Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Музыкалық сәлемдесу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім!
/ноталарымен орындау/
1 тапсырма. Талқылау
Суреттерге қараңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер :
Мына суреттерді қалай жұптастыруға болады?
Қарама-қарсылық туралы не білесіңдер?
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбына қандай мысал білесіңдер?
2 тапсырма . Музыка тыңдау және талдау.
П. Чайковский
«Марш деревянных солдатиков»,
«Игра в лошадки»,
«Сладкая греза»,
«Старинная французская песня»
Балалар, қазір түрлі музыкалық шығармаларды тыңдайсыңдар. Сіздердің мақсаттарың, сол музыкаға сай қимылды орындау.
/оқушылар музыкаға сәйкес қимылдарды орындайды/
Неліктен қимылдар әр түрлі болды?
Музыканың қарама-қайшылығы неде болды?
Музыкалық терминдерді қайталау
Келесі терминдерді қайталайық
Форте- Пиано /қатты- ақырын/
Аллегро - Анданте /тез-баяу/
Сопрано - Бас / биік әйел дауысы- төмен ерлер дауысы /
Мажор- Минор /көңілді музыка- мұңды музыка/
Біз тыңдаған музыкалық шығармаларда жоғарыда аталған қай музыка көркемдеуші құралдары кездесті?
Ал бүгін біз музыкалық лад жайлы сөйлесеміз.
Лад – ол дыбыстардың байланысы мен үйлесімділігі, лад музыканың сипатын білдіреді.
Мажор және минор екі қарама-қайшы лад.
- Қалай ойлайсыздар, П.Чайковскийдің қай шығармасы мажорлық, ал қай шығармасы минорлық?
П. Чайковский
«Марш деревянных солдатиков»,
«Игра в лошадки»,
«Сладкая греза»,
«Старинная французская песня»
|