Сабақ: 1 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 3


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет61/95
Дата17.01.2023
өлшемі3.29 Mb.
#468489
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
3 МУЗЫКА КМЖ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар
саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жалынды ақын - күйшілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.4 -музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату

Сабақ мақсаттары

  • халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларын тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

  • Әндерін салыстырады, сипаттайды;

  • Кері байланыс жүргізеді.

Бағалау к критерийлері

Білу және түсіну: Жыраулардың жырына сүйеніп, осы кезеңдегі Қазақ мемлекетінің кемінде екі саяси ерекшелігіне сипаттама жасайды;
Анализ: Дереккөздеріне қатысты кемінде 2 ашық түрдегі тарихи сұрақ құрастырады;
Сыни ойлау және зерттеу: Деректің маңыздылығын ашатын кемінде екі дәлел келтіреді.

Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика мен терминология :
ауыз әдебиеті\ фольклор
жырау\ жырау
жыршы\ писатель
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Ақындар мен жыраулардың шығармашылығындағы негізгі ой...

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық музыка және халық әндеріне деген құрмет, сыйластықты, мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін дарыту.

Пәнаралық байланыстар

-

АКТ дағдылары

-

Бастапқы білім






Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтыңбасы

5 минут




Музыкалық сәлемдесу.
Оқушыларды екі топқа бөліп қарама-қарсы қоямыз.
«Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдату. Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.
• Естіген музыка қай жанрға жатады? (күйге)
Күй деген не? (музыкалық шығарма)
Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)
• Кімнің күйі деп деп ойлайсыңдар? (Құрманғазы)
• Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?(Дина, Құрманғазы, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей)
• Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)
• Әннен айырмашылығы қандай? (әӘнде мәтіні бар, ал күде - жоқ))





Сабақтың ортасы

30 минут




І топ - Күй деген не? (слайд)
- Күй – көне музыкалық шығарма, өнер туындысы, әуен, саз, ұлттық мұра,
ІІ топ - Күйде не туралы айтылады? (слайд)
- Күйде қазақ халқының тұрмысы, өмір - тіршілігі жайында айтылады.
III топ - Қандай күйшілерді білесіңдер? (слайд)
- Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Ахмет Жұбанов сияқты композиторлар мен күйшілер көп болған (слайдтан фото көрсету).
I топ - Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?
- Олар ауыздан ауызға көшіп, біздің заманымызға жеткен.
II топ - Күйді шығарған кімдер?
- Күйді шығарған күйшілер.
ІІІ. Жаңа сабақ. Атақты күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы мен Дина Нұрпейісова.
Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, сөзсіз қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізе білген. Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Иә, күй – қосыла алмай шерменде боп өткен қос жүректің өкініш пен өксікке толы үздіккен үні, қайғы - қасіретке душар болса, зары мен мұңының, азаттық пен еркіндік (тәуелсіздік, егемендік емес) үшін қан кешіп, жан беріп, жан алысқан арпалысқа толы сәттерінің ең шебер, ең бір сырлы шежірешісі болып келген еді.
Иә, күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.
Күй – махаббат, күй құлдықтың зары мен мұңы, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Күй бірде «Сарыжайлаудың» салқын сабат, жасыл жазирасы болып көсілсе, бірде «Сылқылдақ» болып үкісі бұлғаңдаған бұраңбел бойжеткендей сылаң қағып шыға келеді. Ал небір от ауызды, орақ тілді шешен, ділмарлар, Шыңғыс ханға баласы Жошының өлімін естіртуге тілі жетпегенде «ақсақ құлан шошыған, хан ием - ау, хан ием, түсінбейсің бе осыған» деп естіртіп берген де «Ақсақ құлан» күйі еді ғой.
«Көрнекілік» стратегиясы
Компьютер слайды бойынша суреттер көрсету.

І топ – Күй анасы - Дина
ІІ топ – Күй атасы – Құрманғазы
III топ - Күй атасы Дәулеткерей

Күй анасы - Дина.
Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова 1861 жылы қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесінің аты Кенже болған. Ол Динаны бала кезінен бетінен қақпай еркін өсірген. Динаның музыкаға деген зеректігі өте байқалған. Ол жеті – сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. Дина бұл күйшілерден Дәулеткерейдің күйлерін үйренген. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. 1945 жылы Дина Қазақ КСР - нің Халық артисі атағы берілді. Күйші 1955 жылы 31 қаңтарда 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Күй атасы – Құрманғазы
Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Күйші қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әртүрлі әңгіме тыңдаған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – белгілі күйші Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. Күйші Астрахан облысының Володар ауданындағы Алтынжар ауылында қайтыс болған. Сол жерде ескерткіш орнатылған және мұражайы ашылған.
Күй атасы - Дәулеткерей
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уақытта ол сол елдегі жеке - жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен - сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет