды. Өз қоржынына көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып саналады.
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:
-Допты жалғауды дұрыс орындау
-Допты тартып алу кезінде ережені бұзбау
ҚБ:
«Жина және жауап бер».
Оқушыларға «жұлып алу», «жалғау», «допты алып жүру», «екі адым», «себетке лақтыру», «допты ұтып алу», «доп үшін күрес»-атты сөздер жазылған парақшалар беріледі.
Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде сөздерді реттілігі бойынша жинайды және неліктен реттілік бойынша тұрғанын түсіндіреді.
(Б, Т,)Жеңілдетілген ережемен баскетбол ойыны.
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:
- Допты жерге соқпай алып жүру баскетбол ойыны,доппен екі адым жасауға рұқсат беріледі.
|
Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар.
|
Сабақтың соңы:
5 мин
|
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия.Оқушыларға сабақтың ұнаған,ұнамағанын әр түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы бағалауды сұраймыз.
Қызыл түс «өте жақсы», сары түс «орташа», ақ түс «нашар».
|
Үлкен бос кеңістік.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |