Жігіт:
Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
Қыз:
Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Жігіт:
Түрлендіріп қамшы өрсем
Қыздарың таң қалады
Күмбірлетіп күй шертсем
Мұнда думан болады
Қыз:
Мақтандың ғой жігітім
Өнеріңді көрейік
Көрсет сәнді қамшыңды
Біздер баға берейік
Жігіт:
Түрлендіріп қамшы өрсем
Қыздарың таң қалады
Күмбірлетіп күй шертсем
Мұнда думан болады
Тойға барам деген соң
Домбыра ұстап жетіп ем
Шашақталған қамшымды
Үйге тастап кетіп ем
Қыз:
Қалып қойса қамшыңыз
Тағы тойға келерсіз
Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз
Қыз:
Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан
Сөз өнерін шөлдегенде
Рахаттана бір жұтқан
2 тапсырма. Музыка шығару мен орындау.
Айтысты шығарып, жұппен орындаңдар
Айтыстың тақырыбын ойлаңдар, ол не туралы болады?
Сөздерді кезекпен орындайтындай етіп, шығарыңдар
Айтыс мәдениетті түрде болуын есте сақтаңдар, бір – біріңді ренжітпеу керексіңдер
Шулы және музыкалық аспаптарды қолданып, айтысты жұппен орындаңдар.
3 тапсырма. Презентация және бағалау.
Өздеріңнің және басқалардың жұмысын бағалаңдар
- Айтыс қалай орындалды?
- Бұл жұптың орындауында не ұнады?
- Айтысты құрастыруда не қиын болды?
Рефлексия:
Маған …. ұнады
Мен …. түсінбедім
Мен үйде…..туралы айтамын
Маған ….қиын болды
Мен ….білдім
|
Айнұр Тұрсынбаева & Балғынбек Имашев Сөздің пірі - Сүйінбай, Айтыс 2015
https://www.youtube.com/watch?v=Pjkc60btic0
Презентация
Оқулық
http://bilim-all.kz/jospar/1447-Aitys-Qyz-ben-zhigit-aitysy айтыс сөздері
Презентация
Қағаздар, қалам.
Музыкалық аспаптар
|
Тексерді
Достарыңызбен бөлісу: |