Сабақ: 1 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 3


тапсырма. Ноталармен әуен құрастыру



бет10/95
Дата17.01.2023
өлшемі3.29 Mb.
#468489
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95
3 МУЗЫКА КМЖ

2 тапсырма. Ноталармен әуен құрастыру
1. Өз тобыңыздың түсіне сай нотаңызды нота сызығына орналастырыңыз.
2. Өз нотаңызға суық түсті нотаны қосып әуен құрастырыңыз.
3. Өз нотаңызға жылы түсті нотаны қосып әуен құрастырыңыз.
4. Әуенді металофон аспабында орындаңыз.
Топтар өз жұмыстарын өздері бағалайды.


3 тапсырма. Ақпарат іздеу
Терминдермен жұмыс - «регистр»  музыкалық аспаптар немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі. Регистрдің 3 түрі болады төмен, ортаңғы және жоғары.


4 тапсырма. Әнді үйрену.
«Бояулар мен дыбыстар» сөзін жазған: А.Естенов, әнін жазған: А. Тани
1.Жеті нота – шұғыла
Көз жасытар құбыла.
Қызыл бояу – қимас шақ,
Жалындатар нұрына.

Нәзік бояу көгілдір


Сыршыл әуен төгілдір.
Көк көйлекті көктемдей
Алау атқан көңіл бұл.

Сары бояу – сағыныш


Сәлемімді алып ұш.
Сары күздей сарғая
Достарыммен сағыныс.

Қоңыр бояу – қоңыр үн


Мамыражай өмірім.
Баяу әннен қоңыржай
Жайланады көңілім.

Оқушылар әнді бірнеше рет тыңдайды.


Оқушылар 4 топқа бөлінеді, әр топқа 1 шумақты орындау тапсырмасы беріледі.

1. Шаңқобыз https://www.youtube.com/watch?v=MJRJI1RUZFI


2. https://www.youtube.com/watch?v=qDXehWx1T-w скрипка
3. Балалайка
https://www.youtube.com/watch?v=nNwDtSKFtqg

Сабақтың соңы

5 минут




Рефлексия:
«Менің түрлі түсті көңіл-күйім»
Оқушылар өз көңіл-күйлеріне кемпірқосақтың түстерін ассоциация келтіреді.
Мысалы менің көңілім жасыл түсті, себебі мен жайдарымын.
Немесе менің көңілім қызыл түсті сабақта зауқым болған жоқ т.с.с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет